Ғылымдағы жетістік – оқу орнының өлшемі

Ғылымдағы жетістік – оқу орнының өлшемі

Отандық ауылшаруашылық білімі мен ғылымының қарашаңырағы, 90 жылдық тағылымды тарихы бар іргелі оқу орны - Қазақ ұлттық аграрлық университеті биылғы жылдың 22 қыркүйегінде Үкімет Қаулысымен зерттеу университеті мәртебесіне ие болды.

Университетіміздің жаңа мәртебесі бұл - оқу орны ректоры,  ҚР ҰҒА Вице-президенті, академик Тілектес Исабайұлы Есполов басқарып отырған білікті ұжымның тынымсыз ізденісі мен соңғы он жылда атқарған жүйелі жұмыстарының үлкен нәтижесі.

1929 жылы негізі қаланған университет еліміздің аграрлық саласына бәсекеге қабілетті, білікті мамандар дайындап келеді. Университет QS World University Rankings рейтингісінің 2020 жылға арналған қорытындысы бойынша өз көрсеткішін жақсартып, 651 орыннан  60 сатыға көтеріліп, 591 орынға ие болды.

Қазіргі уақытта оқу орны QS-тың әлемдік рейтингінде бірінші орында тұрған Нидерланд елінің Вагенинген зерттеу университетінің тәжірибесі негізінде инновациялық  бағытта дамып келеді. Қазақ-Нидерланды, Қазақстан-Жапон, Қазақстан-Корея, Қазақстан-Беларус инновациялық орталықтары мен заманауи зертханалары бар универсиеттте ғылыми-зерттеу жобалары тиімді іске асырылып отыр.

Университет жанындағы Халықаралық Агротехнологиялық хаб шет елдің озық технологиясы мен жаңа білімі мен ғылым жетістіктерін Қазақстан жағдайына бейімдеп, өндіріске енгізумен айналысады. Соңғы уақытта Үкiмет перспективалық ғылыми бағыттарды және ғылыми кадрларды даярлаудың жүйесін сақтау үшiн қажетті жағдайлар жасау, ғылым мен техника дамуының басым бағыттарын айқындау, қолда бар ресурстарды осы бағыттарда шоғырландыру, бүкiл ғылыми-техникалық кешенді реформалау және өнеркәсiптi дамытудың ел үшiн жаңа технологиялық базасын жасау, ғылыми салада жұмыс iстеудiң нарықтық экономикаға тән жаңа тетiктерiн қалыптастыру жөнiнде жұмыстар атқарды. Агралық ел болып саналатын елімізге озық тәжірибелер енгізу арқылы ел экономикасын өзгертетін мықты мамандар қажет. Елімізде ауыл шаруашылық мамандарды 22-университетте дайындайды. Талантты ғалымдарды «Зерттеу университетіне» шоғырландыру арқылы - елімізде туындаған биологиялық қауіпсіздік мәселелерін шешуге ерекше көңіл бөлінеді.

Соңғы жылдары университет ғалымдары ауыл шаруашылығы дақылдары мен өсімдіктердің 50-ден аса сортын, жануарлардың 15 жаңа тұқымын, вакциналардың, тағамдық және емдік өнімдердің 50 түрін шығарды, 500-ден астам доктор және кандидат диссертация қорғалып, 200 авторлық патент пен куәлік алынды, 800-ден астам өндірістік ұсыныс жасалды. Оқу орны 200 аграрлық жоғары оқу орнын біріктіретін Әлемдік Консорциумға мүше.

Орман ресурстары және аңшылықтану кафедрасының профессор оқытушылары - Қазақстандағы орман шаруашылығы мен көгалдандырудың өзекті мәселелерін зерттеу, жасыл экономика жағдайында ормандар мен орман шаруашылықтарының сақталуын, көбейтілуін сондай-ақ  жануарларды жаңа аймақтарға жерсіндіру, хайуанаттар бағында жануарлардың мінез құлқын басқару, аңшылық кәсіптік құстарды өсірудің озық технологияларын ғылыми-техникалық және технологиялық деңгейге көшіруге бағытталған іс-шаралар жүйесін әзірлеумен айналысуда.

Жоғарғы оқу орындарында  ғылыми зерттеу жұмыстарын кеңінен енгізу студенттерді ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуына жағдай жасады - бұл жұмысты енгізудің ең басты факторы жас  мамандарды жаңа заманға сай, жаңа технологиямен таныстыру болып табылады. Мамандардың білімін жаңа заманға сай жаңа ғылыми, техникалық және мәдени дәрежесін көтеру негізінен ғылыми зерттеу жұмыстарының көмегімен орындалады деуге болады. Ал оларды жүргізуді қадағалап, орындайтын оқытушылар құрамы.

Ғылымдағы жетістік - оқу орнының өлшемі. Неғұрлым жоғарғы оқу орнының ғылыми дәрежесі жоғары болған сайын солғұрлым оның оқу-әдістемелік базасы мазмұнды болады. Университеттің жаңа мәртебесі - отандық аграрлық білім мен ғылымның заман талапына сай дамуына тың серпін берері сөзсіз.

Ботагөз КЕНТБАЕВА,
Орман ресурстары және аңшылықтану кафедрасының меңгерушісі,
биология ғылымдарының докторы, профессор

Мұхтар БАЙБАТШАНОВ,
Орман ресурстары және аңшылықтану кафедрасының
қауымдастырылған профессоры, ауылшаруашылығы
ғылымдарының кандидаты

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста