Сыры жұмбақ Бөрітостағанды айдалаға кім тастаған?

«Тарбағатайдың әр тауы, әр сайы аңызға толы, ашылмаған сыр бүгіп жатыр» деп мақтан тұтады тарбағатайлықтар өз өңірлерін.
Қонақжай халықтың сырт жұртқа көрсетер ең алғашқы кереметтерінің бірі – Бөрітостаған тасы (Кейбіреулер оны Бөрітастаған деседі). Ерекшелігі сол – бұл тас басқа таулардан бөлек, мидай жазық далада жатыр. Тау жыныстары одан 50-60 шақырым қашықтықта орналасқан. Сонда бұл – қайдан шыққан жартас?

Ұршықтан ұшқан тас
Өзі төртбұрышты әрі биік жартас «Бөрітостағанның» аты да, заты да жұмбақ. Қилы болжамдар жетіп артылады. Басы аңыздан басталып, соңы тіпті ғылыми болжамдармен аяқталады. Қайсысы рас, қайсысы жалған екені Бөрітостағанның өзіне ғана аян.

«Ертеде Тарбағатай тауларының бірінде ірі денелі алып кемпір өмір сүріпті. Бір күні алып апа отарлы қойын жазыққа жайып қойып, терең ойға батып, ұршығын иіріп отырғанда, қарайған қасқырды көреді. Отарына да, өзіне де тыным бермеген көк бөрілерге әбден зығырданы қайнаған алып кемпір иіріп отырған ұршығының тасын лақтырып, қасқырларды үркітіп жіберіпті-міс. Өзі алып болса, кемпірдің ұршығы, ұршығының тасы қандай боларын елестете беріңіз... Осы Бөрітостаған сол алып кемпірдің ұршығының тасы екен». Бұл – Тарбағатайдың әр тумасы білетін ең алғашқы болжам, ел жадындағы аңыз.

Болжамдардың бірі-бірінен өтеді
Физикалық-математикалық болжам бір басқа. Шығысқазақстандық математик Тоқтар Нұркенов «Бөрітостаған» аспаннан түскен қатты дене деген болжам айтыпты. Ол бұл тас «метеориттік қопарылыс кезінде ұясынан жылжып кеткен пергаменттік дене болуы мүмкін» деген. Тіпті ол осы тас маңынан салмағы 1,5 грамм болатын темір сынықтарын тауып алыпты. Олар таза никель мен темірдің қоспасы көрінеді.

Ал аймаққа келген геологтердің пайымы бөлек. Олар «бұл тас мол су көзін басып жатыр» дейді. Жергілікті халықтың білуінше, бұл сөздің жаны бар, өйткені Бөрітостаған тастарының арасы үнемі ылғалданып жатады екен.

Аудан тұрғындарының айтуынша, Бөрітостағанның ұзын тұрқы 250 метрден асса, ені 10 метрден асады екен. Ал биіктігі төрт қабатты ғимаратпен тең деседі. Терістік батысы жадағайлау болғандықтан, тас төбесіне адамдар көбінесе сол жағынан шығады. Құз тастары күндіз жылтырап жатса, жауын-шашынды күндері тайғанақ. Халықтың да, ғалымдардың да соңғы бір болжамы мынандай: Балқаш, Алакөл, Зайсан арасы бағзы заманда тұтасып жатқан көл болуы ықтимал, уақыт өте келе су тартылып, оның орнында осы құздар қалуы да мүмкін ғой.

Қазақстанның жеті кереметіне лайық
Бөрітостағанның тасын тергендер көп дауласты. Әлі де нақты шешім, жұмбақ жауабы шыққан жоқ. Біздің білеріміз – бұл ерекше табиғат көрінісі. Тарбағатайдың табиғат жанашырлары мен өлкетанушылары құпия жартастың сырын ашуға асық. Айдалада жатқан жартасқа «Табиғи ескерткіш» статусын алып беру де тарбағатайлықтардың ойында жүр.

Ержан ҚҰТТЫБАЕВ, «Тарбағатай табиғаты» экологиялық қоғамдық ұйымының төрағасы:
– 1995-96 жылдары осы Бөрітостағанның тасын алып, Алматыда өткен ғылыми-практикалық конференцияға бардым. Ол жерде білгір мамандармен сұхбаттастым. Олардың көбісі бұл – кәдімгі тау жынысы деген тоқтамға келді. Не болса да, Бөрітостаған – табиғаттың сыйы. Оны әлі де зерттеп, қажет болса, жартастың дәл қасында ғылыми басқосу өткізіп, «табиғи ескерткіш» статусын әперуге де болады. Қазақстанның жеті кереметінің қатарында тұрса да, артық емес. Туристер ағылып келіп жатпаса да, бұл өңірге келгендер осы жартасқа соқпай кетпейді.

Қонысбек АҚЖАСАРОВ, Тарбағатай аудандық өлкетану мұражайының директоры:
– Бұл жерде мына ғалымдікі дұрыс, мынанікі бұрыс деп, талас туғызатын ештеңе жоқ. Ол жартасқа табиғаттың ерекше бір құбылысы деп қараған жөн. Оған байланысты аңызды да алып тастауға болмайды. Бұл аңыздың әсіресе кішкене балалар үшін тағылымы мол.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста