Абай облысында енесі мен келіні қаржы пирамидасын ұйымдастырған

  • 22
Абай облысында енесі мен келіні қаржы пирамидасын ұйымдастырған

Абай облысында келіні мен енесі пирамидалық схема жасағаны үшін сотталып, жазаларын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтеуге жіберілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.

Енесі 2020 жылы қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару бойынша қылмыстық іс-қимыл жоспарын әзірлеп, оған келінін тартқан. Тағайындалған рөлге сәйкес ол салымшыларды тартуға, олардың тізімін қалыптастыруға, сақтауға міндетті болған. Жиналған қаражаттың және оларды қайта бөлудің есебін жүргізген.

 

Екеуі WhatsApp және Telegram мобильді мессенджерлерінде чат құрып, онда инвесторларды тарту үшін маркетинг түрінде ақпаратты орналастырған. Депозиттер сомасын және қолма-қол ақшалай төлемдер сомасын анықтау үшін «жәшіктер» құру арқылы ұйымдастырады.

 

Олар 2020 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында өз мақсаттарына жету үшін жәбірленушілерден өздері құрған және басқаратын қаржы пирамидасына жалпы сомасы 300 миллионға жуық теңге, яғни аса ірі көлемде қаражат тартқан.

 

Сот екеуін кінәлі деп танып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабында көзделген және әрқайсысын азаматтардың қаражаты мен инвестицияларды тарту жөніндегі қызметпен айналысу құқығынан 5 (бес) жыл мерзімге айыра отырып, 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттады. Қазір олар қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі ең төменгі мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 192
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 238
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста