Мемлекеттің болашағын баянды ететін де, тұғырын биіктетін де – Заң

Мемлекеттің тұғырын биіктетіп, тамырын тереңдететін де, болашағын баянды ететін де – заң. Тіпті, кешегі бабаларымыз да қарар қабылдап, құжатын тасқа баспағанымен, өзінің әрбір қадамын, ру арасындағы байланыстарын, көрші елдер арасындағы елшілік қарым-қатынастарын, ішкі, сыртқы дауларын осы қағидаларға сүйеніп шешіп отырған.

Тарихта «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» деген аттармен қалған дала заңдары бүгінгі Ата заңымызға негіз болғаны шындық. Бұл қазақ халқының қашаннан заңға бас игенін, әрбір ісін әділдікке, адалдыққа сүйеніп жасағанын аңғартады.

Міне, сол бабалар салған сара жолды жалғап, әлемдік өркениеттің озық үлгілерін ескере отырып дайындалған Қазақстан Республикасы конституциясының қабылданғанына да биыл 26 жыл толмақ. Ел жұрттың талқысынан өтіп, таңдауына айналған Басты құжатымыздың авторы – бүкіл Қазақстан халқы. Өйткені, бұл заңның қабылдануынан қазақстандықтардың ешқайсысы шет қалған жоқ. Бұл құжаттың дайындалуына еліміздің мықты заңгерлерінен бастап, қоғам қайраткерлері, құқық қорғаушылар, үкіметтік емес ұйым мүшелері, қарапайым тұрғындардың өзі үлесін қосты.

Бас құжаттағы әр бап, әр тарау терең ізденістің нәтижесі, мемлекеттің дамуын айшықтап, азаматтардың тағдырына жауапты болғандықтан мұндағы тетіктердің барлығы үлкен талқыдан өткен болатын. Және бұл жұмыс барысында әлемдегі дамыған елдердің Конституциялары сараланып, оның Қазақстан халқының менталитетіне, табиғатына сәйкестігі екшелді. Осындай үлкен еңбектің нәтижесі болған Ата заң халықтың да көңілінен шықты. Сөйтіп, 1995 жылдың 30 тамызы күні қазақстандықтар Ата заңның қабылдануына бірауыздан дауыс берді. Осылайша, ел саясатын құптайтынын, мемлекеттің дамуына сенетінін, елдегі татулық пен бірліктің нығаюына үлес қосатынын іс жүзінде дәлелдеді. Міне, содан бері 30 тамыз Қазақстандағы ұлық мерекенің бірі саналады. Тәуелсіз елдің төл заңының туған күні болып табылатын бұл мереке әрбір азамат үшін қадірлі, қасиетті.

Жиырма белестен өткен конституциямыз тәуелсіз елдің аяғынан тік тұруына ықпал етті. Бұл заң егеменді елдің мемлекеттік құрылымдарын қалыптастырып, болашағына бағдар берді. Азаматтардың бостандығы мен қауіпсіздігінің кепіліне айналып қана қоймай, түрлі ізгі реформалардың бастамашысы ретінде танылды. Ата заңымыз Қазақстан азаматтарының барлық құқықтық қадамын негіздейтін басқа да заңдардың сапалы, сындарлы жасалуына себепші болды. Ендеше, әлемдегі ең жас конституциялардың бірі саналатын Қазақстанның бас құжаты айналдырған 26 жылдың ішінде талай жақсы істердің жаршысы болғаны дәлелдеуді қажет етпейді. Осы жиырма жыл ішінде Ата Заңымыз демократиялық мемлекет құру жолында еліміз бойынша жүргізілген құқықтық реформалардың жүзеге асуына және ойдағыдай дамуына тыңғылықты үлес қосты.

Конституцияда қарастырылған баптардың үштен бірі азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерін бекітеді. Бұл жалпы мемлекет үшін адамның ең жоғарғы сатыда тұрғандығын, мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам екендігін сөз жүзінде ғана емес, құжат жүзінде нақтылағанын көрсетеді. Ата заңымызға сүйенген кез келген азамат өз құқығын сот арқылы еш кедергісіз, жедел, сапалы қорғай алады. Құқықтық мемлекет қалыптастыруды мақсат еткен елімізде сот жүйесі тәуелсіз. Әрбір іс бойынша шешім шығару барысында судья тек қана заңға бағынып, шешімін тек соған ғана негіздейді.

Бүгінгі таңда қоғамдық келісім мен халықтың бірлігі – еліміздің басты байлығы және өзгелерге үлгі боларлық ең қымбат қазынасы. Дәстүрлі түрде 30 тамызда атап өтілетін Конституция күні Отанымыздың игілігі жолында алға қойылған барлық мақсаттарға қол жететіндігіне сенімімізді арттыра түседі. Татулығы жарасқан Қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіл – адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды.

Жиырмасыншы белестен асқалы отырған Конституция әлі де пәрменді, сонысымен де өміршең. Ал, оны тұғырынан түсірмей, келер ұрпақтың қауіпсіз өмірінің кепіліне айналдыру сіз бен біздің заңды сыйлауымызға, қадірлеуімізге байланысты екенін ұмытпағанымыз жөн.

И.Р.Досетов

Маңғыстау облысының

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының төрағасы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста