Оқушы қатерлі ісікке қарсы дәрі жасады

Оқушы қатерлі ісікке қарсы дәрі жасады

Елімізде жылына он жеті мыңнан аса адам қатерлі ісіктен көз жұмады екен. Олардың қатарында жаңа туған сәбилер де бар. АҚШ-та жас ғалымдар арасында байқау жарияланған болатын. Оған біздің еліміздің атынан бір ғана жеткіншек қатысады. Ол – Максим Сухов. Максим – Петропавл қаласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы. Ол қатерлі ісіктің алдын алудың бірнеше жолын ұсыныпты. Шетелдік ғалымдарды біздің баланың ізденімпаздығы қызықтырса керек. Біз жас ғалымға хабарласып, жақсы жаңалығы туралы өзінен сұраған едік.
Ұлан: Максим, сені қатерлі ісікке қарсы дәрі жасады дейді. Осы рас па?
М.Сухов: Иә, рас. Бірақ, дәрі толық дайын емес. Негізі қайың ағашының қабығынан жасадым. Қабықтың құрамында бетулин деген кристалды органикалық қышқыл бар. Бетулин қышқылының пайдасы туралы ұстазым Марианна Юрьевнадан естідім. Онкологиялық ауруларға қарсы тұратын қауқары бар екен. Зертханада отырып, құрамын зерттегенде, қатерлі ісікті қайтаратынын білдім. Мәселен, осы қышқылға азот қосса, ұлтабар мен өкпедегі ісікті қайтарады. Бізге қайыңның шырыны ғана таныс. Біле білсек, қабығының өзі тұнып тұрған ем.
Ұлан: Дәріні науқас адам ішіп көрді ме? Нәтижесі қандай?
М.Сухов: Қайың қабығын зерттегеніме биыл үшінші жыл. Дәріні компьютерлік бағдарлама бойынша жасап жатырмын. Алдымен үй жануарларына тәжірибе жасаймын. Бұл жұмыс ұзақ уақытқа созылады. Нәтиже-сінің өте жақсы болатынына сенемін.
Ұлан: Бетулин қышқылын қалай аласың? Қажетті заттардың барлығы жеткілікті ме?
М.Сухов: Қышқыл алу соншалықты қиын емес. Тек қажетті құралдар қымбат келеді. Арнайы аппаратта қайың қабығына бутанол-1 спиртін қосып қайнатамыз. Бетулин кристалы бөлінеді де, оны бюхнера құтысында сүзгіден өткіземіз. Жұмыс осылай жалғаса береді.
Ұлан: Дәрігерлердің қайың қабығынан жасалған дәріге көзқарастары қандай?
М.Сухов: М.Қозыбаев атындағы Мемлекеттік университеттің химия факультетінің оқытушыларымен бірге жұмыс істеп жүрмін. Білікті ұстаздар дәріс оқиды. Ресейде, Үндістанда өткен жас
ғалымдардың жарысына қатысып, жүлдегер болдым. Сонда ғалымдар пікірлерін айтып, сәттілік тіледі. Егер жобам баланың бос қиялы болса, оқу орнының ұстаздары кеңес бермес еді деп ойлаймын.
Ұлан: Қайыңның тағы қандай емдік қасиеті бар?
М.Сухов: АҚШ ғалымдары қайың шырынының пайдасын білді. Сөйтіп, спорт залдарында, мектепте, дәмхана мен асханада сатыла бастады. Шырынның құрамында С дәрумені бар, сонымен бірге, кальций, калий, мырышқа бай. Ал емдік заттар ретінде эфир майы, жеміс қанты бар. Сол себепті де, аллергия, безеу, қышымаға ем. Еліміздің жазық даласында қайың ағашы Семей, Зайсан мен Көкшетау өңірлерінде өседі. Бірақ, қайыңның қадірін білмей келеміз. Ал қайыңның табиғи шырыны терінің зақымданған аймағын қалпына келтіреді. Жараның аумағындағы бактериялар мен өлі ұлпаларды жоятын күші бар. Яғни, бетулин сіріндісі бар қабықтың сығындысы жараның ісігін, ауырсынуды басады.
Ұлан: Бүгінде қатерлі ісіктің емі бар ма?
М.Сухов: Сұраққа біржақты «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру қиын. Егер нақты емі болса, адамдар айығып кетер еді. Дәрі жасау кезінде дерттен айыққан адамдарды іздедім. Олардың қатарында профессор Мақсұт Нәрікбаев ағамыз бар екен. Ол кісінің «Как победить рак?» деген кітабын оқыдым. Ұзақ әрі жақсы өмір сүру үшін адамдарға жеміс-жидек жеп, таза ауада серуендеуге кеңес береді. Өткенде украиналық дәрігерлердің қатерлі ісікке қарсы дәрі жасағанын естідім. Жаңалыққа қатты қуанған едім. Бірақ, дәрігерлердің көңілінен шықпаса керек, зертханаға қайта жіберіпті. Мектеп оқушысы болғандықтан, жұмысыма сенімсіздік білдіретіндер көп. Алдымен жоғары оқу орнына түсіп, фармацевтика саласын меңгерсем деймін. Дәрінің құрамын зерттеп, нарыққа шығарсам, халықтың қолы жетсе деген мақсатым бар…
Гүлфарида Зейнуллина
(«Ұлан», №17, 28 сәуір 2015 жыл)

zhasorken.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста