Аспан астындағы ашық мұражай

Тұма тарихты бауырына басып жатқан Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті бұл қасиетті аймақтың өркениет пен мәдениет ошағы болғанын айғақтап бергені мәлім. Тарих ғылымына Беғазы-Дәндібай мәдениеті деген атаумен енген Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы ескерткіштерді алғаш рет Әлкей Марғұлан ашқаны аян. Нақтырақ айтсақ, ғалымның басшылығымен 1947-1952-ші жылдар аралығында Беғазы тауларының етегінде қазба жұмыстары жүргізілген дейді деректер.
Беғазы мәдениетіне жататын тарихи жәдігерлер ерте заманнан, дәлірек айтқанда, қола дәуірінен жет­кен мұралар. «Беғазы» деген атау сол жердегі Беғазы тауына, Беғазы өзеніне байланысты қойылған. Дән­ді­бай да – жер атауы. Осы екі атау біріктіріліп, сол жер­дегі ежелгі өркениет қонысын «Беғазы-Дәндібай мәдениеті» деп атайды тарих ғылымында.
Ерте дәуірдегі Қазақстанның тарихынан сыр қозғайтын «Беғазы-Дәндібай мәдениеті» – Қара­ған­ды облысындағы аудан орталығы Ақтоғай кентінен 40 шақырымдай жерде. Бұл тарихи мекенді зерттеп, оның ежелгі тарихымыз үшін маңызын айқындаған ғалым – әйгілі академик, тарихшы, этнограф Әлкей Марғұлан. Ғалым бастаған арнаулы археологиялық топ Беғазы-Дәндібай мекенін 1947-1949 және 1952 жылдары жан-жақты зерттеді. Осы зерттеулер негі­зін­де Қазақстан тарихы үшін ғана емес, көне дәуірлердегі жалпы адамзат тарихы үшін маңызды ғылыми қоры­тындылар жасалғаны әмбеге мәлім.
Беғазы-Дәндібай қонысынан табылған заттар бұл обалардың біздің заманымыздан бұрынғы ІХ-ҮІІІ ғасырларға, яғни қола дәуірінің соңғы кезеңіне жата­тын мәдениетті сипаттайтынын дәлелдеп бергені және белгілі.
Академик Әлкей Марғұланның анықтауынша, Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшелігі – ескі қола мәдениетінің түрлері өзгеріп, соның негізінде оған ұқсамайтын жаңа мәдениет түрлері қалыптасқан. Билігі, діни сенімі, саяси әкімшілік орталығы, өндірісі мен өндіргіш күштері дамыған, алғашқы мемлекеттік бірлестіктер құру деңгейіне көтерілген тайпалардың болғандығы анықталған-ды.
Беғазы-Дәндібай мәдениетін қалып­тастырған бұл тайпалар, ғалымдардың айтуынша, шығысында – Абыралы, Шың­ғыс тауларына, батысында Ұлытауға дейінгі аралықты мекендеген. Беғазы-Дәндібай мәдениеті ғылымда Беғазы кешені, Беғазы қорымы, Дәндібай, Бұғылы ІІ-ІІІ, Саңғыру I, III, Қойшоқы сынды бірқатар архео­логиялық орын деректері мен жәдігер­ліктерін қамтиды.
Бұрын  Орталық Қазақстан аймағы мен Батыс Сібір жері Беғазы-Дәндібай мәде­ниеті қамтыған жерлер деген болжам жа­салса, кейінгі уақытта  бұл мәдениеттің Еуразия құрлығын жайлағаны анықталды. Ғалым Сағындық Жауымбаев Беғазы-Дәндібай мәдениеті Еуропа жерлерінен Ауғанстан, Иранға дейін созылған деген деректі ұсынған еді.
Археолог бір жылдары Ақтоғай жеріне Германиядан археолог ғалымдар келіп, осы жерден табылған металл сынықтарын спектро-сараптаудан өткізгендігін айтады. Ал сараптаудың қорытындысын көрген әлгі немістер бұған қайран қалыпты. Таңғалдырған себебі – осы қорымдардан табылған металл сынықтарының түрі Еуропа жерлерінен табылған қолдан жасалған бұйымдардың металымен сәйкес болып шыққан. «Сонымен қатар ол жерден табылған қоладан жасалған бұйым­­дар арнайы құрылғылардың көмегімен жасалған болса, орталық Қазақстан жерінен табылған металдан жасалған бұйымдар қолдан жасалынған. Сондықтан Еуропа жерінен табылған бұйымдардан, қолдан жасалған Беғазы-Дәндібай мәдениетінің қолтаңбасы анық көрініп тұрғанына неміс ғалымдарының көзі жетті» деген болатын  археолог ғалым.
Ал Беғазы қорымы – Қазақстандағы қола, ерте темір дәуірінен сақталған бейіттер тобы. Беғазы қорымында  қола, ерте темір дәуірлерінің бейіттері және ортағасырлық 57, кейінгі кездердегі 100-ге жуық қазақ бейіттері бар. Қорымның аумағы 240x570 метр. Онда 20 бейіт зерттелді. Оның 14-і андрон мәдениетінен Беғазы-Дәндібай мәдениетіне өту кезеңіне жатады дейді деректер.
Тек бүгінгі ұрпаққа аспан астындағы ашық мұражайға айналған Беғазы-Дән­дібай мәдениетін көздің қарашығындай сақтап, халықтың мәдени мұрасын сұқ көз бен суық қолдан қызғыштай қору – парыз. Бабалардан қалған бұл аманатқа қиянат жасалмауы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста