Айсұлтан Назарбаевтың бұрынғы әйелі әкесінің сотына келді

Айсұлтан Назарбаевтың бұрынғы әйелі әкесінің сотына келді

Айсұлтан Назарбаевтың бұрынғы әйелі, кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың қызы әкесінің сотына келді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Боранбаев қызымен бір ай кездеспегенін айтып, жеке қалуды өтінді. Судья айыпталушының өтінішін орындады. 

 

 

Айта кетейік, сот Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасында өттті.

 

Апелляциялық алқа Боранбаевтың және істің басқа екі қатысушысының: Роман Наханов пен Тайыр Жанұзақтың ісін қайта қарады. 

 

Фото: Massaget.kz

 

Іс ашық сот отырысында қаралады. Сотталушылар мен олардың қорғаушылары сот құрамына сенетіндерін айтты. Қатысушылардың туыстарында ешқандай қарсылық болған жоқ. Боранбаевты қорғау тарапы және оның өзі қылмыстық қудалау органдарымен ынтымақтастық туралы өтініш жасайды.

 

Еске салайық, 31 наурызда кәсіпкер Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталған болатын. Қаржы мониторингі агенттігі мәліметінше, "АзияГазЧунджа" ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Наханов және Qazaq Gaz АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзаққа сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 миллиард теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру деректері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Ұлттық компанияға келтірілген залал Qazaq Gaz АҚ шоттарына аудару арқылы толық көлемде өтелді. 

 

Ал 2 шілдеде Қайрат Боранбаевқа қатысты үкім күші жойылды. Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы кәсіпкер Қайрат Боранбаев пен оның ісі бойынша басқа да айыпталушылар Роман Наханов пен Тайыр Жанұзаққа газ бағасы туралы құжаттың түпнұсқасы болмағандықтан үкім күшін жойды.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста