Сот саласындағы гендерлік саясат

Қазақстанда гендер саясатының белсенді дамуы, ҚР егемендік алғаннан кейін басталды деп есептеуге болады. Егер гендер саясатының шығу тегін салыстырып зерттесек, ол Қазақстанда 90-шы жылдарын  бастау алып, қазіргі күнге дейін жалғасын тауып отыр. Бұның жағымды жетістіктерінің болғанын сенімді түрде атап көрсетеуге болады.

Гендерлік саясаттың маңызы - қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдік, əйелдерге қатысты барлық түрлі дискриминацияны жою, оларды саяси əлеуметтендіру. Əлеуметтік дискриминация қоғамның барлық саласында кездеседі. Əсіресе, қоғамның саяси өмірінде ерекше айқын көрініс табады.  Екі жыныстылар ішінде қайсысы аз қорғалады деген сұрақ туса, оған тек бір ғана жауап бар: ол- əйел адамдар. Оған келесі фактіні айтуға болады,: яғни əйелдерді қорғау үшін дүниежүзінде көптеген ұйымдар құрылған жəне құрылуда. Олар өз мақсаттарына жету үшін өте белсенді жұмыс жасап жатыр. Ал ер адамдарға келсек, олар саясат жəне барлық қоғам өмірінде əрқашанда биік орын алады. Бұның себебін мақала барысында əрі қарай жалғастырып көрсетеміз.

Мақаладағы негізгі мəселе төмендегі мақсатына сəйкес бөліп қарастырылады: əйелдердің саяси жəне экономикалық алға жылжуы; қоғамда, тұрмыстық өмірде əйелдерге зорлық көрсетуге қарсы күрес; əйелдердің денсаулығын жақсарту жəне т.б.

Өткен ғасырдың аяғында Қазақстанда əйелдер қоғамдық-саяси өмірде белсенді субъект болған жоқ.

Саясат əйелдерді нақты қажет етпеді, бұның себебі психологиялық ерекшелік болып табылады: əйелдер ерлерге қарағанда төмен бағаланады. Бұның негізінде əйелдермен қатар ерлердің төмен бағалануы жатыр. Қазір əйелдердің психологиялық қайта қалыптасуы анық байқалады. Қазіргі кезеңде əйелдердің əлеуметтік саяси бейімделуі өте тиімді болуы қажет. Бүгінгі таңда əйелдердің азаматтық белсенділігі байқалады, бұның негізгі көрсеткіші əйелдер қызмет ететін үкімет емес ұйымдар санының өсуі болып табылады. Əйелдердің үкіметтік емес ұйымдары гендерлік саясаттың индикаторы деп айтуға болады. Тəуелсіздікті алумен Қазақстанда бұқаралық əйелдер ұйымының құрылу процесі қарқынды өсуде. Республикада 150 -ден аса əйелдер мəселесімен айналысатын əйелдердің үкіметтік емес ұйымдары қызмет етеді. Əйелдер қозғалысы қалыптастырған бүгінгі таңда белгілі мынадай ұйымдар бар,  олар«Іскер əйелдер ассоциациясы», «Феминисткая лига», «Жалғыз басты аналардың Алматылық ассоциоциясы» жəне т.б.

Қазақстанда гендерлік қозғалыс дамуының маңызды бір кезеңі ҚР Президенті жанындағы отбасы жəне əйелдер ісі бойынша ұлттық комиссияның құрылуы болды.

Соңғы кездері əйелдердің үкіметтік емес ұйымдарының қызметтерінде маңызды өзгерістер болды. Бастапқы кезде барлық ұйымдар бала жəне əйелді əлеуметтік жағынан қорғау, көп балалы жəне жалғыз басты аналардың, мүгедек аналардың жəне т.б. құқықтарын қорғаумен қатар психологиялық жəне заңдық көмек көрсетеуді қамтамасыз етумен айналысса, ал қазіргі таңда олардың қызметі əйелдердің саяси белсенділігінің денгейін көтеруге, саяси процестегі сұрақтарды шешуде олардың теңқұқылы қатысуына, саяси қатынастарда əйелдердің теңқұқылы субъект болуына бағытталған. Бұрын саясатқа ер адамдарға қарағанда əйелдер саяси тəжірибелері аз денсаулық сақтау, білім салаларынан келетін болатын, бірақ соңғы кездерде жағдай өзгерді, қазір саясатта саяси тəжірибесі өте жоғары заңгер, бизнесмен əйелдер саны өсіп келеді.

Гендерлік саясат əйелдердің денсаулығын жақсартуды көздейді. Басты мақсаты – əйелдердің денсаулығын жақсарту, анемия ауруымен күресу, бала мен ананың өлімін азайту, рак аурулары үшін арнайы орталықтар ашу жəне т.б.

Əйелдерге зорлық көрсетуге қарсы күрес жөнінде біраз істер атқарылды. Егер 1998 жылға дейін бұл мəселемен тек ҮЕҰ, халықаралық ұйымдар айналысатын болса, ал 2010 жылдан бастап бұл республикалық деңгейде қарастырылады. Бұған мысал – əйелдер ұйымдастырған екі республикалық конференциядағы ҚР Президентінің сөзі. Президент өз сөзінде əйелдерге зорлық көрсетушілік пен күресу жөнінде ашық айтты. Əйелдердің үкіметтік емес ұйымдары мемлекеттік органдармен бірге əйелдерге зорлық көрсетушілерге қарсы жұмыс істеп келе жатыр.

Гендерлік саясаттың енгізілуі, əйелдер мүддесін ескере отырып Қазақстандағы саяси процестерді тұрақтандыру, əйелдерді дискриминациялауды жоюға бағытталған заң қабылдау жəне өкілетті органдарда əйелдердің санын көбейту болашақта əлеуметтік саяси келеңсіздіктердің алдын алады.

О. Алдабергенова, Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы               

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста