Тылсымға толы теңіз

Тылсымға толы теңіз

Қайсыбір кезеңде ақ жал толқыны жағалауды ұрып жататын, ауқымы көз жетпес көкжиекке ұласатын Арал теңізі қаншама ғасырдан бері адамзат баласымен бірге өмір сүріп келеді. Әрине, соңғы 50-60 жылдағы ахуалы жұмыр жердегі жұрттың жанын жегідей жейтін жағдай саналғанымен, баз бір кезеңде теңіздің аққу ұшып, қаз қонған базарлы шағын көргендер де аз емес. Тарихтың қалың қатпарлы беттеріне үңілсең, тұтас бір дәуірлерге созылатын деректерге кезігіп, сол жайында зерделі зерттеулерге зер салуды дұрыс көретінің ақиқат.
Бір қызығы, әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалып жүрген сауалдар да алдыңнан шығып, оған нақты тұжырым таба алмастан күмілжіп қалатын кезіміз аз емес. Сол бір дәуірлерде тасқа басылып қалған шежіре біздің қолымызда жоққа тән десек те болады. Алыс-жақындағы елдердің жұмыр жерді тануға шыққан жиһанкез жандары жазып қалдырған бірді-екілі еңбектері сол сауалдың ұштығын ұстатқандай болатыны рас. Дегенмен олардың барлығы белгілі бір кезеңнен ғана сыр шертуден әріге аса қоймайды. Әйтсе де өткен шақтан аз-маз болса да мағлұмат алып, теңіздің тіршілігі жайында білеміз.
Ерте кезеңдегі деректерде Арал теңізінің ауқымы бұдан кең болғаны айтылады. Тіпті бұл уақытта аталмыш су айдыны Каспиймен қосылып, екі теңіздің ортасы бөлінбей жатқан көрінеді. Иә, бүгінгі күні ол заманды көзі көрген тірі пенде қалған жоқ. Бірақ әрбір еңбектен тірнектеп жинаған мәліметтерде солай деп көрсетіледі. Ұзақ жылдар бойы теңіз жайында зерттеу жүргізіп, сан алуан кітаптарды парақтап, көптеген құнды деректі жария еткен инженер-гидротехник, «Аралға араша» қоғамының мүшесі Хамза Суханбер­дин ағамыз бұл тұрғыда біраз еңбектер қалдырды.
Түрлі болжамдарға сүйенген ол кісі бағ­зы замандарда Аралдың Каспиймен қосылып жатқаны жайындағы ақпараттар­ға кезіккен. Нақтырақ айтқанда, кайнозой дәуірінің орта шенінде қоршаған ортаның заңдылығымен дәл осындай көрініс бол­ған екен. Бұл шамамен 21 млн жылдай бұ­рын деуге негіз бар. Бір қызығы, дәл осы байланыс беріге дейін жалғасқан. Осыдан бес ғасырдан астам уақыт бұрын да сол жағдай жағасындағы елдің көз алдындағы көрініс болғанға ұқсайды. Жалпы алғанда, Каспий теңізі әлемдегі ең тұйық көл санал­ғанымен, іргесі бөлінбеген қос су айдыны бүгінгі заманнан 12-13 мың жылдай бұ­рын Қара теңіз бен Жерорта теңізі арқылы әлемдік мұхитпен шектескен өте ірі су ай­дыны болған деседі.
Оған дәлел болатын дүниелер де жоқ емес. Теңіздің теріскей бетіндегі Сарышы­ғанақ, Ақеспе маңайында 70-80 метр тереңдіктен қызыл балық, ірі денелі ұлу, киттің омыртқа сүйектері табылған. Қазір тасқа айнала бастаған бұл заттар Аралдың кезінде мұхитпен қосылып жатқанын аңғартатын секілді. Қайсыбір кезеңде осы жерлерден акуланың тісі мен сүйегінің та­бы­луы біздің көкейдегі сауалға жауап тап­қандай болады. ХІХ ғасырдың орта тұсын­да Арал-Каспий ойпатының пайда бо­­луы­­нан да көптеген нақты деректерге қол жеткізе аламыз. Геологиялық ерте кезеңде Арал бассейні Жерорта теңізімен іргесі бөлінбеген су айдыны екенін аңғар­тып отыр. Ал одан кейінгі кезеңдердегі аль­пілік дәуірлерде жер қыртысы көтеріл­ген. Осының нәтижесінде олардың ұсақ су айдындарына бөлінгенін түрлі еңбектерде айтылады. Сондықтан да болар, Арал теңізінің көлемі мен ол жайындағы түрлі таным-түсініктер көне деректерде көбірек кездеседі.
Аталмыш теңізді зерттеу ісі бүгінгі күннен басталған жоқ. Бұл тақырып талай ғалымның, жиһанкездің қызығушылығын туғызған. Сол жасалған зерттеулерді тара­зылай отырып, Арал теңізі бассейні мен оның жағалауының даму кезеңдерін ба­ғам­дауға мүмкіндік бар. Сондықтан бұл су айдынының өзгеру сипатын анықтау онша қиынға соқпайды. ІХ-Х ғасырларда араб ғалымдары көптеген тың деректерді жа­зып қалдырған. Бұл еңбектер аса құнды саналады. Себебі оларда Аралдың көлемі мен жағалауының пішіні туралы көптеген деректер бар. Атап айтқанда, Ибн Хордад­бек, Ибн Руста, Әл-Масуди, Әл-Истахри секілді ғалымдар бір кезеңдерде осы өл­кеде ат шалдырып, теңіз жайында біздерге құнды мәліметтерді жазған екен. Олардың еңбектерінде Әмудария Жейхун, Арал Күрдер (Кердері) деп айтылады. Араб географы Әл-Истахри теңіздің Хорезм аталғанын келтіре отырып, Сырдария өзені туралы да бірқатар деректерді келтіреді.
Біз өзіміз өмір сүріп отырған жаңа мың­жылдық басында қазақстандық ғалымдар теңіздің кепкен табанынан көне шаһардың орнын тапты. Бұл барша жұрттың қызығу­шы­лығын оятты деп айта аламыз. Өйткені осы күндерге дейін ғалымдар теңіздің тартылуы жөнінде түрлі болжамдар айтып келген еді. Олардың бірқатары Аралдың белгілі уақыт шамасында табаны кеуіп, қайтадан толып жататынын айтқан еді. Те­ңіз табанынан көне шаһардың орны та­был­ған сәтте сол болжамның рас әңгіме екеніне көпшіліктің көзі жеткендей болды. Бұл да су айдынының құпиясын ішке бүк­кен тағы бір сыры деп ұқсақ артық емес.
Қайсыбір жылдары Қазақ ғылыми-зерттеу институтының ауа райын бақылау орталығы қызметкерлері теңізді ұшақпен суретке түсіру кезінде адам таңғаларлық жайларға тап болған. Тартылған теңіз табанында кем дегенде 500 шаршы метр алаңда бір бағытқа тартылған көптеген ірі сызбаларды байқаған. Олардың кейбірінің ені 2 метрден 50 метрге дейін жеткен. Бір ерекшелігі – сызбалар бір-бірінен аумай­ды. Алайда мамандар қанша зерттеу жүр­гіз­генімен, бұл түйінді тақырыпты тарқата алған жоқ. Олар неден пайда болды? Әрине, оған әлі күнге дейін нақты тұжы­рым болмай тұр. Бұл жағдай теңізді зерт­теуге байланысты тағы бір жұмыстарды қолға алудың қажеттігін көрсетіп отыр.
Қысқасы, біз үшін Аралдың кілті табыл­маған жұмбағы көп секілді. Оның жауабын таба аламыз ба? Табиғаттың тылсым күшін зерттеуге таяу жылдарда шамамыз келер ме екен?..

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста