Жүйедегі жаңашылдықтар сот саласына серпін берді

Сот саласы қарқынды дамып келеді.

Заң ғылымдарының докторы, профессор Арықбай Ағыбаев:"Сот жүйесі сандық технология арқасында айтарлықтай серпіліп, дамыған елдердің сот жүйесіне жақындай түсті. Ең бастысы жемқорлық деректерінің азаюына ықпал етіп отырған сандық қызметтерді көбірек енгізуге бүгінгі күні қоғам мүдделі болып отыр. Сот десе халық парақор жүйені, тамыр таныстықпен мәселесін шешетін адамдарды, күштінің ығына жығыла кететін құқықтық органды еске түсірмеу керек. Менің ойымша сандық технология сот жүйесі бағытына айтылатын осындай күмәндардан арылтып, соттың мәртебесін арттыруға ықпал етті. Сол күмән мен күдіктер сотқа келетін арыз шағымдардың да қатарын арттырған болатын. Алдағы уақытта осы өзгерістердің барлығы еліміздің сот жүйесін кіршіксіз етеді деген ойдамын. Жалпы сандық жүйенің арқасында соттардың заманауи түрлері мен озық цифрлық технологияларды енгізу, артық уақыт пен қаржы шығындарына алып келетін сот процедураларын қысқарту мәселесі өз шешімін табуда. Бірқатар жобалар іске асырылу арқылы электрондық сот төрелігінің базалық компоненттері құрылды." дейді. 

Сандық технологияның арқасында қол жеткізген тағы бір жетістік бүгінгі күнгі сот залдарында орнатылған бейнебайланыс жүйесі арқылы сот төрелігін қашықтан жүргізе алуымыз болып отыр. Қазір таңда көптеген сот отырыстарын қашықтан өткізу арқылы тараптарды алыстан тыңдау, куәгерлерден жауап алу мүмкін болып отыр. Бұрын мұндай жағдайда куәгердің немесе тараптардың бірінің сотқа келуі, алыс аймақта болса сот өткізілуі көп қиындықтар туындататын. Қазір сотқа шақыртуды смс арқылы жіберіп, сот процесі кезінде алыстан онлайн қатыса алуы сандық технологияның тағы бір артықшылығы дей аламыз. 

Бұл ретте сотқа күні түскен азаматтардан пікір де алып көрген едік. Асхат Оралов Алматы қаласының тұрғыны бір жыл бұрын көшеде әлдебір көлік жүргізушісі көлігін сырып қашып кеткен. "Кешірім сұраудың орнына көшеде басынып, тіпті әділдігін айтсын деп жол полициясын шақырсам оны да күтпестен кетіп қалуы қатты намысымды таптады. Алғашында абдырап қалдым. Дегенмен кетіп бара жатқан көлікті суретке түсіріп үлгердім. Кейін жол-көлік оқиғасы болған жерге жол сақшылары келіп акт толтырған соң, заңға сай әрекет етуге көштім. Құқық қорғау орындарына барып арыз қалдырдым. Үйден шықпай-ақ сотқа өткен істің қаралу барысын бақылап отырдым. Кейін іс қозғалып құқығымды толық қорғап берді. Тағы да үйден шықпай онлайн сот отырысына қатыстым. Біріншіден менің көлігімді сырғаны үшін, екіншіден жол сақшыларын күтпестен кетіп қалғаны үшін екі іс бойынша кінәлі деп тауып, шешім шығарды. Баста сандалып бостан босқа уақыт құртармын деп ойласам да бәрінің онлайн жүзеге асуы қуантты. Маған өте ыңғайлы болды. Үйден шықпай ақ сот отырысы өтіп, барлық мәселе менің пайдама шешілгеніне, көшедегі басбұзардың жазаланғанына риза болдым. Егер мен сонша сандалатын болсам қолды сілтеп қоя салушы едім. Ал өз ісіне дандайсығандар одан әрі құтыра беруші еді. Менің жағдайымда әлгі тентектің сабақ алғанына сенімдімін. Еліміздің сот отырыстарының онлайн жүзеге асуы, халыққа ыңғайлылығы қуантты. Осындай тиімді жүйеге қарай бейімделгені дұрыс деп ойлаймын. Жалпы мұндай жағдайда адамдар өз құқығын қорғап қалуға ынталы болады. Демек елімізде заңбұзушылықтар да азаяды" дейді.

Онлайн жүйеде өз құқығын қорғап үлгергендер осылай дейді. Қазіргі таңда  еліміздің соттары басқа өңірдегі адамнан қашықтан куә ретінде жауап алу мүмкіндігін ұтымды пайдаланып жатыр. Сотта куәлік беруі тиіс адам, кез келген өзі жүрген қаладан жергілікті сотқа келіп, сол жерде бейнебайланыс арқылы тиісті сотпен байланысқа шықса болғаны сол жердегі сот қызметкерлері қажетті жағдайды жасап береді. Бұрын арнайылап сотқа жүріп, уақытын да қаражатын да жұмсайтын. Ал қазір осы әдіс заңды болып табылады және сот тарапынан толық көлемде ескеріледі.

Әузеов аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Айгүл Әлпиқызы «Виртуалды сот» жобасы аясында сот процесіне қатысушылар ұялы телефондары немесе смартфон, гаджет, планшеттері арқылы сот процестеріне виртуалды түрде қатыса алады. Соттарға қолжетімділікті қамтамасыз етуде «Сот кабинеті» сервисін дара айтып кеткен жөн. Халық та онлайн қызметке үйреніп келе жатқанын анық сезініп отырмыз. Жыл өткен сайын онлайн қызметке жүгінетіндер санының артқанын статистикадан байқап отырмыз. Қазір халық электрондық цифрлық қолтаңбасымен сотқа талап арыздар, өтініштер мен шағымдарын электронды түрде жолдап, өз ісінің статусын онлайн арқылы бақылап отыра алуда. «Сот актілерінің банкі» атты кеңейтілген сервис арқылы заңды күшіне енген сот шешімдері мен үкімдерін іздеуге болады. Онлайн өз ісін бақылап отыратындар осы қызметке жүгінеді" дейді.

Мақаланы жазу барысында сотқа күні түскен азаматтардың да, заң қылымының докторы, сарапшының да, тіпті сот қызметін үйлестіруші соттағы кеңсе меңгерушісінің де сөздерін бере отырып, жалпы онлайн қызметтің игілігін қоғамымыз сезініп отырғанына көзіміз жетті. Жыл өткен сайын сот жүйесіндегі онлайн қызмет түрлері жетілдіріліп, толықтырылып келеді. Демек сот қызметі де күшейе бермек! 

Жалпы сот саласындағы онлайн жүйе азаматтардың құқықтық мәдениетін нығайтуға жәрдемдесуде. Ең қуаныштысы да осы болып отыр. 

Еркенұр Қонысбай

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста