Әйелдер мейрамында шаттыққа бөленді

Әйелдер мейрамында шаттыққа бөленді

Көктемнің басындағы нәзік жандар мейрамы бүкіл адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайтын думанды күн. Бұл мерекеге дайындықтың әуресі көп болғанымен, өскелең ұрпақ бойында жағымды әсер қалдыратыны анық. Мереке қарсаңында мектеп бойынша ұйымдастырылған шаралардың негізгі мақсаты - аналардың рөлін көтеру, қоғамдағы әйелдер бастамасында жағымды көзқарас қалыптастыру, оқушы бойында анаға деген мейірімділікті, адамгершілікті ұялату, қыз балалардың көркемдік талғамдарын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Мектеп оқушыларының «Ана бақыты-бала бақыты» атты ұйымдастырылған мектепішілік мерекелік концерті мұғалім-аналарымыздың көңілінен шығып бір марқайтып тастайтыны анық. Оқушылар оқыған өлең жолдары, билері арқылы, әсем әндерімен аналарға деген ыстық сезімдерін, алғыс пен құрметтерін білдіріп, осынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек қана аналармен ажарлы екендігін білдіретіні тағы белгілі.
Біздің мектепте мерекеде бастауыш, орта буын және жоғарғы сыныптарда ең алдымен сынып ішінде «Көктем аруы» сайысы ұйымдастырылып, іріктелген, жеңімпаз атанған арулар мектепішілік сайыста, өздерінің эстетикалық талғамдарын, сыпайылықтарын, салт-дәстүрге байланысты әдептіліктерін, білімдерін ортаға салды. Жастар орталығының мамандары Дүспек Жанна, мәдениет үйінің қызметкері Қалиқайдар Медет әділ қазылар алқасында төрелік етіп, мақтау қағаздарын табыс етті.
1-2 сыныптар арасында ұйымдастырылған «Супер ана!» сайысы әсіресе, ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, ата-ана беделін арттыру, ананың бесаспаптығын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.
Сайыста ата-аналар өздерін таныстыра отырып, өнерлерін ортаға салып, «Білім сайысында» салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап берді. «Шебер қолдар» бөлімінде 10 минуттың ішінде алжапқыш тігіп, аспаздық шеберліктерін көрсетіп, салат түрлерін көрермендерге тару етті. Сайыстың қорытындысында Әбілмәжінова Күләш «Супер апа!» атанып, қалған ата-аналарға номинация бойынша мадақтама қағаздары табыс етілді.
Мектептің «Көмек» атты қолқабыс тобы бекітілген қарттарға барып қолқабыс етіп, мереке қарсаңында өздерінің дайындаған сыйлықтарын табыс етті. Біз үлкенге қол ұшын беріп, көмектесу арқылы келешек ұрпақты имандылыққа, еңбек сүйгіштікке және адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеуді қалыптастырамыз.
Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Бір шаңырақ астында» атты тәрбие шарасы өткізіліп, ата-аналар қатысты. Оқушылар көп ұлтты қазақстандықтардың қай уақытта құрылғандығы жөнінде мәліметтер жинақтап, әр ұлт және ұлыс өкілдеріне сипаттама беріп, слайд арқылы баяндап берді. Даярлаған өнерлерін ата-аналар мен мұғалімдерге тарту етті.

Гүлназ Қабдыкәрімова
тәрбие ісінің меңгерушісі

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста