Алматыда көлік ұрламақ болғандардың сәтсіз әрекеті видеоға түсіп қалды

Алматыда көлік ұрламақ болғандардың сәтсіз әрекеті видеоға түсіп қалды

Алматыда Toyota Camry XV55 көлігін ұрламақ болғандардың сәтсіз әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 4 ақпанда таңертең Ақкент шағын ауданындағы көпқабатты үйдің жерасты тұрағында болған. Белгісіз біреулер тұрғындардың бірінің көлігін ұрламақ болған. Олардың бұл әрекеті Tengrinews.kz оқырманы ұсынған видеоға түсіп қалған.

 

Кадрларда ер адамның таңғы 6-лар шамасында жерасты автотұрағына кіріп, Toyota Camry көлігін айналып өтіп бара жатқанын көруге болады. Осы кезде оның сыбайласы тұрақ есігін ашқанын айтады. Содан кейін ұры Toyota Camry-ге жақындап, оған мініп, көлікті оталдырып, тұрақтан шықпақ болады. Тұрақтан шыға берісте көлік тоқтап қалды.

 

Видеода сөйлеп тұрған адам көлік иесі сол кезде көлік дабылының басқару пультіндегі түймені басқанын, содан кейін көліктегі ұрлыққа қарсы жүйе іске қосылғанын және оның бұғатталғанын айтады.

 

Көлік ұрылары біраз уақыт көлікті жүргізуге тырысады. Алайда олардың бұл әрекеті нәтиже бермей, қылмыскерлер асығыс қашып құтылады.

 

 

Қалалық полиция департаменті бұл деректің орын алғанын растап, күдіктілер іздестіріліп жатқанын айтты.

 

"4 ақпанда "Ақкент" ықшамауданындағы үйлердің бірінде көлік ұрлау әрекеті орын алды. Тергеу амалдарын Алатау ауданының полиция бөлімі жүргізіп жатыр. Бұл қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста