ЖОШЫНЫҢ АЖАЛЫ КІМНЕН БОЛДЫ?

ЖОШЫНЫҢ АЖАЛЫ КІМНЕН БОЛДЫ?

Құлан тепті ме, Құлан сұлу айласын асырды ма, жоқ әлде Шыңғыс ханның өзі өлтіртті ме?

Мен Жошыны қазақ хандарының атасы деп есептеймін. Қазақ хандығының тарихын Жошыдан бастау керек. Жошы ұлысын, яғни Жошы мемлекетін құрған Дешті Қыпшақ аймағын, яғни қазіргі қазақ жерін мекен еткен қазіргі қазақ халқының құрамындағы рулар мен тайпалар, сол кездегі бәріне ортақ жалпы атаумен айтсақ, қыпшақтар болатын. Жошының өзі де, үрім-бұтақтары да түркі, қыпшақ, қазіргіге айналдырсақ, қазақ тілінде сөйледі. Шыңғыс хан сияқты ол да Көк Тәңірге (шамандық намым-сенімге) табынған, сиынған. Жошы балаларына қазақша ат қойды.
Жошы бірден тәуелсіз мемлекет құруға ашық кірісті. Ал жарты әлемді жаулаған Шыңғыс ханға бұл ұнай қойған жоқ. Әке мен бала арасындағы ең басты араздық осы жерден туындады. Шыңғыс хан Жошының ақылдылығы мен ержүректігінен және шұғыл шешімдер қабылдайтын шалт мінез-құлқынан сескенетін. Себебі...
Жошы деген сөз моңғолша «күтпеген қонақ» деген мағына береді деп алдап келді бізді. Шыли өтірік. Сонда Шыңғыс хан оны бірден жат сезініп «Күтпеген қонақ» деп ат қояма?! Бұл өзін-өзі қорлау емес пе?! Ар-намысты бірінші орынға қойған ұлы қағанның бұған жол бере қоюы екіталай.
Жошы деген қазіргі қазақ тілімен айтқанда, Жолшы, Жолшыбай, Жолаушы деген мағына береді. Өйткені, Бөрте ханым Жошыны меркіттерден босап келе жатқанда жолда босанған. Содан Жошы, яғни Жолшы деп ат қойған.
Ендеше, дүниеге келмей жатып Жошының тағдыр-талайы белгіленіп, шешіліп қойылды. Ол – Жат. Ол – Бөтен. Оның айналасынан жаттық көріп, тасбауыр болып өскені де шындық. Тіпті басқа-басқа, бірге туған бауырларының өзі оны «меркіттің шатасы» деп шеттетті. Оны өзіне де айтты, бетіне басты. Шыңғыс ханның өзі де оны балам деп қабылдағанымен, оған сенбеді. Бірақ, неге оны өз ұлым деп қабылдады. Шыңғыс ханның өз тағдыры да Жошыға ұқсайтын. Оны да «меркіттің шатасы» деп кінәлайтындар аз болмаған. Әкесі Есугей тартып алып, әйел қылған меркіт қызының ішінде келген бала деп есептейтін. Жазылмаған Дала заңы бойынша негізі Шыңғыс хан үлкен ұлын мұрагері етуі керек еді, жоқ, үшінші ұлы Үгедейді таңдады. Неге? Беп-белгілі ғой! Әйтпесе, Шыңғыс ханның ұлдарының ішіндегі қай жағынан болсын ұлы қағандыққа лайықтысы да осы Жошы болатын. Батырлығы мен ақыл-парасаты жағынан Шағатай да, Үгедей де, Төле де оның алдына түсе алмайтын. Шыңғыс ханның Үгедейді таңдағанын кейбір ғалымдар оның жүрегі кең, ағайын-туысқа адал, мейірімді, қайырымды болғанымен түсіндіреді. Біздіңше, бұл да өтірік. Сылтау ғана. Әйтпесе, Жошыны «бойында меркіттің қаны бар» деп шеттеткендердің бірі де осы Үгедей (Шағатаймен қосылып алып) болатын. Ондай адам қалай мейірімді болады? Тақ таласында мейірім, қайырым деген ұғымдар құр ертегі ғана.
Әкесінің өзінен кіші бауырын ұлы қағандыққа мұрагер етуі, Жошыға үлкен соққы болды. Бұны неге Жошы кешіреді? Оны бұл сатқындық деп санады. Себебі оның ойынша ұлдың үлкені болғандықтан, алтын тақ өзіне тиесілі болуы керек еді. Міне, сондықтан Жошы да олардан ірге ажыратқысы, бөлінгісі келді. Өзін Шыңғыс ханның айналасына жат сезінген адамның қалай бөлінгісі келмейді. Бұл қисынды, табиғи заңдылық. Тәуелсіз өз мемлекетінің іргетасын қалағысы келді. Оның бұл ойын мұрагерлері толық жүзеге асырды. Дешті Қыпшақ даласын өздері емін-еркін, тәуелсіз биледі. Жошы міне осы мақсатпен Шыңғыс ханның айтқандарын істегісі келмеді. Себебі Жошының да намысы, өкпе-реніші, көңілі бар... Тұңғаттарға қарсы соғысқа аттану үшін ұлы құрылтайға шақырғанда Жошы «ауырып жатырмын» деген сылтау айтып бармады. Дәлірек айтқанда, барғысы келмеді. Оған Шыңғыс ханның өзге ұлдары мен әскербасылары тай-тұяғы қалмай келді. Жошы ұлысындағы Шыңғыс ханның тыңшылары ұлының аман-есен құлан аулап жүргенін жеткізді. Оған Шыңғыс ханның жас тоқалы Құлан қатын мен Шағатайдың азғырған сөздері қосылды. Жас әрі айдай сұлу Құлан арудың сөзі сол кездегі пайғамбарлық жастан асып кеткен Шыңғыс ханға өтімдірек болатын. Жас иіс, жанында сол болды. Ал оның да ішкі есептері болды. Себебі, Бөртеден туған төрт ұлдан басқа Шыңғыс ханның балалары ешқандай көзге ілінбеді, санатқа қосылмады. Ешқандай да ұлысқа, билікке ие болмады. Ал Құлан қатынға бұл ұнай қойған жоқ. Өзінің жастығы мен сұлулығын пайдаланып, сарайда интрига жүргізді. Неге? Өйткені ол Шыңғыс хан күл талқанын шығарған меркіт тайпасының патирот қызы еді. Елін сүйетін қызға меркіттердің күлін көкке ұшырған Шыңғыс хан ұнай қойсын ба?! Бірақ, амалы қайсы? Есебін тауып өш алу керек. Бұл жағынан Құлан қатынды да кінәлай қою қиын... Жошының бөліну туралы, ірге ажыратпақ ойын Шыңғыс ханға үстемелеп жеткізгендердің бірі де осы Құлан қатын болатын. Білдірмей өз ойын жүзеге асырғысы келді. Керек десеңіз, Құлан сұлу меркіттердің соңғы ханзадасы Қолтуғанмен бірге өскен бала ғашығы еді. Екеуі қосылып, бас құрайық деп жүргенде Шыңғыс хан елін шауып, өзін сұлулығына қызығып қатын қылып алды. Ал алғашқы махаббатын кім ұмыта қойсын?! Мәселе қайда жатыр... Қолтуған ханзада мен Құлан қатынның Шыңғыс ханның ордасында соңғы кездесуі де адамның жүрегін солқ еткізеді. Қолтуған сорлаған, аяқ-қолы байланған тұтқын... Ал Құлан... Мына қызыққа қараңыз, Шыңғыс ханның шешесі Уәлін-Үжі Қолтуғанның атасы Шіледу ханның қалыңдығы, яғни келіншегі болған. Ал Бөрте ханым меркіттерге тұтқынға түскенде осы Шіледу ханның баласы, Қолтуған ханзаданың әкесі Тоқтабек ханның қолында, қарамағында болған. Сондықтан Қолтуған Жошыны өзінің қаны бір бауыры санайды... Ал Жошы ше?.. Оны тарихи драмамнан білесіздер... Бәрін айтып қойсам, кейін қызық болмай қалады ғой!..
Бұл кезде Шыңғыс хан Бөрте ханымнан суынған, екеуінің арасын тек балалары ғана жалғап жатқан. Ал Шыңғыс хан осынау ұшар биікке қалай жетті? Досына адал, қасына қатал болуымен. Ол Жошыны жау деп тауып, табан астында ашумен оны өлтіруге бұйрық беріп, сенімді адамдарын аттандырып жібереді. Жаманат хабар жерде жата ма, оны құлағы шалған Бөрте жылап-еңіреп келеді. Тағы да Жошының Шыңғыс ханның өз баласы екенін дәлелдейді. Оның айтқандарының да жаны бар, бәрі қисынды. Ол меркіттердің қолында жарты жылдай ғана болды. Яғни, тура алты ай. Ал Жошыны қайтып келе жатып жолда босанды. Сонда ол кімнің баласы болады? Әрине, Шыңғыс ханның өз баласы. Шыңғыс хан ойланады. Қанша дегенмен әкесі, ал Жошы өз ұлы емес пе, райынан қайтады. Шұғыл тапсырма орындауға кеткен адамдардың артынан «Өлтірмесін!» деген бұйрық беріп тағы шұғыл адамдар жібереді. Бірақ, кеш еді... Хан жарлығы күшті. Алдыңғылар бұл кезде алдыңғы тапсырманы тап-тұйнақтай ғып орындап қойған... Құлан аулап жүрген Жошыны амалын тауып о дүниеге аттандырып жіберген. «Құлан теуіп өлтірді...» деген жай ғана аңыз, ертегі ғана... Өйткені, Шыңғыс ханның тапсырмасы өте құпия болатын... Соны ақтап алу үшін «құлан теуіп өлтірді» деген адам нанғысыз аңызды ойлап шығарды. Жошыдай батырды, аңға нөкерлерімен шығатын Жошыдай ханды құлан теуіп немесе шайнап өлтіруі мүмкін бе?..
Әрине, Шыңғыс хан өз ісіне қатты өкінеді. Кімде кім ұлымның өлімін естіртсе, аузына ерітіп күміс құямын дейді... «Асқақ құлан» күйі солай шыққан дейді... Бұған да өз ойымыз бар...
Кейде маған Шыңғыс хан Жошыны әу баста өлімге айдаған сияқты көрінеді де тұрады. Өзінің жүз елу мыңға тарта әскерінен төрт мыңын ғана бөліп беріп, ұланғайыр Дешті Қыпшақ аймағын басқаруға жіберу осындай ойға жетелейді. Әрине, Жошының батыр ғана емес, ақылды адам болғанын айттық. Ол ұлысын күшпен емес, бейбіт жолмен басқаруды жолға қойды. Ешкімнің наным-сеніміне, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына тиым салмады. Құқығын шектемеді... Жаулаушы, қанаушы емес, қорған, пана болуға күш салды. Өз ұлысындағы әр адамды қорғауға, ешкімге маңдайларынан шеркізбеуге уәде берді. Және солай істеді де. Жергілікті жердің бүкіл өмір сүру салтын еш жатсынған жоқ. Сондықтан да Жошыны жергілікті халықтар жақсы көрді, ханымыз деп риясыз қабылдады. Оған ақ-адал қызмет етті.
Әрине, өз ұлын өлтірту Шыңғыс ханға өте ауыр тиді... Ол да ет пен сүйектен жаралған жұмырбасты пенде. Өкінді, қайғырды, мұңайды... Бірақ одан не пайда?! Болар іс болып қойды, бояуы сіңіп қойды. Тек зиян шекті. Осыдан кейін-ақ Шыңғыс ханның денсаулығы сыр берді... Қайғы-қасірет, өкініш аяққа түсті... жүре алмай қалды... Ақыры көп ұзамай құсадан қайтыс болды...
Бұл тарихтың бәрі шығармашылық адамдарының назарынан тыс қалып келді. Тіпті қытайлар түсірген отыз сериялық кинофильмде де Жошының өлімі туралы оқиғалар мүлде айтылмайды. Өйткені оларға Жошының тарихы түкке керегі жоқ. Ол бізге керек!

Думан Рамазан
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста