7 жастағы оқушыны өлгенше сабаған жаттықтырушыға қылмыстық іс қозғалды
Әзербайжанның Сумгаит қаласында дзюдо және самбо жаттықтырушысы, Еуроойындардың қола жүлдегері Мехман Халилов жеті жасар спортшыны өлгенше сабап тастаған. Оқиға басқа балалардың көзінше болған, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
Қаладағы танымал спортшы балаға қарсы қауіпті әдісті қолданған. Салдарынан жеті жастағы баланың мойыны сынған. Бала ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер қолынан келгенін жасағанымен баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.
Жантүршігерлік жайт спорт мектебіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеода жаттықтырушы баланы теуіп, шашынан тартып келе жатқанын көруге болады.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу