Медиацияны дамытуға барлық құрылым атсалысуы керек

Медиацияны дамытуға барлық құрылым атсалысуы керек

Медиация – дау алаңындағы қос тарапты мәмілеге келтіру мүмкіндігі. Даудың сотта реттелуі екі жаққа бірдей тиімді бола бермейді. Бір жақ жеңсе, екінші жақтың жеңіліс табуы қалыпты жағдай. Ал медиацияда жеңген, жеңілген тарап болмайды, екі жақ ортақ келісімге келетіндіктен дауды екеуара ақылдаса отырып бітіреді. Сот шешімін ұзақ күтуге тура келеді. Өйткені дау бір сот процесімен шешілмейді. Ал медиацияда екі жақ бір кездесуде-ақ өзара мәмілеге келе алады.

Медиацияның қаржылық жақтан да ұтымды екені белгілі. Сонымен бірге істі даусыз шешу екі тараптың арасындағы сыйластықты сақтауға, жүйкеге салмақ түсірмеуге себеп болады. Азаматтардың табыс тауып, өзіне пайдалы іспен айналысудың орнына соттасып жүруі жақсылықтың нышаны емес. Сондықтан Жоғарғы Сот тарапынан медиацияның маңызын түсіндіріп, бітімге келудің ыңғайлы екенін насихаттау мақсатында игі шаралар біраз жылдан бері тұрақты назарда ұсталып келеді. Кәсіби және кәсіби емес медиаторлар шоғырын қалыптастыруда, медиаторлардың танымалдығын арттыруға, олардың жұмысына қолайлы жағдай туғызуға Жоғарғы Сот тарапынан аз көмек көрсетілген жоқ. Медиацияға жаңа араласқан мамандардың барлығы алғашқы еңбек жолын сот ғимараттарынан бөлінген арнайы бөлмелерден бастады. Сот қызметкерлері медиаторлар тізімін көрнекі жерге іліп, азаматтарды алдымен медиатор кеңесіне жүгінуге жол көрсетті. Бүгінде өңірлерде құрылған медиаторлар ұйымдары өз жұмысын жүйелеп, елге ішінде танымал бола бастады.

Аймақтарда Билер кеңесінің құрылып, зейнеттегі заңгер, қоғам қайраткерлерінің, ауылдағы беделді ақсақалдардың дауды бейбіт шешуіне мұрындық болған да сот саласы болатын. Бұқаралық ақпарат құралдарында медиацияға байланысты жазылған мақала, ақпараттық материалдардың барлығы судьялар қолымен жазылған. Бұған қоса, соттар түрлі ұйым, мемлекеттік органдармен ортақ меморандумға қол қойып, медиацияны жандандыруға құжат жүзінде келісімге келген еді. Бұл бастаманың да орта жолда қалмай, ел игілігіне жарағанын тәжірибе жүзінде көріп, біліп отырмыз.

Өкінішке орайц, медиацияны дамыту ісінен мемлекеттік құрылымдар шет қалған. Елімізде мұндай мәселенің бар екенін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дұрыс аңғарып, келелі іске көпшілік үн қосуы керектігін алға тартқан болатын. Шынында басқа құрылымдар медиацияны түсіндіру, тараптарды татуластыру мәселесі тек соттың міндеті секілді көреді. Алдына келген азамтарға «Медиация туралы» заңның бар екенін, ол дау-дамайды сотқа жеткізбей шешуге көмектесетінін түсіндіруге құлық танытпайды.

Мысалы медиациясы дамыған өркениетті елдерде азамат бірден сотқа жүгінбей, алдымен медиаторға барады. Мәселе оның көмегімен шешілмеген жағдайда ғана істі сот қарауына ұсынады. Испанияда медиатор кеңесін алғаны

туралы анықтамасы болмаған жағдайда сот кеңсесі талап арызды қабылдамайды. Бізге де медиацияны дамыту үшін осы елдердің озық үлгілерін тәжірибеге енгізу артықтық етпейді. Бұл дала заңын жаңғыртуға, билер дәстүрін жандандыруға ықпалын тигізеді.

Жоғарғы Сот тарапынан қолға алынған бастамалардың нәтижесінде тәжірибеге судья-медиаторлардың енгізілгені белгілі. Бұл өз ісін медиатор, адвокаттардың қарағанын қаламайтын, дауды тек сот шешуі керек деген түсініктегі азаматтар үшін игі қадам болды. Судья-медиаторлар соттағы ең тәжірибелі қазылар арасынан таңдалған. Сондықтан болар, бүгінде судья-медиаторлар кеңесін тыңдап, келісімге келетін тараптар саны жыл өткен сайын көбейіп келеді.

Тағы бір айта кетерлігі, БАҚ-тарда медиацияның тиімділігін насихаттау шаралары әлі де кемшін. Бұл жоба медиация институтының одан әрі дамуына жаңа қуат береді. Татуласу рәсімін қолдану саласын кеңейтіп қана қоймайды, сонымен қатар, азаматтардың сот шығындарын азайтып, уақыттарын үнемдейді. Осы артықшылықтар үздіксіз насихатталса, кәсіби емес медиаторға да қажеттілік туады.

 

Толқын Далабаева,

Алматы қаласы

Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста