Рауза Ақсейітқызы Буламбаева: Әр мектеп өз заманының тұлғасын дайындап шығуы шарт

Рауза Ақсейітқызы Буламбаева: Әр мектеп өз заманының тұлғасын дайындап шығуы шарт

Мектептің басты тірегі – мұғалім. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Ең әуелі мектепке керегі – оқыта білетін мұғалім» дегені де сондықтан. Ерекше беделді кәсіп иелерінің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында «Алаш айнасы» порталының тілшісі Астанадағы №64 мектеп-лицейінде болып, білім ордасының басшысы Рауза Ақсейітқызы Буламбаевамен сұхбаттасып қайтқан еді.

- Рауза Ақсейітқызы, Сіз басқарып отырған білім ордасы Астанадағы жаңа бой көтерген мектептердің бірі екенін біз білеміз. Осыған орай әңгімеңізді жалпы ұстаздар ұжымы және мектептің бүгіні мен ертеңі туралы айтып бастасаңыз?
- Иә, расында да біздің №64 мектеп-лицейі Елбасының тапсырмасымен жүзеге асқан «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында ашылған нысандардың бірі. Білім ордасы заман талабына сай жаңа технологиялармен жабдықталып қана қоймай, қоғамдағы заманауи үдерістермен бірге адымдап келе жатанын мақтанышпен айтамыз. Бүгінгі күні біз Астанадағы «Ақылды қала» бағдарламасы аясында «Болашақтың қаласы – бүгін», «E-lerning» тәжірібелік жобаларына қатысып жатырмыз. Бұл жобалар ұстаздардан ақпарттық технологияларды жан-жақты игеруді талап ететіні белгілі. Мұғалімдеріміз де соған лайық еңбек сіңіріп келеді. Ақпараттық ғасырда қоғам дамуына жедел еніп жатқан жаңалықтар, уақыт үдерісінен туындап жатқан талаптар бүгінгі ұстаздан мейлінше жауапкершілік пен еңбекқорлықты талап ететіні ақиқат. Сондықтан да, бүгін ғана емес, келешекте қандай талаптар қойылса да, біздің мектеп ұжымы да сол талаптарға сай жұмыс істеуге үздіксіз дайындық жасап, кәсіби біліктіліктерін шыңдау үстінде.
- Бүгінгі мектептік білім деңгейін анықтайтын бірден бір тәсіл – Ұлттық бірыңғай тестілеу екені жасырын емес. Cіз басқаратын мектеп Ұлттық бірыңғай тестілеуден қандай деңгейден көрінді?
- Расында, ҰБТ әрбір мектеп бітіруші түлектің білімі мен білігі сынға салатын үлкен свынақ. ҰБТ көрсеткіші мектеп түлегінің ғана емес, мектеп ұжымының, ұстаздар қауымының да еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз. Біздің мектеп ашылған уақыттан бері ҰБТ қорытындысы бойынша жылма жыл алдыңғы қатарға көтеріліп келеміз. Бізді осы қуантады. Алдыңғы 2012-2013 оқу жылында қала мектептері бойынша алғашқы 20-ның ішінде болсақ, 2013-2014 оқу жылында алғашқы 10-дықтың қатарынан көріндік. 2010-2011 оқу жылында және 2013- 2014 оқу жылында Тасымбекова Ғазиза және Әбділман Сабина есімді екі оқушымыз «Алтын белгіге» ие болып, мектепті үздік бітірді. 2012-2013 оқу жылы бойынша мектеп бітіруші 69 түлектің 65-і ҰБТ дан өтіп, орташа балл 88,4 болса, 2013-2014 оқу жылында тапсырған 66 оқушының орта баллы - 98,9 құрап,жақсы көрсеткішке қол жеткіздік.Осы жылы мектеп бойынша ең жоғарғы көрсеткіш - 123 балл жиған оқушымыз-Майман Аяулым. Жекелеген пәндер бойынша да білім сапасы жоғары деңгейді көрсетті. Бұл - ұжымының бірлескен еңбегінің жемісі.
- Мектептеріңізде КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, жаңашыл ұстаз Қ. Бітібаеваның республикалық ғылыми-әдістемелік зертханасы жұмыс істейтін көрінеді. Осы жайлы айтып өтсеңіз?
- Қанипа Бітібаева - қазақстандық ұстаздар қауымы арасында ғана емес, кезінде Кеңес Одағына белгілі болған, көзі тірісінде аты аңызға айналған өр тұлға, ардақты да аяулы ұстаз, үлкен парасат иесі. 2011 жылдың желтоқсан айында Астана қаласы мен Өскемен қалаларының арасындағы меморандум негізінде біздің мектебімізде ұстаздың республикалық атаулы зертханасының бөлімшесі ашылған болатын. Ондағы мақсат Қанипа Омарғалиқызының іс-тәжірибесін ұстаздар арасында кеңінен насихаттау болды. Ашылған уақыттан бері зертхана бөлімшесі осы бағытта біршама жұмыстар жүргізіп келеді. Қанипа Бітібаеваның қатысуымен жыл сайын қалалық, республикалық семинарлар өткізіліп келеді. Қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналып дәрістер, оқыту семинарлары ұйымдастырылуда. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар өз жалғасын табады деген сенімдеміз.
Жалпы, Қанипа апайымыз мектеп мұғалімдерінің жаңа заманның зор талабынан тыс қалмауын, ұрпаққа білім беру жолында жаңашыл әдіс-тәсілдерді меңгеруін талап етіп, соны әрбір ұстаздан тілейтін. Бүгінгі зертхана бөлімшесінің жұмысы да осы оқу мен оқытудың жаңа тәсілдерді меңгерген ұстаздардың басын қосып, жұмыс жүргізуді мақсат етіп отыр.
- Қазіргі уақытта қоғамда ұстаздың мәртебесін арттырып, беделін көтере түсу үшін не жетпейді, қандай шаралар атқарылуы тиіс деп ойлайсыз?
- Бұл сұрақ бүгінгі күн үшін мейлінше өткір мәселені қозғайды.Себебі қоғамда ұстаз беделі туралы әртүрлі пікір қалыптасқан. Бұл пікірлердің қатарынан бір тұста «Ұстаз - ұлы тұлға» деген сөзді де естісек, екінші жағынан «Мұғалімдердің біліктілігі төмен» деп сынап жататындар да баршылық. Әрине, ұстаз беделі оның мемлекеттік мәртебесін көтерумен шектелмейді. Дегенмен де бүгінгі заманда өзгермелі қоғамның құбылмалы талаптарына сай басқа кәсіптегі мамандықтармен бәсекеге қабілетті болу үшін ұстазға ең біріншіден мемлекеттік қамқорлық керек деп ойлаймын. Өйткені, тез құбылатын мына қоғам өзінің сипатына лайық түрлі мамандақтарды туғызып жатса, екінші жағынан кейбір кәсіптер заман ағымынан тыс қалып, қажетсіз болып бара жатқаны өтірік емес.
Осындай кезеңде ұстаздардың мамандықты жаңа біліктіліктермен астастырып, өөзін бәсекеге қабілетті етіп шыңдап, қоғамдағы беделін көтеру үшін әрбір ұстаз да , мемлекет те жұмыла күш салу керек деген ой туады. Сосын ұстаз беделін көтерудің бір бағыты-ата-аналармен тығыз байланысты. «Баланың бас ұстазы - ата-анасы» - деген сөз бар. Ата-анада мұғалімге сырттай сыншылықпен ғана қарамай ұстаздардың ісіне қолдау білдіргенде, мектеп пен отбасы ынтымақтықта болғанда-ұстаз беделі көтерілері сөссіз деп ойлаймын.
- Сіз басқаратын мектеп-лицей білім беруде несімен ерекешеленеді?
- Мектеп әуел бастан-ақ лицей мәртебесімен ашылғандықтан, оның өзіндік бағыты болды, ол бағыто - математикалық-жаратылыстану бағдарына басымдық беруде жатыр. 5-9 сыныптарда математика және жаратылыстану пәндері жекелеген сыныптарда тереңдетіле оқытылады. Осы бағыт 10-11 сыныптарда жалғасып, осы сыныптардың математика және жаратылыстану пәндері топқа бөлініп оқытылады. Бұл бағытты таңдаумыздың себебін заман талабымен түсіндіруге де болады. Қазіргі кезде жаратылыстану және техникалық бағыттары білімнің алдыңғы орынына шығуда. Сонымен бірге мектебімізді шет тілін оқытудың да өзіндік бағыты бар.
Жалпы, менің пайымым бойынша, білім беру ісіне бей-жай қарауға болмайды. Мектеп те жанды құбылыс ретінде қоғаммен бірге жаңарып отыруы шарт. Мұғалім соның жетекшісі болуы тиіс. Осы тұрғыдан жұмыстарды жандандыруға тырысамыз. Мәселен, бұлардың қатарына мектеп оқушыларына арналған «Жазғы академия» демалыс лагерін де мектебіміздің өзіндік ерекшеліктеріне қосуымызға болады. Жыл сайын жазда 5-10 сынып оқушыларын Бурабай курортында ораналсқан «Лесная сказка», «Преозерный» лагерлеріне 10 күндік демалысқа апарымыз. Сол лагерьде күнделікті түске дейін математика, ағылшын пәндерінен сабақтар өтіп, психологиялық тренингтер ұйымдастырылып отырады. Ал, түстен кейінгі уақытта іс-шаралар өтізіледі.
- Лицей ұстаздарының кәсібі деңгейі қандай?
- Мектеп-лицейде бүгінгі күні 140 педагог қызметкер еңбек етеді. «Мұғалім-мектептің жүрегі»-деген сөз бар. Шынымен де біз үшін кәсіби біліктің маманның орны бөлек, кәсіби білікті сипаттар болсақ, жоғары санаттағы ұстаздар саны-31 мұғалім, 1-ші санаттағы ұстаздар саны-32 мұғалім, 2-ші санаттағы ұстаздар саны-35 мұғалім. Жоғары және бірінші санаттағы ұстаздардың сапалық көрсеткікіші-45% құрайды. Бұл-жақсы көрсеткіш. Кәсіби білікті ұстаздар қатарында мемлекетік деңгейдегі марапат иелерін атауға болады. Мәселен, біздің алты мұғалім ҚР Білім беру ісінің үздігі. Біреуі Ы.Алтынсарин төс белгісінің иегері, Білім беру ісінің Құрметті қызметкері – 1 мұғалім. Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен», ал министрліктің Құрмет грамотасымен 4 мұғалім марапатталған. Осындай ұстаздарымызбен мақтанамыз.
- Мектептің болашаққа қойған мақсаты мен жоспарлары қандай?
- Астаналық жастарды тәрбиелеп отырғандықтан мектебіміздің болашағы да осы Елорданың болашағымен тығыз байланысты десем қателеспейтін шығармын. Астана - қазір саяси және экономикалық аренадағы тұғырлы-қала болғандықтан, біз өз түлектеріміздің кала мәртебесіне лайық, қоғамның сұранысына жауап беретін тұлға болып қалыптасуына үлкен мән беріп келеміз. Сондықтан біздің алға қойған мақсатымыз бүгінгі күнге дейін жеткен жетістігімізді сақтай отырып, әрбір шәкіртіміздің білімі, спортқа, өнерге деген ұмтылысын қанағаттандыру, түрлі бағыттағы заманауи бағдарламалар жасап, кәсіби білікті мамандарымыздың қатарын молайту.Қазіргі кезде біліктілік курстарынан өтіп, өнімді еңбек етіп жатқан жаңа сипаттағы ұстаздарымыздың қатары да көбейіп келеді.
- Білім саласындағы бүгінгі күннің өзекті мәселесі не деп ойлайсыз?
- Білім саласындағы кез-келген мәселе өзекті. Өйткені, жоғарыда айтқанымыздай бұл салаға бей-жай қарауға болмайды, тіпті қоғамда бұл салаға қатысы жоқ мәселе кездеспейді деуге болады. Қоғамға қажетті мамандықтардың негізі де осы мектептерде қаланады. Қоғамның әр мүшесінің өткені де, бүгінде болашақта осы білім саласымен тікелей байланысты. Әйтсе де, дәл бүгінгі күн үшін білім саласындағы ең өзекті мәселе, менің ойымша,- мектеп түлегін өмірге дайындап шығу, жаңа ғасырдың жаңа көзқарастағы тұлғасын тәрбелеп шығару.
Дегенмен, осы айтқандарымыздың өзі – жаңалық емес. Өйткені, ондай мәселе - білім саласындағы жылдар бойы келе жататын өзекті мәселе. Әр заманның, әр қоғамның өз шәкірті бар. Әр қоғам өзінің шәкіртін тәрбиелейді де. Дегенмен, сол шәкірттің өзіде лайықты білім алып, білікті болуы, тұлғалық ерекшелігін қамтуы тиіс. Сондықтан да әр мектеп өз заманының тұлғасын дайындауға міндетті. Заман өзгерген соң, оның бірге қояр талабы да өзгереді! Біздің міндет-сол талапты үдесінен шығу.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста