Алматыда ер адам полицей қызды ұрып-соққан (видео)
Әлеуметтік желілерде полицей қызды ұрып-соққан ер адамның видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға мектеп ауласында болған. Роликте қолында шынжыры бар ер адам бір жас жігітті ұстап тұрады. Оған полиция формасындағы әйел адам араша болуға тырысқан.
Осы кезде ол "Исаның атымен тізерлеп тұр!" деп айғайлап, басымен және кейін аяқ-қолымен ауыр соққылар жасайды. Видеода көрінген басқа ер адамдар бұл әрекетті тоқтатуға асықпайды.
ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев оқиғаның Алматыдағы Алатау ауданында орналасқан мектептердің бірінде болғанын айтты.
"Қазіргі уақытта А.Г.Кимге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Ол арнайы типтегі психиатрлық стационарда ем алған. Қазіргі уақытта инспектордың денсаулығына қауіп жоқ", - деді Сәдубаев.