Айжан МАМЫТОВА, жас өнертапқыш: Жылудың күшімен балама энергия алуға болатынын дәлелдедім

Айжан МАМЫТОВА, жас өнертапқыш: Жылудың күшімен балама энергия алуға болатынын дәлелдедім

Жақында Шымкент қаласының білім басқармасы «Білім беру: бүгіні және ертеңі» деген тақырыпта көрме өткізді. Көрмеге жас өнертапқыштар жүзден аса жаңа жоба ұсынды. Сарапшылар «Үздік ғылыми жұмыс» деп Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы Айжан Мамытованың жобасын атапты. Біз Айжанмен сөйлесіп, жобасы жайында сұраған едік.
А.Мамытова: Көрмеге 120-дан аса жұмыс қойылды. Соның ішінде ұйымдастырушылар екі жобаны үздік деп таныды. Алиса мен Адина кеміргіш жәндіктермен күресудің тиімді жолын ұсыныпты. Өздері бастауыш сыныпта оқыса да, талаптары таудай. Екінші менің жұмысыма оң бағасын берді.
Үлкен кісілерден Кеңес одағы тарағаннан кейін, шаруашылықтарын жарықтың жоқтығынан тоқтатқанын жиі естимін. Сонда жарықтың орнын басатын қуат көздерін іздейтінмін. Балама энергия туралы естігенде, тынысым ашылғандай болды. Біздің елдің ауа райы күн қуатын пайдалануға қолайлы екен. Балама энергетика деп – энергияны дәстүрлі қазба көзінен емес, күн, жел сынды табиғи жолмен алуды айтады. Механикалық, жылу немесе басқа да түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын жаңартылған энергетика саласы. Мен энергия тарту үшін жаңа технологиялармен жұмыс істедім. Яғни, тек кәсіпорындарға арналған жаңа энергия көздерін ұсынамын. Елбасы бір сөзінде: «Біз энергияның балама түрлерін өндіруге, оны дамытуға, күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз», – деген екен. Десе де, біз жел, күн көзінен баламалы энергия алуға болатынын білмейміз. Еліміз мұнай, газ, көмір сынды қазба байлықтарға бай болғандықтан, мән бермейміз. Бірақ, әр нәрсенің соңы болады ғой. Бүгіннен бастап, балама энергияны жолға қойсақ, тапшылықтың алдын алар едік. Жақында Ақтөбеде бір кісінің баламалы энергия арқылы шаруашылығын жүргізіп отырғанын естідім. Күн сәулесі мен желдің күшін пайдаланыпты. Орнатқан жел генераторы 2 КВт, күн генераторы 3 КВт энергияны тартады екен.
Ұлан: Жобаны тәжірибе жүзінде жасап көрдің бе?
А.Мамытова: Әрине, жасадым. Бұл энергия алудың өте тиімді жолы деп санаймын. Негізгі жұмысты жеңіл маятниктер жасайды. Маятник қозғалғанда, энергия бөлінеді. Егер маятник жылдам әрі ұзақ уақыт қозғалыста болса, энергия көп бөлінеді. Ал маятникті қалай қозғалысқа келтіреміз? Жылу арқылы. Ал жылуды қалай аламыз? Жылуды Екібастұз көмірінен аламыз. Оны қолданудың басты ұтымдылығы – арзан жылу көзі. Мен шағылысу әсерінен, судан, күн көзінен балама энергия алу бойынша жұмыс жасадым. Бірақ, жел мен жылу арқылы жұмыс жасау өте оңай әрі арзан көрінді.
Ұлан: Қандай кітаптар оқыдың?
А.Мамытова: Түрлі энциклопедияларды, энергияға қатысты кітаптарды оқыдым. Оған қоса, география, физика оқулықтарының көмегі көп болды.
Ұлан: Тағы қандай жобаларың бар?
А.Мамытова: Бала кезімнен жауабы қиын сұрақтар жиі мазалайтын. Ғылыми кітаптарды оқығанды жақсы көретінмін. Алдымен мектепішілік жарыстарға қатыстым. Кейін облыс, аудан көлеміндегі сайыстарда топ жардым. Алғашқы ғылыми жұмысым – экология туралы. Онда Арал теңізінің болашағы жайлы зерттедім. Теңіз суларын зерттей отырып, қызықты мәліметтер оқыдым. Мәселен, Аралдың тұздылығы соншалық, Гренландия аралына жетіпті. Тұздың мұздықтарға жетуі өте қауіпті құбылыс саналады. Бұл тек біздің елдің емес, бүкіл әлемнің проблемасы. Тұздың адам денсаулығына кері әсері өте жоғары. Ғалымдардың болжамдарын, зерттеулерін оқыдым. Құмды жерлердің астында жерасты суы болады екен. Ал біздің елімізде Мойынқұм сынды құмды жерлер көп қой. Осы жерасты суын Арал теңізіне тартсақ деген ұсыныс айттым. Сосын теңізге құятын Сырдария, Әмудария өзендерінің суын шаруашылыққа қолдану қажет. Бірақ бұл жұмысқа көп қаржы қажет. Ұсынысым түрлі жарыстарға қатысып, жеңімпаз атануыммен шектелуінің бір себебі де сол шығар.
Ұлан: Қандай жарыстарға қатыстың?
А.Мамытова: Нақты саны есімде жоқ. Соңғы рет Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті республикалық олимпиада өткізді. Сонда ректордың арнайы грантын жеңіп алдым. Жұмысты үлкен жауапкершілікпен жасадым. Алдымен ғаламтор арқылы баламалы энергия көздерін қалай алуға болатынын зерттедім. Нақты жаңалық аштым деп айта аламын. Жобаны былтыр М.Әуезов атындағы университет ұйымдастырған ғылыми жобалар жарысына ұсындым.
Ұлан: Демек, ҰБТ-ға қатыспайтын болдың ғой?
А.Мамытова: Керісінше, ұлттық тестілеуге қатысып, бағымды сынамақпын. Мүмкін, басқа оқу орнына гранқа түсермін деген үмітім бар.
Ұлан: Алға қойған жоспарыңмен бөлісесің бе?
А.Мамытова: Әрине, жоспарым өте көп. Баламалы энер-гия көздерін дамытып, елдің игілігіне жаратсам деймін. Арал теңізі арнасына сыймай ағып, ел-жұрттың қуаныштан көзіне жас алғанын көргім келеді.
zhasorken.kz Гүлфарида ЗЕЙНУЛЛИНА
(«Ұлан», №14, 7 сәуір 2015 жыл)

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста