Алматы полициясы қалта ұрысын қолға түсірді

Алматы полициясы қалта ұрысын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Белгілі болғандай, егде жастағы ер адам қалалық қоғамдық көлікте жолаушылардың назарын аудармаған. Бұл оған азаматтардың қалтасынан әмияндар мен телефондарды ептілікпен шығарып алуға көмектесті.

 

– Алматы облысының тумасы қаланың Алмалы ауданында “жұмыс істеген”. Ұрлық Төле би даңғылымен жүретін қоғамдық көліктердің бағыттарында жасалған. Ол соңғы ұрлығын Төле би даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында 201-ші қоғамдық көлікте жасады. Ер адам жолаушының қалтасынан IPhone телефонын ұрлап кеткен. Қаскөй ұсталғаннан кейін мобильді құрылғы тәркіленді.

 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың алты қалта ұрлығына қатыстылығы дәлелденді. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері қаскөйдің қала аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста