36 мың алтын теңгеге салынған мешіт

36 мың алтын теңгеге салынған мешіт

Жетісу өлкесінде таңдай қақтырарлық тама­ша тарихи мұралар жетерлік. Солардың бірі – Жаркент қаласындағы Уәлібай мешіті. Елі­мізге келген туристердің осы Жаркент меші­тіне соқпай кететіні кемде-кем. Мешіттің мұн­шалық аңызға айналуының сырын әріден бастасақ.


Жалпы, Ресей империясының оңтүстік-батыс шека­ра­сының белгіленуіне және сол жерде уезд орталығы құрылуына байланысты Жаркент қала мәртебесін 1882 жылы алыпты. Тарихи деректер қаланың қызу сау­да-саттық жолының үстінде орналасуы оның әлеу­мет­тік-экономикалық тұрғыда жылдам дамуына ық­пал еткенін айтады. Көпестер кәсіпкерлік нысан­да­рын көп­теп сала бастаған осы шақта қытай сәулетшісі Хон Пик сол кездегі 1-гильді көпес атағы бар Уәлібай есімді аза­­матқа мешіт тұрғызу туралы ұсыныс жасаған екен.
Жаркент өңірінің тарихына қанық ар­дагер ақын, аудандық «Қазақ тілі» қоғам­дық бірлестігінің төрағасы Исламғали Үр­кім­байұлының айтуынша, Хон Пик мешіт жұмысын 36 мың алтын теңгеге (ақша­ға) бағалаған екен. Уәлібай ел ішіндегі ауқатты адамдардан қаржы жинап, мешіт үйінің құрылысының жүруіне атсалысыпты. Алға­ш­­қы үш жыл тек қана құрылыс материалда­рын дайындауға, яғни тек ағаш тасып, жи­нау­ға кеткен екен. Оның құрылысына жақын жердегі Арқас Алатауының ағашы жарамсыз деген соң, Ақсу және Кетпен тауларынан Тянь-Шань шыршаларын тасы­ған. Сонда Уәлібай үш жылдың тек ағаш жинауға кеткеніне қынжылып, қытай сәулетшісіне ренішін білдіргенде, ол мешіт­тің небәрі бір-ақ жылда тұрғызылатынын айтып сендірген екен. Ағаштар тасылған соң, енді ел-елден 100 шақты ағаш шебер­ле­рі шақырылған. Олардың арасында жергілікті шебер Ақжарқын атты кісі де болған деседі.  Құрылыс барысында бірде-бір шеге қолданылмай, қытай сәулетшісінің көрсетуімен бағаналар өзара қиюластыра қолданылған. Мұнда барлығы 122 бағана пайдаланылған екен. Әрбір бағананы кен­дірмен орап, сылап, қызыл бояу топырақ­пен сырлаған.
Құрылыстың сырлау, әрлеу жұмыстары­на тағы да қолы шебер адамдарды ел ішінен, Хиуадан, Бұқарадан – жан-жақтан жинастырған екен. Жұмыс басында үш ау­дар­машының, яғни қытай тілін, орыс тілін, түркітілдес халықтардың тілін білетін тілмаштардың қызметі пайдаланылған. 
Бүгінде салынғанына 120 жыл толған бұл мешіт әлі күнге көрген жанды тамсан­тумен келеді. Бұл мешітті Уәлібай мешіті деп те атайды.
Қытайлық сәулет үлгісін өзге елге жариялапты деген сыбыс көрші мемлекетке жеткен әрі оның шын екеніне көз жеткізген қытайлықтар атақты сәулетшілеріне іздеу сала бастайды. Мұны білген Хон Пик Өссек өзенінің бойындағы тоғайдың қалың нуын­да біраз бой тасалаған екен. Бірақ кейіннен еліне ұстап әкетіп, азаптап өлтіріл­ген деседі.
Қытайлық үлгіде болса да, шығыстық өрнектер қолданыла отырып салынған таңғажайып сәулет ескерткіші бүгінде «Жар­кент мешіті» сәулет-көркемөнер мұражайы» деп аталады.
Мешіттің мұнаралы қақпасы, кіші мешіт-медресесі, сыртқы, ішкі көркем сәулеті, тіпті ауладағы алып шыршалары мен жаз кезін­дегі жайнаған гүлдерінің өзі адамды бейне бір иранбаққа кіргендей сезіндіреді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста