Полиция қауіпсіздік кепілі болуы тиіс

Азаматтар ұры-қарыдан, қарақшылардан, бұзақылардан, бір сөзбен айтқанда, кез келген қылмыстық әрекеттерден қорғану үшін, ең алдымен, полицияға жүгінетіні рас. Алайда, адамдардың полицияға деген сенімі көңіл көншітерлік емес. Бұған тіуелсіз әлеуметтік сараптама қортындысы дәлел боларлықтай. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 50 пайыздан артығы полицияға сенімсіздіктерін білдірген екен.

 

         Десе де, полиция қатарында өз қызметіне, берген антына берік қызметкерлер барын атап өткен абзал. 2020 жылғы дерек бойынша, Тәуелсіздік жылдары қызметтік борышын атқару кезінде 791 қызметкер қаза тауып, 2555 адам жарақат алды. Олардың ерлігі ел есінен шықпайды.

 

Жалпы, азаматтардың полицияға деген сенімсіздігі кеңес дәуірінен келе жатқан келеңсіз құбылыс деуге болады. Алдыңғы буын өкілдері жақсы білетін болар, кеңес дәуірінде шыққан бір анекдоттағы «адам екен десем, милиция екен ғой...» деген сөздер осының дәлелі.

 

Негізінен азаматтардың полицияға деген сенімсіздігіне себеп болатын бірнеше факторды атауға болады. Олардың негізгілері:

 

* парақорлық;

* өкілеттігін асыра пайдалану;

* адамдармен сөйлесі мәдениетінің төмендігі (дөрекілік);

* сыбайлас жемқорлық.

 

Тәуелсідік алған алғашқы жылдары Қазақстан үшін өте ауыр кезең болғаны әмбеге аян. 2000 жылдардан бастап ел экономикасы біртіндеп көтеріле бастады. Қоғамның барлық саласында жаңашылдық басталды. Жаңа реформалар қолға алынды. Бұл жаңашылдықтан Ішкі істер органдары да қалыс қалған жоқ. Жұмысты жақсарту мақсатында Ішкі істер органдарының жұмысына бірқатар өзгерістер, жаңашылдықтар енгізілді. Алайда алғашқы өзгерістер  Ішкі істер органдарының жұмысындағы кемшіліктерді толықтай жоя алмады. Бұл Ішкі істер органдарының қызметіне жаңа реформа қажет екенін аңғартты.

 

Осы орайда, 2018 жылы қараша айында өткен ішкі істер органдарының қызметін жаңғырту мәселелеріне арналған кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев соңғы үш жылда қылмыс деңгейінің 17,5 пайызға дейін азайғанын тілге тиек ете отырып, полицейлердің азаматтармен өзара қарым-қатынасының стандарттары ескіргенін әрі заман талабына сай келмейтінін атап өтті.

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев:

 

– Ішкі істер органдарының жұмысы қоғам күткен сенімді толық ақтай алмай отыр, азаматтардың көңіл толмастығын туғызуда. Адамдар өздерін қауіпсіз сезіне алмайды. Біз онсыз басты бағдарымыз саналатын қазақстандықтардың жоғары сапалы өмір сүруін қамтамасыз ете алмаймыз. Сондықтан, полицияны реформалау ісіне шұғыл кірісуіміз қажет.

 

Сондай-ақ, Елбасы Мемлекет ішкі істер органдарының құрылымы мен штатын оңтайландыруды, өзіне тән емес функцияларды алып тастауды тапсырды.

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев:

 

– Артық нәрсенің бәрінен арылып, қылмыспен күрес жүргізу және құқықтық тәртіпті сақтау ісіне мән беру керек. Құрылымдар оңтайландырылады. Соның нәтижесінде бір басшының қарамағында үшеу емес, бес адам болады. Штат саны 10 пайызға қысқарады. Осы шаралар полицейлер санының 100 мың адамға шаққанда 471 полицейден келуін 424-ке дейін төмендетуге жол ашады. Бұл еуропалық орташа деңгейге сәйкес келеді. Осыған орай, 16 миллиард теңге үнемделмек.

 

Әрине, қай қызмет түрі болмасын, жалақының жоғары болуы қызметкердің өзіне жүктелген міндетін мүлтіксіз атқаруына серпін берері сөзсіз. Сондықтан Елбасы полиция қызметкерлерінің жауапкершілігімен қатар жалақысын да өсіруді тапсырды.

 

– Полицейлердің жалақысын арттыруға қосымша 21,4 миллиард теңге бөлінетін болады. Мұның бәрі – халықтың ақшасы. Полицияны, армияны және соттарды салық төлеушілердің қаражаты есебінен ұстап отырмыз. Сондықтан, азаматтарымыз құқық қорғау органдарының өз міндетін мінсіз атқаруын талап етеді, – деді Елбасы.

 

Сондай-ақ, Елбасы полиция қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелері де назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Сонымен қатар кадр мәселесіне де айырықша тоқталды. Білікті маман даярлау мақсатында істер министрлігіне қарасты 12 оқу орнының үздік бесеуі ғана қалатынын айтты.

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев:

 

– Бізге жаңа формацияның полицейлері қажет. Кадрларды іріктеу, даярлау және ілгерілету жүйесі қайта қарастырылатын болады. Ведомстволық білім беру ісі айтарлықтай өзгереді. Мамандарды даярлау сапасы әлемдік стандарттарға сай келетін заманауи полиция академиялары қажет.

 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы полиция қызметін бағалаудың жаңа критерийлерін енгізуді тапсырды. Ол үшін полиция жұмысының сапасына, тиімділігіне халық баға беруі тиісекенін айтты.  Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың статистикалық мәліметтерімен қатар, әлеуметтік зерттеулерді де пайдалану қажет екенін еске салды.

 

Сондай-ақ, Президент ішкі істер органы қызметіне цифрлық технологияны енгізудің маңыздылығын қадап айтты. Елбасының айтуынша, цифрлық технология полицияның жұмысын оңтайландырып, тұрғындармен онлайн режімдегі кері байланысты жақсартуға мүмкіндік береді. Цифрландыру сыбайлас жемқорлықты азайтуға, сондай-ақ, штат санын одан әрі оңтайландыруға септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде қаржы үнемдеп, сол арқылы полиция қызметкерлерінің жалақысын көтеруге мүмкіндік береді.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы сәуір айында өткен ҚР Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында «Реформа жалғасады! Бүгінгі Қазақстанның Ішкі істер құрамы – 150 мыңнан астам қызметкерден тұратын күрделі сала. Соның 80 мыңы – тәртіп сақшысы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған Ішкі істер органдарындағы үлкен өзгерістер жалғаса береді» деп атап өтті.

 

Осылай деген Президент Ішкі істер министрлігіне жеті міндет жүктеді.

 

1.      Ашықтық

2.      Ұрлықтың жолын кесу

3.      Есірткі қылмысына тосқауыл қою

4.      Жол-көлік апатының алдын алу

5.      Қоғамдық тәртіпті сақтау

6.      Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысты төмендету

7.      Кадр саясаты

 

         Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев,  Қауіпсіз ел - бюрократиядан арылған, заң үстемдігі онаған, әділетті қоғам құрудан басталатынын баса айтты.

 

 

Қалдар Кумекбаев

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста