35 жерден пышақ ұрған: Бірінші сот "аса қатыгездік" деп таппаған

35 жерден пышақ ұрған: Бірінші сот "аса қатыгездік" деп таппаған

Ақтөбеде облыстық әкімдік қызметкерін 35 жерден пышақтап өлтірген қаскөйдің жазасы тағы да ауырлады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін ол 11 жылға сотталған болатын. Алайда істі қайта қараған апелляциялық алқа бұрынғы жазаға тағы төрт жыл қосып, сотталушыны 15 жылға бас бостандығынан айырды.

 

- Осы кесіп тесілген дене жарақаттары қосарлана денсаулыққа ауыр зиян келтірген. Ішке және сыртқа қан көп кетумімен асқынған. Сол себепті өміріне қауіп төнген және өлімге алып келген.

 

Марқұмның туыстары кесілген жазамен әу баста-ақ келіспеген еді. Өйткені бірінші сот қылмыстық істегі аса қатыгездікпен деген бапты алып тастап, тек адам өлтіргені үшін соттапты.

 

Бірақ қаскөйдің марқұмды пышақтаған соң, ес түссіз қансырап жатқанда қосымша бауыздағаны анықталды. Көзіне қан құйылған күдікті өлі денені жүксалғышқа тығып, екі күн жүргені де жан түршіктіреді.

 

Сараптама оның психикалық ауытқудан ада екенін де растаған.

 

Естіріңізге салсақ, бұл қанды қылмыс осыдан 4 ай бұрын болды. Қылмыскер мен жалғызбасты ана ғаламторда танысқан.

 

Жігіт өзін бойдақ және әйелден 6 жас үлкен екенін айтады. Алайда ақырғы кездесуінде марқұм көңілдесінің отбасылы екенін ұялы телефонындағы суреттерден біліп қалған.

 

Содан туған жанжалдың арты екі баланы анасыз қалдырды.

 

Облыстық әкімдікте жұмыс істейтін әйелдің көңілдесі көлігінің суырмасында жатқан пышақты алып, 35 жерінен сұққылаған.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста