7 жасар өгей қызын ұрып өлтірген әйел белгілі қоғам белсендісі болып шықты

7 жасар өгей қызын ұрып өлтірген әйел белгілі қоғам белсендісі болып шықты

Әлеуметтік желілерде Алматыда 7 жасар қызды өлтірді деген күдікті әйел белгілі қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбек екендігі туралы ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұдан бұрын 10 шілдеде Алматыда жеті жасар қыздың аса қатыгездікпен өлтірілгені хабарланған болатын. Оны өгей шешесі дәретханаға барып үлгермей, жуынатын бөлмені ластағаны өлтірген.

 

Бүгін сол өгей ананың есімі белгілі болды. “НеМолчиKz” қоры басшысының айтуынша, ол – Балжан Тұрлыбек.

 

Қайтыс болған қыздың әкесі қарапайым аула сыпырушы болып жұмыс істейді, әйелінен бірнеше жас кіші екені мәлім болды.

 

"Жуынатын бөлмеде ұрып-соғып, өлімші етіп сабаған. Қыздың аяғы мен қолының сүйектері сынған, басы жарылған, денесінің бәрі көгерген, азаппен көз жұмған. Көршілер баланың көмек сұрап жылайтынын айтып,  бірнеше рет полицияға жүгінген, соңғы рет мамыр айында тәртіп сақшылары шақырылды, бірақ Бостандық ауданының учаскелік полиция қызметкері ештеңе істемеген. Қызды құтқаруға болар еді", - деп жазды Дина Таңсәрі.

 

“НеМолчиKz” қоры басшысының дерегінше, қыздың анасы небәрі жеті айлық кезінде кетіп қалған, бүлдіршінді әжесі тәрбиелеген.

 

Алматы қалалық полиция департаменті Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігімен тергеліп жатқанын хабарлады.

 

«Күдікті – 1976 жылы туған Т. есімді азаматша ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің даспасөз қызметі.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста