Ғалым Мұхтар Байбатшановтың мектеп оқушыларымен тағылымды кездесуі өтті

Ғалым Мұхтар Байбатшановтың мектеп оқушыларымен тағылымды кездесуі өтті

СӘРСЕНБІ СӘТТІ КҮН..

Ақпан айының екінші аптасының сәрсенбі күні Алматы қаласындағы , Алмалы ауданына қарасты , М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектеп директоры Есдаулетова Жаннат Жұмаділқызы 9-11 сынып оқушылармен тақырыптық шараны ұйымдастырды. Шараға ауыл шарушылығы ғылымдарының кандидаты, Орман ресурстары және аңшылықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Мұхтар Байбатшанов келді. Кездесу барысында Мұхтар Қасенұлы өз басынан өткен қызықты жағдайларын, жоғары оқуға түсуге бес рет талпынғанын және де ол кісіге бірден түсе алмағандығы, арасында қой бағып әдеби шығармаларды оқығандығы туралы әңгімелеп берді. Әрине осы әңгімеден кейін оқушылармыздың бойында болашаққа мамандықтарын айқындау деген ұғымға талпынысы артты.

Бүгінгі күні Байбатшанов Мұхтар 100-ден аса ғылыми еңбек жазған. Ғалымдармен бірлесіп жазған «Бөдене өсіру ерекшеліктері», «Перепеловодство», «Биология разведение перепелов», «Птицеводство», «Ауыл шаруашылық құстарының түрлері мен кросстары», «Зоогеография», «Қой және ешкі өнімдерін өндіру технологиясы 1-2 томдығының», «Каракулеводство», «Ара шаруашылығы», «Общая зоотехния», «Частная зоотехния», «Қоян шаруашылығы», «Нетрадиционное птицеводство Казахстана» оқулықтарымен оқу құралдарының және бірнеше әдістемелік нұсқаулықтың авторы. Ғылым жолында жүріп, өлең, әңгіме жазады екен. 

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, академик Т.И. Есполовтың қолдауымен 2003 жылы (университет студенттері арасында алғашқы) «Мен қонақпын» өлең кітабы шыққан. 2003 жылы «Мәңгілікке тілейтін тілегім бар» атты жыр кеші өткен. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Мал шаруашылығы технологиясы» факультетінің 2003 жылғы «Ең үздік студенті», сол 2003 жылы институттың «Ең дарынды студенті» атанған. Әрине осындай кездесулер балаларды арман жолында талмай ізденуге жетелейді. Кездесу барысында оқушылар белсене сұрақ қойып, қызығушылықпен тыңдап,  ғалым Мұхтар Байбатшановтың авторлық жеті кітап тартуына ие болды. 

Тақырыптық кездесулер жасөспірімдердің болашақ мамандық таңдауына қажет.
Шараға PR саласының сарапшысы Батима Кабдолданова, мектептегі жас мамандар, сынып жетекшілер қатысты.

Балым САНБАЕВА,
М. Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектептің психологы.
Алмалы ауданы, Алматы қаласы



ҒЫЛЫМ ШЕКСІЗ ӘЛЕМ

2019 жылдың 6 ақпаны күні, біздің М. Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектепке ауыл шаруашылығының кандидаты, бөдене құсын зерттеген ғалым Байбатшанов Мұхтар Қасенұлы келді. Мұхтар аға 1977 жылы 26 желтоқсанда Алматы облысы Алакөл ауданы Екпінді ауылында дүниеге келген екен. Мұхтар аға қазіргі таңда Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің қауымдастырылған профессоры болып қызмет атқарады екен. 

Оқушылардың қызыққан сұрақтарының бірегейі «Бөдене шаруашылығы» туралы болды. Мұхтар аға «Бөдене шаруашылығы» енді дамып келе жатқан шаруашылық екенін, оны көбейтудің жолдарын жасауды, Қазақстанда құс шаруашылығының дамуына талаптанған жастарға үлес қосуға шақырды. Ол кісі өте білімді, көп ізденіп кітап оқығанның арқасында он жеті ғылыми оқулық, 100-ден аса ғылыми мақалаларда тәжірибесі жазылғандығын айтты. Белсене сұрақтар қойған оқушыларға авторлық кітаптарын сыйға тартты. 

Мектептің ұстаздарына, оқушыларға өзінің керемет өлеңін оқып, барлығымыздың ата-аналарымызға деген Құрметті арттыруымызды тапсырды. Мен өзім бір керемет әсер алдым. Мұхтар аға, еліміздің ауылшаруашылығының дамуына, әлемге таныта беріңіз дегім келеді.

Жансая МҰХАНБЕТ,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектеп.
Алмалы ауданы, Алматы қаласы 


ЕЛ ЕРТЕҢІ – БІЛІМДІ ЖАСТАР

Қазақстанның болашағы ол бүгінгі білімді жастар. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, қазақ жастарын білімге бағыттап, өздерінің болашақ мамандықтарын дұрыс таңдаулары үшін өз үлесін қосып, бағыт бағдар беріп, өзінің жоғарғы оқу орнына бірден түсіп кетпегендігін, оқуға түсу үшін қанша рет талпынғандығын айтып оқушылармен әңгімелесіп, сұхбаттасқан Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұстазы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Ауыл шарушылығы ғылымдарының кандидаты, Орман ресурстары және аңшылықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Мұхтар Қасенұлы Байбатшанов ағайымыз М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектепке келіп, оқушылармен кездесіп қайтты. «Мақтанышым-мамандығым» тақырыбында өткен кешке 9-11 сынып оқушылары қатысты.

 

Мұ[тар ағайымыз ерік-жігер мен қажырлы еңбегінің, болашаққа деген талпынысының арқасында осындай дәрежеге жеткендігін атап өтті. Биылғы мектеп бітіретін түлектерімізге мамандық таңдағанда жаңылыспай, санаға сәуле шашқан оқу білімдерінің тізгінін дұрыс ұстап, түзу жолдан таймай, келешектерінің ірге тасын дұрыс қалану үшін оқушылардың жанына жақын мамандықты таңдау керектерін айтып кетті. Таңдалған мамандық ол өзіңнің нұрлы болашағы, өмір бойындағы азығы. Білім бар жерде кемелдену, жетілу және даму бар. 

«Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман», - деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай Мұқтар Қасенұлы түлектерімізге тек өздеріне және білімдеріне сеніп алдағы тапсыратын ҰБТ-ден жоғары көрсеткіш көрсетулерін тіледі. 

Кездесу барысында оқушылар М.Қ. Байбатшанов ағайға өз сауалдарын жолдап, өздеріне қажетті ақпараттарды және жақсы әсер алды. Оқушыларымыздың осындай жақсы әсер алғандары, керемет кездесудің куәсі болуымыз мектеп басшысы Жаннат Жұмәділқызы Есдаулетованың арқасы және де осы кездесуге өз уақытын бөліп қонақ болып келген Мұхтар ағамызға мектеп басшысы өз алғысын білдірді. Еліміздің болашағы, дамуы жастардың еңбекқорлығына, талап-тілегіне, арман-мұратына байланысты. Сондықтан, біз жас ұстазар еліміздің болашағы үшін, көркейіп гүлдену үшін, өсіп-өркендеуі үшін әрқашанда жалынды еңбек етуге даярмыз.

Асия Рахимжанқызы БУТАБАЕВА,
М.Әуезов атындағы № 128
жалпы білім беретін мектептің
физика пәнінің мұғалімі



ЖАСТАР ЖЫЛЫ АЯСЫНДА ...

Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2019 жыл «Жастар жылы» - деп айтуының өзі бүгінгі ұрпағымызды жан-жақты қолдайтынын айқындай түседі. Жастарымызға түрлі тәрбие берумен қатар, дұрыс жолды таңдауларына насихаттау жұмыстарын жүргізуде үлкен серпіліс жасай отырып, нәтижелі шешім қабылдауына көмек беруіміз керек. 

2019 жылдың 6 ақпан күні Алматы қаласы, Алмалы ауданының төрінде орналасқан М. Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектептің директоры Есдаулетова Жаннат Жұмаділқызының ұйымдастыруымен «Жастар жылын» қолдау мақсатында 9,10,11 сынып оқушыларымен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің қауымдастырылған профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Байбатшанов Мұхтар Қасенұлымен кездесу кеші жоғарғы деңгейде өткізілді. 

М.Қ.Байбатшанов мектеп оқушыларының бойында батылдық қадам жасауда өмірден ешқандай уақытта жеңілмеу керектігін айтты. Себебі мектеп оқушылары тәрбиені алыстан емес, жанындағы ұстаздарынан, ата-анасынан, жолдастарынан алатына тоқталды. Жастарымыз жігерілене отырып, жетістікке жетіп отыруы керек. Оқушы бойын рухани байытып, өнер жолын таңдауда жүрегіміздегі шабытты оятады - дей отыра «Бабам қазақ» өлең жолдарын оқып берді. 

«Аң шаруашылығы» жайлы кең әңгіме өрбітіп, өзі зерттеген бөдене жұмыртқасының адам ағзасына деген пайдасын, күш-қуаттын арттыратындығын баяндады. Оқушылардың қызығушылықтары арта түсіп, қадірменді қонаққа мамандық таңдауда түрлі сұрақтар қойып, өмірмен байланысқан нақты жауаптарын ала отырды. Оқушыларға өзінің авторлық кітаптарымен бірге, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің газетін сыйға тартты. 

Айзада БАТЫРБАЕВА,
директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары ,
М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектеп.
Алмалы ауданы, Алматы қаласы



Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста