"Аяусыз ұрып-соққан": 14 жастағы оқушы ауруханада көз жұмды

"Аяусыз ұрып-соққан": 14 жастағы оқушы ауруханада көз жұмды

Алматы облысында аудандық ауруханалардың бірінде 14 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Баланың ата-анасы ұлын бір күн бұрын белгісіз адамдар аяусыз ұрып-соқты деп полицияға шағымданған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 наурызда жергілікті тұрғын Еңбекшіқазақ ауданының полициясына кәмелетке толмаған ұлына дене жарақатын салған белгісіз адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шағым түсірген.

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша өтініштің келіп түскенін растады. Дәрігерлердің барынша көмегіне қарамастан соққыға жығылған оқушы келесі күні қайтыс болды.

Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып, қажетті тергеу жүріп жатыр. Баланың денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері жоқ. Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жасалады, - деп хабарлады Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі.


Ведомство сонымен қатар сараптамалық зерттеу аяқталғаннан кейін түпкілікті іс жүргізілетінін айтты. Басқа ақпарат жария етілмейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста