Алматыда ер адам дезинфекция жасаймын деп үйді үптеп кетіп отырған

Алматыда ер адам дезинфекция жасаймын деп үйді үптеп кетіп отырған

Алматыда үйді жәндіктерден тазалаймын деген желеумен ұрлық жасап жүрген күдікті құрықталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Үй жәндіктерін улап, пәтер тонап жүрген ұры қолға түсті. 32 жастағы күдіктінің аз дегенде бес пәтер ұрлығына қатысы болуы мүмкін.

 

– Күдікті тұрғындардың үйлеріне жәндіктерді улау қызметімен айналысатынын желеу етіп кірген. Үй ішін арнайы дәрілермен залалсыздандыру барысында үй иесінің шығып кетуін сұраған. Ал бұл уақытта қаскөй алтын, күміс бұйымдарды іздеп тауып, қолды етіп үлгерген. Біз оны дереу анықтап, қолға түсірдік. Ол өз кінәсін толық мойындап отыр. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп мәлімдеді Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Тимур Мулинов.

 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста