Азаматтарының құқықтары мен бостандықтарына заңмен кепілдік берілуі, сотының тәуелсіз және әділ болуы тәуелсіз мемлекеттің басты белгілері. Халқымыздың біртуар ұлы Әлихан Бөкейханның «Би түзу, билік әділ болсын» деген сөзі осы заңдылықты одан әрі айшықтап тұр. Баба өсиетінің үдесінен шығу жолында тәуелсіз еліміздің сот жүйесінде жаңа бастамалар үздіксіз қолға алынуда.
Жақында Жоғарғы Сотта «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасы өмірге еніп, онда дамудың жеті басым бағдарламасы шоғырландырылды. Солардың бастысы – мінсіз судья. Халық сенімі мен құрметіне ие болуда сала судья жұмысына тікелей тәуелді. Яғни, сот жүйесінің беделі судьялардың әділ төрелігімен өлшенеді. Мұны ескерсек, тәуелсіз сот төрелігінің халықаралық стандарттары негізінде қазақстандық қоғамның сұранысына сай, жоғары кәсіби сот корпусын қалыптастыру қашан да өзекті. Бұл тұрғыда Ұлт жоспарының 17 19 қадамдарын, яғни, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу механизмін, Сот төрелігі академиясы, судьялардың есептілігі мен жауапкершілігі институтын одан әрі жетілдіру шаралары жанжақты саралануда. Ал, әділ процесс аясында соттың әділдігі мен объективтілігіне қоғамның қанағаттанбау себебін анықтау, сол арқылы халықтың сот төрелігін нақты бағалау механизмін дайындау жоспарланған. Мысалы, істерді уақытылы қарау, сот процесі қатысушыларының шынайы тең құқықтарын қамтамасыз ету, т.б. оң шаралар арқылы бірізді әділ сот тәжірибесін қалыптастыру көзделуде. Үшінші басымдық үлгілі сот деп аталды. Оның басты мақсаты 2020 жылға дейін сот төрелігі жүйесі не халық сенімін арттырып, соттарды басқарудың тиімді жүйесін құру. Бұлар жұмысты оңтайлы ұйымдастыру, сервистер сапасы, сот персоналы, материалдық техникалық қамсыздандыру, жүктеме, ресурстарды тиімді пайдаланумен тығыз байланысты. Қазіргі таңда еліміздің сот жүйесін де заманауи ақпараттық технологиялар белсенді қолданылып жатқанымен, әлі жоғары деңгейде емес.
Е-СОТ шеңберінде халық пен сот қызметкерлерінің ІТқызметтерін жүз пайыз пайдалануына жағдай туғызылмақ. Ол үшін ІТ саласында жаңа трендтер, қарапайым және қолайлы электрондық сервистер жасалады. Нәтижесінде судьялар жұмысы жеңілдеп, сотқа жүгінушілер әуресарсаңы азаймақ. «Оңтайлы орта» бағдарламасы қоғам мен соттар арасында тиімді қарымқатынасты орнатуға арналған. Сот актілерінің түсінікті жазылуы мен олардың орындалуы өзектілігін жоймайтын мәселе. Және осы мәселелерде сапалы нәтижеге жету қоғамның сотқа деген көзқарасын түбегейлі өзгертудің бір парасы. Сондықтан, қабылданған сот шешімінің уәждері түсінікті және анық болуы тиіс. Оған жету жолында аталған бағдарлама шеңберінде атқарылар шаралар оң нәтиже береріне сенім мол. Жобаның соңғы түйінін сотсыз та туласу орталығы тарқатады. Медиация туралы заңның қабылданғанына бірнеше жыл болғанымен, қарқынды нәтиже байқалмауда. Оның басты себебі, медиаторлар мен адвокаттардың дауларды сотсыз шешуге біріге әрекет етпеуінде. Сонымен бірге, азаматтардың даулы мәселелерін шешуге арналған қызмет көрсететін орталықтардың жоқтығы да кедергі. Осыларды ескерген Жоғарғы Сот төрағасы айтып отырған мәселені түбегейлі шешуді қолға алды. Қазіргі күні «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасымен ел соттарының ғимараттарында арнайы татуласу орталықтары ашылуда. Онда азаматтарға медиаторлар, адвокаттар, нотариустар, психологтар, сот орындаушылар біріге көмек көрсетеді. Мұның бәрі ел азаматтарының игілігі үшін жүзеге асуда. Сотқа жүгінушілер құқығын қорғауда судьямен қатар, әрбір сот маманы да өз міндетін мүлтіксіз орындауы тиіс. Басына іс түсіп келген адамдармен сөйлесудің өзі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені, судья мен маманның әрбір ісәрекеті сотқа келушінің көңілкүйімен қоса, сот әділдігіне деген сеніміне де әсер етеді. Осыны естен шығармауымыз керек. Жоғарғы Сот төрағасының «Фойені, отырыс залын, тіпті жиһаздың қалай тұрғанына дейін байқап көріңіз. Осының бәріне қарапайым адамдардың, күнделікті келушілердің көзімен қарай біліңіз. Жазған сот актіңіз шағымға берген жауабыңыз сауатты, сөйлесу мәдениетіңіз жоғары болса, онда Сіз халықтың құрметіне ие бола аласыз» деуі бекер емес. Сот төрелігіне сенімді арт тыруда болмашы нәрсе болмайды. Сот төрелігінің әділдігі мен жауапкершілігін, тәуелсіздігін, сот шешімдерінің жоғары сапасын, судьялардың біліктілігін мінсіз жағдайға жеткізгенде ғана біз құқық үстемдігін қамтамасыз ете аламыз. Баян ЖҮСІПБЕКОВА,
Алматы қалалық мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының
судьясы