Медиацияны жаңғырту арқылы қоғамға етене енуіне мүмкіндік тууда

Ел тәуелсіздігінің арқасында дана билеріміз ұстанған бітімгерлік жолы қайта жаңғырды. Мемлекетімізде Медиация туралы заң қабылданып, медиаторлар институты енді. Судьялар мен қорғаушылардың, сондай-ақ, нотариустардың медиацияға араласуы заңның қолданыс аясын одан әрі кеңейтті. Бұл тұрғыда еліміздің бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізілді.
ҚР Азаматтық процесстік кодексінде даужанжалды медиация, татуласу келісімі, партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу әдістері қарастырылды. Осы әдістердің өмірге дендеп енуінде соттар белсенділігі жоғары. Мәселен, соттар тараптарға дауды процестің барлық сатыларында реттеуге жәрдемдеседі. Ел азаматтары медиация заңдылығын сотта біліп, дауға осы заң аясында нүкте қойылуына мүдделілік танытуда. Тәжірибеден айтар болсақ, сотқа талапкерлер мұрагерлік құқықты айғақтайтын куәлікті жарамсыз деп тану туралы талап арыз түсірді. Сот талқылауы барысында анықталғаны, 1995 жылы талапкер әкесі қайтыс болып, оның жалғыз мұрагері ретінде анасы танылған. Кейіннен бұл құқық ағасына өтеді. Алайда, бұл жағдайдан отбасы мүшелері хабарсыз болады. 2017 жылы ағасы көз жұмып, мұрагерлік құқық оның әйеліне өтеді. Азаматтық кодекстің 1061-бабының, 1-бөлігіне сай, мұрагерлікке мұра қалдырушының балалары теңдей құқылы. Сот талқылауы барысында тараптар өзара түсінісіп, дауды бітімгершілік жолмен реттеу туралы келісім жасады. Сот істі жанжақты зерделей келе тараптар келісімшартты бекітуге жататыны туралы ұйғарымға келді.
Мұндай істерді көптеп келтіруге болады. Бұл билердің «Дау мұраты – бітім» ұстанымын бүгінгінің соттары жоғары деңгейде жалғастыруының жарқын көрінісі. Қазақстан Республикасының заңдарында
өзгеше белгіленбесе жеке немесе заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, қылмыстық теріс қылықтар туралы істерде қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар мен атқарушылық іс жүргізуді
орындау кезінде туындайтын қатынастарда медиация қолданылады. Медиация сот әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың мүдделері қозғалса немесе қозғауы мүмкін болса, сонымен қатар, тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылса жеке немесе заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларға, сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстарға қолданылмайды. Егер медиация тәртібімен реттеу туралы келісім сот актісін орындау сатысында жасалса, ол сот актісінің орындалатын орны бойынша бірінші сатыдағы немесе сот актісін қабылдаған сотқа бекітуге ұсынылады. Ескерерлігі, тараптар кез келген сатыда медиациядан бас тарта алады. Сонымен қатар, медиация барысында өздерінің материалдық немесе процессуалдық құқықтарын иеленуге, талаптар мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға құқылы. Заң бойынша медиация тараптары өзара келісім негізінде басқа медиаторды таңдау құқығына ие. Медиацияны жүргізу тараптардың өзара келісімі бойынша және олардың арасында медиация туралы шарт жасалған кезде жүзеге асырылады. Жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу кезіндегі медиация сотқа жүгінгенге дейін де, сот талқылауы басталғаннан кейін де қолданылады. Айрықша жағдайларда шешілетін даудың күрделілігіне, қосымша ақпаратты немесе құжаттарды алудың қажеттілігіне байланысты медиацияны жүргізу мерзімі медиация тараптарының уағдаласуымен және медиатор келіскен кезде ұлғайтылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен дауларды медиация тәртібімен сотқа дейін, сотта реттеу бағытында пилоттық жобалар іске қосылды. Жобалар бітімгершілік рәсімдердің қолдану аясын кеңейту, істерді қарау мен шешуде тараптардың уақытын үнемдеу, сот шығынына жол бермеу мақсаттарын көздейді. Және мұрагерлік, некені бұзу, мүлікті бөлу, шығару және кондоминум басқару мәселелері, қарыз шарттарға қатысты, кейбір еңбек даулары және басқа санаттағы даулар бойынша медиацияны міндетті түрде жүргізу қамтылды. Сот медиациясы бітімгершілік рәсімдерді жүзеге асыратын судьяның тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік, құпиялылық, қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келу қағидаттары негізінде іске асырылады. Осы себепті, медиацияны ел азаматтарының өз құқықтарын қорғаудың соттан тыс нысандарын дамытуға бағытталған игі қадамдардың бiрі ретінде бағалаймыз. Жалпы сот саласына енгізілген құқықтық реформалардың қайсысы болмасын салаға өзінің оң нәтижесін беруде. Медиацияны жетілдіру мақсатында қазір түрлі жолдармен оны жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде татуластырушы судья жобасы оң нәтижесін беруде. 
Бітімгершілік рәсімдерді жүзеге асыратын судья сот медиациясын жүргізу кезінде сот отырысының хаттамасын жүргізу туралы нормаларды қоспағанда, Медиация туралы заңмен және АПК-мен белгіленген нормаларды басшылыққа алады. Айта кетерлігі, сот медиациясы тәртібімен дауды реттеу туралы келісімді бекіту және іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарымда, қаулыда мемлекеттік баж салығының қайтарылатындығы көрсетіледі. Егер тараптар сот медиациясы тәртібімен келісімге келмесе немесе келісім шарттарын сот бекітпесе, іс бойынша іс жүргізу қайтадан басталады және істі талқылау жалпы тәртіппен жүргізіледі. Тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы. Тараптар медиацияны жүргізуден бас тартқан жағдайда судья істі соттың талқылауына дайындауды АПК-да белгіленген тәртіпте жүргізеді. Осы заңдылықтар сотқа жүгінушілерге судьялар тарапынан үздіксіз түсіндіруді қажет етеді. Медиацияның соттағы іс жүргізу процесінен айырмашылығы, еркіндігінде. Рәсім сипаты жағынан жария емес. Мұнда тараптарға медиаторды таңдау мүмкіндігі берілген. Тағы бір ерекшелігі, сотта шешім құқық пен заң нормалары негізінде қабылданса, медиация рәсімінде шешім тараптардың өз мүдделерінің келісімге келуі негізінде қабылданады. Істің жылдам қаралуы мен құпиялылықты сақтау және екі тараптың да пайдасына шешілетіндігін медиацияның ұтымды тұстары ретінде атауға болады. Дауды реттеу туралы келісім оған тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енетінін де айта кету керек. Азаматтық істі сотта қарағанға дейін жасалған дауды реттеу туралы келісім тараптардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған мәмілені білдіреді. Мұндай келісім орындалмаған жағдайда, келісімді бұзған тарап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жауаптылықта болады. Сот тәртібінде қарастыруға тиісті даулардың санын қысқартып, оларды шешудің баламалы тәсілдерін, оның ішінде бітімгершілік рәсімдерін қолдану адам құқықтарының әділ сақталуының кепілі. Медиацияның қағидаттарына келсек, олар еріктілік, тараптардың тең құқылығы, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы және құпиялық пен заң талаптарына сай болуы. Тараптар үшін дауды сот шешімінен гөрі медиация арқылы шешудің артықшылығы көп. Материалдық жағынан тиімділігі мемлекеттік баж толығымен қайтарылады. Бұған қоса тараптар медиациялық келісімде талап арыз шеңберінен шығуға құқылары бар. Ал, сот талап арыз щеңберінен шыға алмайды. Одан кейін келіссөздер кезінде тараптар өздерін сот отырысындағыдай емес, еркін сезініп, өз позициясын толық айқындай алады. Нәтижесінде, ұтылған немесе ұтқан жақ болмайды, әр тарап медиация келісімінде өз мүдделері қорғалатын шарттар көрсетуіне болады. Медиация тәсілін пайдалану еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына қосылуына бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Медиацияның діттегені – елге қолайлы жағдай туғызу. Оның уақыт пен қаржыны үнемдеуде рөлі зор. Тараптарды татуласуға тәрбиелеу арқылы қоғамның құқықтық мәдениетін дамытудағы таптырмас тәсіл, медиацияның құндылығы да осында. Жаңа заманда жүзеге асып жатқан медиация заңы біздің болмысымызға сәйкес, азаматтардың мүдделерін аяққа таптамай, керісінше, екі жақтың да ақ батасын алатындай дәрежеге жеткізеді. Еліміздің Жоғарғы Соты бабалардың осындай бай мұрасын заманға сай жаңғыртуда өлшеусіз еңбек етуде. Сондықтан, билер соты – дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан билік институтының құқықтық нормаларды реттеудегі озық үлгілері ұрпақ жадынан өшпейді.


Қайрат НҰРБАЕВ,
Түрксіб аудандық сотының судьясы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста