Тағы бір ескере кететін жайт, заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге жол беріледі. Заңмен жоғары тұратын органға немесе лауазымды тұлғаның атына шағым келтіруге әрекет жасау немесе әрекетсіздік туралы белгілі болған күннен бастап үш ай мерзім, ал сотқа талап қою келтіруге бір ай мерзім берілген. Көрсетілген мерзімдерді өткізіп алу шағымды қарайтын органмен немесе сотпен шағымды қабылдаудан бас тартуға негіз болмайды. Дәлелді себептер анықталған жағдайда әкімшілік орган және сот өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруге құқылы. Мұның барлығы еліміздегі адам құқығының өз деңгейінде қорғалуы үшін, тараптардың реніші қалыптаспасы үшін жасалып отырған мүмкіндіктер. Заң аясында қамтамасыз етіліп, отырған халықтың құқықтық мүмкіндігі.
Атап өтер жайт осыған дейін соттардың сот отырысы кезінде шектен тыс бейтараптығы, тараптардың наразылығын туғызатын. Соттар қанша жерден сот ісіне араласқысы келгенмен, бір тараптың есесі кетіп бара жатқанын көре тұра араласуға мүмкіндігі болмайтын. Өйткені сот отырысының талабы оған мүмкіндік бермейтін. Ал ендігі жерде соттардың белсенділігі соттарымыздың әділдігін арттырып қана қоймай, халықтың сотқа деген сенімін қалыптастыруға да мұрындық болмақ. Яғни, жаңа заң мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың әрекетіне дау айтуды осыған дейін реттеген Азаматтық іс жүргізу кодексінің талаптарынан өзгешеленіп, мемлекеттік мекемелердің жауапкершілігін күшейтуде. Бүгінгі күні осындай істерді халықтың ризашылығын да байқап жатырмыз. Демек еліміздің сот жүйесі дұрыс бағытта дамып жатыр деп айта аламыз. Бұл өзгерістер бүгінде заң талабының қатаң сақталуына, сондай-ақ, халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастыруға оң әсерін тигізуде. Қазіргі таңда Еуропаның дамыған елдерінің құқықтық тәжірибесінен алынған бұл өзгеріс жалпы қоғамның көңілінен шығып отыр. Сондықтан сот жүйесіне енгізілген бұл институт мемлекеттік басқару мен сот төрелігінің ашықтығын, сапасын одан әрі арттырып, халықтың сотқа деген сенімінің жоғары деңгейіне жеткізуге ықпал етері анық!
Ерзия Ерсұңқар