5 жасар қыздың өлімі: Мәйітті тапқан ауыл тұрғыны оқиғаның мән-жайын айтты

5 жасар қыздың өлімі: Мәйітті тапқан ауыл тұрғыны оқиғаның мән-жайын айтты

Түркістан облысында 5 жасар қыздың өліміне қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиғаның ақ-қарасын мұқият тексеруді тапсырды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Өйткені, ұсталған күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін 10 жылға сотталып шыққан екен. Онымен қоса биыл да адам денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығынан шектеліпті. Айта кетейік, күні кеше Сарығаш ауданында қаршадай қыздың азапталған мәйіті ауылдасының үйінен табылған болатын. Қыршын кеткен сәбидің туыстары сыбайластары барын айтып отыр.

 

Жібек жолы ауылы 2 күннен бері азан-қазан. Тәртіп сақшылар айналаны тоқтаусыз торуылдап жүр. Кішкентай Еркежан кеше түскі бірлер шамасында көшеде ойнап жүрген жерінен жоқ болыпты. Ата-анасымен қоса, дүйім ауыл төңіректі түгел шолып, жеткіншектің мәйітін дәл осы ескі үйдің шатырынан тапқан.

 

ЕРЖАН АХМЕТОВ, Жібек жолы ауылының тұрғыны:

 

- 56 бала болып, іздеп жаттық. Ішке кірдік осы үйге. Кірсек, киімі шықты қыздың. Сөйтіп, бүкіл жақты іздеп жатыредік мен крышаға шықтым жолдас баламен. Шипрды басып қалған едім, қыз жатыр екен. Ештеңе оралмаған. Үстіне шипр жауып қойған. Жатыр, болды.

 

Қаршадай қыздың жақындары Еркежан жоқ болғанда, көршісінен бірден күдіктенген. Өйткені, ауылдасы осыған дейін сотты болыпты. Сондай-ақ, оның жеткіншекті жалғыз өзі өлтіргеніне сенбейді. Себебі, оның 2-3 күннен бері достарымен бірге ішімдік сілтеп отырғанын көршілер көрген дейді.

 

ЕРҒАЛИ ЕРЕЖЕПОВ, Еркежанның ағасы:

 

- Бір өзі істей алмайды ғой. Мас болған. Үйдің таңбасына шығарып тастаған. Ол бір адамның ісі емес қой. Ақылдасқан нәрсе. Ана жерге апарып, көміп қойса білініп қалуы мүмкін деген жорамал ғой. Кешке қарай ағызып жібереміз, құртамыз деген мақсатпен істеген шығар. Көрдік сәбиді. Бет ауызын ұрған. Шыңғырған кезде айқайлама деп ұрған болуы керек. Пышақтап тастаған. Қалай ғана жас сәбиге соншалықты дәрежеге барғанына миым жетпейді.

 

Алайда, полицейлер қазір 1 ғана күдіктінің құрықталғанын жеткізді. Кінәсін толық мойындапты. Қазір оған қатысты жас баланы өлтіру бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Енді қаскөй кемі 20 жыл немесе өмір бойына темір торға тоғытылуы мүмкін.

 

Бұған дейін қыздың зорланғаны туралы әлеуметтік желіде айтылған еді. Алайда, қорланды ма, жоқ па? Әзірге белгісіз. Сараптаманың қорытындысы шыққанда айқын болады.

 

ЕСЕНҒАЛИ БЕЙСЕБАЕВ, Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің бастығы:

 

- Кәмілетке толмаған қызды өлтіру фактісі бойынша қазіргі таңда күдікті ұсталып, ҚР 99 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. 14:49 Күдікті мас күйінде болған. Сараптама алынды. Күдікті ретінде жалғыз өзі қамауда отыр.

 

Қайғылы оқиғиға қатысты президент те бәй-жәй қалмады. Істі мұқият тексеруді Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне тапсырыпты. Күдікті биыл адам денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығынан шектелген еді. Қасым-Жомарт Тоқаев шығарылған сот үкімінің заңдылығын тексеру керек деп санайды. Сондай-ақ, ол адамға қатысты аса қауіпті қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту маңызды деп отыр.

 

Шынашақтай қызынан айрылған отбасы тергеудің әділ жүріп, қаскөйдің ең қатаң жазаға тартылуын сұрайды.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста