Жүректен шыққан шынайы шығарма

Жүректен шыққан шынайы шығарма

"Әкелі бала – жаужүрек, жиын тойға барады, төрден орын алады, бітіреді жұмысын, тастан да өткізер жебесін" деп Бұқар жырау бабамыз жырлағандай адам өміріндегі әкенің орны қашан да ерекше. Баланың бойына ел мен жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктің дәнін егетін де – әке. Екі мәрте Қазақстан Республикасының Премьер Министрі болған, басқа да мемлекеттік қызметтерді қалтқысыз атқарған, қазіргі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов өзінің жақында ғана жарық көрген «Тамыр» атты кітабында әкесі жайлы естеліктерін тебіреніспен жазып, Қажымхан Қасымұлы Мәсімовтың әке, азамат, қайраткер, тұлға ретідегі бейнесін аша түсті.

 

ЖҮРЕКТЕН ШЫҚҚАН ШЫНАЙЫ ШЫҒАРМА

Мұратқали Дүйсенбаев.

Естелік кітабын жаңа оқып жүргеніміз жоқ қой. Бірін тамсанып оқисың, бірінің соңына жетуге шыдамың жетпей жатады. Кәрім Қажымқанұлының әлі сиясы кеуіп үлгере қоймаған «Тамыр» атты кітабын бір демде оқып шықтым. Біріншіден кітап жеңіл тілмен жазылған, екіншіден оқиға желісінде жалғандық жоқ. Өткен өмір, болған оқиғалар рет-ретімен, шынайы баяндалады. Соның арқасында кітаптың бас кейіпкері Қажымхан Қасымұлының бейнесі толықтай ашылған деп айтуға әбден болады. Бала Қажымқаннан бастап, ел ағасы Қажымқан Қасымұлын жалғап жатқан соқтырмалы да соқпағы мол өмір жолындағы азаматтың өсіп-өну кезеңдерін бағамдай отырып, кейіпкердің болмыс ерекшеліктерін тани аласыз. Қажекеңнің сол адами ерекшеліктерімен танысқан сайын, бұрын өзің танымаған тұлғаның мінез-құлқы, қадір-қаситеі айшықтала түседі . Аталмыш кітаптың оқиға желісінен кейіпкер бейнесін айқындай түсетін төрт түрлі қасиетін ерекше атап өтуге болар еді. Бірінші, Қажымқан Қасымұлының бойындағы туыстық сезім қуаты. Әкесі қайтыс болған тұста, әлі аяқтарынан тұра қоймаған бауырларының ендігі күндері өзіне қарап қалғанын сезінген Қажекеңнің молырақ табыс табу үшін Сургут асқаны адам жанын тебірентпей қоймайды. Қажымқан Қасымұлының кісілік келбетін айқындайтын тағы бір қыры ол достық сезімге адалдығы. Сонау жігіттік шағында Омбыдан тапқан досы Боранбай қайтыс болғанда олардың балаларына қамқорлық жасауы, бір баласын Қазақстанға алғызуы соның дәлелі. Кітапта, сол сияқты Қажымқан Қасымұлының Боралдай құрылыс өнімдері зауытын көтеру жолындағы табандылығы мен іскерлілік қасиеттері де нанымды баяндалған. Бір сөзбен айтқанда, кітап авторы Кәрім Қажымқанұлы өз көңіліндегі, өз жүрегіндегі әке бейнесін әдемі сомдап шыққан.
Тағдырдың жазуымен адам баласының басынан небір оқиғалар өтіп жататыны белгілі ғой. Кітап болғаннан кейін олардың барлығы жазылуы керек. Ол дұрыс. Кез-келген кітап авторының басты мақсаты кітаптағы оқиға желісі арқылы кейіпкер болмысын айшықтау. Автор бұл жағынан келгенде өз мақсатына қол жеткізе білген. Кітаптың тағы бір ерекшелігі, ол құр баяндауға құрылған бір сарындылықтан аулақ. Керісінше, кітап авторы мен кейіпкер арасын жалғастырып тұрған рухани нәзік байланыс бар. Баланың әкеге деген сүйіспеншілгі мен жүрек сыздатар кейбір өкініштер құр тамсану немесе «ах» ұрған қайғы тұрғысынан емес, перзенттік адал жүректен шыққан шынайы сезім толқынында жазылған.
Жалпы, перзенттік парыз жүгін арқалаған Кәрім Қажымқанұлының бұл кітабы тәрбиелік мән тұрғысынан болсын, дәстүр жалғастығын дәріптеу тұрғысынан болсын, әке алдындағы борыш тұрғысынан болсын өз мақсатына жеткен, тұщымды дүние екендігіне дау жоқ.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста