Мәдина ЕРКІНОВА, өнертапқыш: Жасаған тікұшағыма Мәскеу ғалымдары қатты қызықты

Мәдина ЕРКІНОВА, өнертапқыш: Жасаған тікұшағыма Мәскеу ғалымдары қатты қызықты
Ол Мәскеу қаласында математика пәнінен өткен халықаралық олимпиадада 650 оқушының ішінен 3-орын алған. Компьютер арқылы басқарылатын онлайн тікұшақ жасаған. Өз тілінен бөлек, орыс, ағылшын тілінде еркін сөйлейді. Ресей, Беларусь, Қытай ғалымдары қомақты қаржы ұсынып, оқуға да шақырған. Бірақ, ол бәрінен бас тартып, өз елінде білім алуды көздеді. Өйткені, балалық арманының алдымен өз Отанында орындалғанын қалады. Біз Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Геология және мұнай-газ ісі институтының 1-курс студенті Мәдина Еркінова жайлы айтып отырмыз. Осыдан бір ай бұрын хабарласып, «Ұлан» газетінен екенімізді айтқанбыз. Сонда Мәдина: «Мектепте «Ұланның» тұрақты оқырманы едім», – деп қуантып қойды. «ЭКСПО-2017» көрмесіне байланысты Астанаға жолға шыққан екен. Алматыға келетін күнін айтып, әңгімелесуге уәдесін берген еді. Жақында Мәдина редакциямызға келіп, сұхбат берді. Ұлан: Әңгімені алдымен ғылымға деген қызығушылығыңнан бастайықшы. М.Еркінова: Өскемен қаласындағы №3 мектеп-гимназияның түлегімін. Атам мен әкем мұнай-газ саласында жұмыс істейді. Содан болар, бір нәрсені құрастыруға, жөндеуге құмар болдым. Бос уақытым бола бермейтін. Физика, математика, химия пәндерінен қосымша сабаққа қатысатынмын. Көбіне шахмат үйірмесіне қызықтым. Бірде «Жас техниктер станциясы» орталығының ашылғанын естідім. Мұнда балаларды түрлі бұйым мен мүсін жасауға үйретеді екен. Орталықтың «Авиамодельдеу» үйірмесін таңдап, қатыса бастадым. Бір күні ғаламтордан ағайынды неміс ғалымдарының тікұшақ жасағанын оқыдым. Арнайы тетікпен басқарылады екен. Көргім келіп, қатты қызықтым. Бірақ бағасы өте қымбат еді. Осындай тікұшақты неге өзім жасамасқа? Осы сұрақ маза бермеді. Ұшақтың жасалу жолын оқысам, оқулықтар ағылшын тілінде екен. Қосымша ағылшын тілін үйрене бастадым. Сөйтіп, тікұшақтың жобасын жасадым. Негізі мұндай тікұшақ бұрын жасалған, қолданыста бар. Мен жасалу жолына өзгеріс енгізіп, өзіме ыңғайлы жобасын қолға алдым. Ғаламтордан әлгі неміс ғалымдарын тауып алып, ақыл-кеңес сұрадым. Олар тікұшақты көріп, риза болды. Ұлан: Тікұшаққа қажетті құралдарды қайдан алдың? М.Еркінова: Жеңіл көліктердің, моторлы қайықтардың бөлшектерін пайдаландым. Ғаламторда жас ғалымдарға арналған арнайы сайт бар. Мұнда әлемнің әр бұрышындағы балалармен еркін пікір алмаса аласың. Америкалық досым Карлос көп көмек берді. Қажетті құралдарды осы досымнан алып отырдым. Ұлан: Сенің жасаған тікұшағыңның неміс ғалымдары жасаған тікұшақтан қандай айырмашылығы бар? М.Еркінова: Тікұшақтың жобасын 9-сыныпта оқып жүргенде бастадым. Қаржыға байланысты көп уақыт тоқтап тұрды. Тікұшаққа қызығушылық білдірушілер көп. Ұшақтың кейбір бөліктерін қайта жасау керек. Жарыққа шығатын уақыты да алыс емес. Егер нарыққа шығатын болса, түсетін пайда көп. Немістердің тікұшағы пульт арқылы басқарылады. Ал менікін компьютермен онлайн жүйеде бақылай аламыз. Мұнай-газ, геология, археология саласында пайдалануға болады. Жалпы, тікұшақты онлайн басқарудың маңызы зор. Мәселен, кеңседе отырып, АҚШ-тағы тікұшақты басқаруға болады. Мұнай кен орындарын, ауа райын білу үшін де ресейлік мамандардың көмегіне жүгінеміз. Олар бізге тегін қызмет көрсетпейді ғой. Егер тікұшақ іске қосылса, қаржы да, уақыт та шығын болмас еді. Ұлан: Тікұшақ жасауға қажетті қаражатты қайдан алдың? М.Еркінова: Менің отбасым қарапайым. Асып-тасыған дәулетіміз жоқ. Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев ағамыз қаржылай көп көмектесті. Олимпиададан жүлде алсақ, ата-анамызбен қатар қуанатын. Арнайы шәкіртақы беретін. Осы ақшаны ғылыми жұмысыма қажетті құралдарға жұмсайтынмын. Содан болар, анамнан ақша сұраған емеспін. Қайта жарыстарға қатысып, жеңімпаз болуға асығатынмын. Ұлан: Тікұшақтың жұмысы қашан бітеді? М.Еркінова: Нақты мына күні деп айта алмаймын. Өйткені, кейбір детальдар күйіп кетеді де, қалыпқа келгенше ұзақ уақыт кетеді. Жаңа оқу жылы басталғанша тікұшақтың жұмысын аяқтаймын. Ұлан: Қызығушылық білдірген компаниялар болды ма? М.Еркінова: Әрине, бар. Бірақ менің сөзімді тыңдайды да, сенімсіздік білдіреді. Оларға тікұшақты шетелден сатып алған тиімді. Өйткені, бағасы арзан келеді. Бірақ, тікұшақтың қауіпсіздігіне кепілдік бермейді, бұзылып қалса, қайта жөндеу жасамайды. Ал мен міндетті түрде кепілдік беремін. Бір құралы істен шықса, қайта ауыстырып береміз. Өз қолыммен жасағаннан кейін, оның қай уақытқа дейін жарайтынын да жақсы білемін ғой. «ҚазТрансГаз», «ТеңізШевройл» сынды көп компаниялар ұсыныс білдіруде. Ұлан: Мәскеуде өткен халықаралық математика олимпиадасына қатысып, жеңімпаз атаныпсың. Байқауға қандай ғылыми жұмысыңды ұсындың? М.Еркінова: Өскемен үлкен қала болғандықтан, көшеде кептеліс көп болатын. Әсіресе, қаладағы үлкен көпірдің бойында кешкі сағат 5–8 аралығында көлік қатынасы қиындайды. Сабақтан шығып, үйірмеге бару үшін екі сағат уақытым кететін. «Кептелістен қалай құтылуға болады?» деген сұраққа жауап іздей бастадым. Алдымен қаланың картасын алып, оны «Монте Карло» математикалық әдісіне салдым. Сөйтіп, үлкен көпірдің астынан жанама жолдар жасауға болатынын білдім. «Автомобильді жолдар жүйесінің математикалық моделі» деген ғылыми жұмыс жаздым. Тек көлік қозғалысын емес, көліктен бөлінетін газ мөлшерін азайтуға болатынын дәлелдеуге тырыстым. Мәскеуде өткен халықаралық математика олимпиадасына 650 оқушы қатысты. Қазақ елінің атынан қатыса отырып, 3-орынды алдым. Жобаны қорғау кезінде мәскеулік инженерлер көп сұрақ қойды. Мәскеуде 96 үлкен көше бар екен. Олар көпір емес, шағын көше жүргізгенді қолайлы көріпті. Сонда да кептеліс тоқтамапты. Инженерлер: «Шағын көше арқылы кептелістен құтылуға бола ма?» – деп сұрады. Мен қаланың картасын алып, матрицалық есепке жүгіндім. Шағын көшелерді біріктіріп, көпір салуға бола-тынын айттым. Олар менің шешіміме ойланып қалды. Кейін қалада отыз көпірдің құрылысы басталғанын естідім. Олимпиада комитеті Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры грантын ұсынды. Беларусь, Болгария, Ресей, Қытай, Малайзия университетіне тегін оқуға шақырту алдым. Ғалымдар мен профессорлар ғылыми жобама қатты қызықты. Әсіресе, мәскеулік ғалымдардың қызығушылығы ерекше болды. Ол кезде 10-сыныпта оқитынмын. Жобама қомақты қаржы ұсынып, сатуымды өтінген мемлекет те болды. Мен мұның барлығынан бас тарттым. Өйткені, алғашқы еңбегімнің өз елімде жасалғанын қаладым. Әлем жұртының қазақтың балаларына қайран қалғанын қаладым. Осы арманыма жеткенше, ізденуден, оқудан шаршамаймын. Менің жаңалығымды оқыған белгілі ғалым Мұрат Әуезов: «Қаршадай қазақ қызының басына осынша керемет дүниелер қалай сыяды», – деп таңданған екен. Ұлан: Осы жобаңды Алматы-ның көшелеріне қолдануға бола ма? М.Еркінова: Әрине, болады. Жылдың соңына дейін қаланың бір ауданын ғана бітіремін. Себебі, көшені есепке салып, сараптама жасау ұзақ уақытты қажет етеді. Ұлан: Неге Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ды таңдадың? Бір себебі бар ма? М.Еркінова: 2013 жылы Елбасы Н.Назарбаев Өскеменнің өнерлі оқушыларымен кездесті. Сонда Елбасына менің кептелістен құтылудың жолын ұсынған жобам қатты ұнады. «Жобаны Астана қаласына да жүзеге асыруға бола ма?» – деді. Мен: «Әрине, болады. Алдымен Астананың картасын сызып, матрицаға салу қажет», – дедім. Осы кездесуде Елбасы Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да білім алуға кеңес берді. Ұлан: Бұл таңдауыңа өкінбейсің бе? М.Еркінова: Жоқ, мүлдем өкінбеймін. Оқу орны ғылыми жұмысымды жалғастыруыма жақсы жағдай жасады. Студенттер арасында «Даму» қоғамдық қоры құрылды. Осы қордың аясында ғылымға қызығатын жастар жиналдық. Сәуір айында Ресейде өтетін жас ғалымдар арасындағы халықаралық конференцияға шақырту алдым. Ең үздік ғылыми жұмыс анықталады екен. P.S. Әңгімеміз аяқталған соң, сыртқа шықтық. Аялдамада автобус күтіп тұрған танысын көріп қалды. Әлгі ер бала: – Мәдина, ғылыми жұмысыңды бітірдің бе? – деді. – Екеуі бітті. Аптаның соңында үшіншісін аяқтаймын. Мұны естіп, танысының көзі шарасынан шыға жаздады. – Мықтысың ғой, мен әлі бастаған жоқпын. Сен осы қалай шаршамайсың? – деп дүңк етті. Мәдина жымиып қана: – Әттең, сенің жүрегіңде менің арманым жоқ қой, – деді. Сұхбаттасқан Гүлфарида Зейнуллина («Ұлан», №11 17.03.2015)

zhasorken.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста