Туған топырақ тудырған таланттар

Туған топырақ тудырған таланттар

Өн бойын адами қадір-қасиет тамыры терең жайдаған, сезімі тұнық, өресі биік, парасаттылықты ту еткен талант иелерін өздері туып-өсіп нәр алған ортасына таныту, өнерін, еңбегін ұлықтау тектіліктің белгісі болар. Туған топырақ тудырған таланттың ортасына қайта оралып бір соғуы да заңдылық. Еркіндіктің ерке елігіндей болған Мәдинаны ауылдың көнекөз қариялары ыстық құшақтарына алса, кейінгі ұрпақ ауылдас апаларын мақтан тұтқан кейіпте маңайына биіктен көз тастаған.
Еркіндік орта мектебінде сәуірдің 26-сы күні «Ізгілікті жан – тәлім-тәрбие мектебі» тақырыбында облыстық семинар болып өтті. Семинарды аудандық білім бөлімі меңгерушісінің орынбасары А.Кәрібеков құттықтау сөзбен ашып, аталған мектептің директоры Е.Кемелбаев келген қонақтарды таныстырды. Осы шараға Еркіндіктің тумасы, «Ізгілікті жан – тәлім-тәрбие мектебі» модулін ұсынушы, Екібастұз қаласындағы «Жас толқын» фольклорлық ән-би ансамблінің жетекшісі, қалықтар шығармашылығының Бүкілодақтық ІІ фестивалінің лауреаты, әнші, білікті ұстаз, С.Торайғыров атындағы №22 орта мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Боранова Мәдина арнайы келген. Семинарда Мәдина сөз алып, туған жерге деген жүрекжарды сағынышын жеткізді.
«Туған топырақ тудырған таҚауызынан ашылған гүл секілді,
Сахнада Мәдина нұр секілді.
Әгугайға салғанда әуелетіп,
Бойды билеп, әкетер бар еркіңді.ланттар» атты кездесуде «Дауысын ел таныған» белгілі диктор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Құрмет белгісі орденінің иегері – Сауық Мәсіғұтқызы Жақанованың анасы Зира әжей мен Мәдина Боранқызының әңгіме, естеліктері тыңдалды.
Осы шараның басы-қасында болып, туған жерімен сағына қауышқан Мәдинаның атамекенге деген ыстық ықыласының куәсі болдық.
И.Жақып, Еркіндік ауылы, «Заман» газеті, 3 мамыр, 2007 жыл.

Мәдинаның өнер тойына
Қауызынан ашылған гүл секілді,
Сахнада Мәдина нұр секілді.
Әгугайға салғанда әуелетіп,
Бойды билеп, әкетер бар еркіңді.
Көркіне мінезі сай, ақылы да,
Қамқор ол жатқа және жақынына.
Нағыз ару, қазақтың асыл қызы,
Жырға арқау болатын ақыныңа.
Той-думан, жүрген жері мерекелі,
Үйінде – отбасында берекелі.
Қазақтың, шаңырақтың қазығы деп,
Алға ұстап оны достар үлгі етеді.
Осындай болса, шіркін, алған жарың,
Сақтаған қасиеттің, салттың бәрін.
Әнді, сәнді, шеберлік, іскерлікті,
Тал бойына жинаған өмір нәрін.
Шебер ұстаз, соңына шәкірт еткен,
Санамен сезім-перне күйін шерткен.
Көтеріп, көңіл ашып, ой серпілтіп,
Сазды әні талайларды тәнті еткен.
Қолдаушы пірі – тірек Нұрболаты,
Жарасқан отбасының салтанаты.
Қос гүлі – Әсемі мен Динажаны,
Көк өрім Дидар батыр – қолғанаты,
Талмасын шарықтап тек ән қанаты.
Тойларың тойға ұлассын бейбіт күнде,
Алыңдар алда болып ылғи жүлде.
Өнерпаз отбасыны үлгі тұтып,
Мадақтап, қуанайық бүгін біз де.
Күлшат Қаламбаева

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста