Барқытбелдің баурайында – ұжмақтың бар пұшпағы

Барқытбелдің баурайында – ұжмақтың бар пұшпағы

Тарбағатай тау сілемдерінің күнгей атырабын жергілікті жұрт Барқытбел деп атайды. Десе дегендей. Қойнауы құтты – суы бал, топырағы нәр. Уыстасаң алақаныңда май ұстағандай әсер қалдыратын қара топырақты, құйқалы өңір. Шығыс Қазақстанның өзге аудандарына қарағанда, бұл аймаққа көктем ерте келеді. Күз кеш түседі. Қысы жайлы, қоңыржай климатты, шаруаға қолайлы. Шүйгініне жайылған мал бойламайтын, тарам-тарам мол сулы алап. Облыстағы ірі аудан болғандықтан ба, табиғат әлемі де әр алуан – кіші Қазақстан дерсің... Айдынды көл, асқаралы тау, қарсақ жортпас дала, аюдан басқа аң баспайтын қалың жыныс та бар.
Мәселен, осы аймақта алманың жабайы түрі көп өседі. Демек, Барқытбелдің баурайы – осы жемістің байыр­ғы отаны.
Жасыл желекке малынған облыс түстігінде қолдан егілген қалың алма ағашынан бұрын, бүкіл таулы өңірді алып жатқан табиғаттың өзі өсірген жабайы алма аға­шынан тұратын тоғайлар көп. Жабайы алма Сиверс ал­ма­сы деп аталады. Барқытбел баурайында қоңыр аюлар мекен етеді. Жабайы алма – солардың негізгі қорегі.
Барқытбелдің күнгейі көкөніс пен жеміс-жидекке аса бай. Соңғы жылдары шаруалар азықтық және техни­ка­лық пайдасы зор соя дақылын өсіруге ден қоюда. Мық­тап қолға алса, бұл аймақта құрылған көкөніс белдеуі бү­кіл облысты қамтамасыз етуге жетеді.
«Қодар қазғанда» не құпия бар?
Ауданның батысы Аягөз өңірімен шектеседі. Көделі дала көне дүниенің небір құпияларын ішіне бүгіп жатыр. Саз кірпіштен қаланған шошақ бейіттерден басқа құры­лыс жоқ.
Бұл атыраптың жері сортаң, шөлейтті болғандықтан елсіз. Ай өзенінен өткен соң, тобылғы тұнған қырқалы жо­талар басталады. Cоқпақсыз сайын дала төсінде кемір­гіштерден басқа қыбыр еткен тіршілік иелері жоқ. Жаз соңында құрғап қалатын тұзды көлшіктер ғана ай­на­дай жарқырап жатқаны.
Осынау кең атыраптың әр тұсында қолмен қазғандай әсер қалдыратын алып орлар кезігеді. Жергілікті жұрт бұл шыңы­рауларды Қарабайдың малын суару үшін Қодар құлдың қаз­ған құдықтары деп түсін­діреді. Құла­малы, кей жерлері тік жарқабақты, үй орнындай тобылғылы те­рең шұң­қыр­ларды табиғаттың өз туынды­сы деу­ден гөрі, аңызда айтылатын Қодар­дай қара күш иесінің азапты жұ­мы­сының бүгінге жеткен айғағы деу ақылға сыяды. Ел аузында сақталған ежелгі дерек бойынша эпоста айтылатын Қарабай мың­ғырған малын осы өлкелерде жайса керек. Тіпті Қозы-Көрпеш мазары орын тепкен Таңсық өңірі бұл аймақтан аса қашық емес.                    
Елсізде ескі жұрттың орны көп. Тастан қаланған, бүгінде қирап, қияқ шөп басқан көне тамның шөгінділері жиі кездеседі. 
Ай, Шолпан, Таңсық атты үш елді ме­кен­нің ортасындағы ұлы дала өз бойына осындай сыр бүгіп жатыр. Қазақтың бар­лық жері хикметке толы емес пе!? Көне­нің сүрлеуімен, кешегі Қарабай көшінің ізімен жүрсек, Үржар өңірінде де зерттеу ны­са­на­сына алуға лайық жерлер жетерлік. «Қо­дар қазған» соның бір мысалы ғана. Ұшар басына шығып, көшкен бұлтты көсіп-көсіп жіберуге болатын Ақшоқы биігінің өзі неге тұрады? Жергілікті жұрт арасын­да­ғы аңызға сүйенсек, Қарабай мыңғырған жылқыларын бақылау үшін осы таудың шыңына шығып, күн астындағы кең далаға көз жібереді екен. Айтарлығы сол, көкке ұмсынған осы шыңның өн бойы қыста да пана болуға жарайтын терең үңгір, етегі ескі қорым мен балбал тасқа толы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста