Алматы облысы ҰҚК департаментінің экс-басшысы сотталды
Қаңтар оқиғасына қатысы бар тағы бір лауазымды тұлға қамалды. Бұл жолы Алматы облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бұрынғы басшысы қызметін асыра пайдаланғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.
Сот мәліметінше, Сәбит Құрманәлиев 5 қаңтарда өзінің жеке құрамына департамент ғимаратын қорғамауға бұйрық берген. Тіпті қызметтік және құпия құжаттарды жойып, барлық қызметкерге үйіне қайтуды талап етіпті.
Осылайша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментін басып алынуына жағдай жасаған, Енді осы әрекеті үшін Құрманәлиев алты жылға сотталып, генерал-майор шені мен марапаттарынан айыру көзделген.
Нұрсұлтан Орынбасаров, Жетісу облысы сотының ресми өкілі:
- Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК 362-бап, 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 10 жыл мерзімге құқық қорғау органдарында белгілі бір лауазым атқару құқығынан айыра отырып алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР Президентіне сотталушыға қатысты қатысты ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағынан және мемлекеттік марапаттары мен ордендерден айыру туралы ұсыныс енгізілді.