ЗАУАЛ ЗАМАН

ЗАУАЛ ЗАМАН

Өзінің көлемі немесе саны жағынан болсын, салдары жөнінен болсын қазақ ұлтының тарихында 1930-33 жыл­дардағыдай зұлмат қалмақ шапқыншы­лығынан кем болған емес деп жүрміз.
Иә, коммунистік идея­ның біз­дің қоғамымызда асқан тұрпайы да дөрекі әдістермен жүзеге асырылуына тап болып, соңынан әкімшіл-әміршіл социализмнің қызыл сөзі, лепірме, көбік ауыз, уәдешіл тас қоршау жүйесінің бейшара тұтқынына айналған, шырқыраған құлын дауысын ешкім құлағына ілмеген, соры қайнаған қазақ адам айтқысыз апатқа ұшырады. Аталған үш жылда ғана негізінен қазақтардан тұратын ауыл-село халқының саны 3 миллион 379,5 мың адамға кеміп кетті. Мұның 1 миллионнан астамы босқындар еді. Табанын тас тіліп, көзін қарға шұқып, аштықтан есі ауып, бірінің етін бірі жейтін халге ұшыраған жандар­ың дәлме-дәл есебін бізге енді ешқандай құпия архив тауып бере алмайды.


Дегенмен, қазірдің өзінде де белгілі болып қалған нәрселер аз емес. Демограф М.Тәтімов пен сонау 30-жылдары Қазақстанның халық шаруашылығы есебі басқармасын басқарған Саматовтың есептеулері бір жерден шығып, 1930 жылы Қазақстанда ең кемі 4 миллион 170 мың қазақ өмір сүргенін анықтап отыр. Біздің ойымызша, осы қазақтың кем дегенде тең жартысының аталған ашаршылық жылдары қырылғаны ешқандай күдік туғызбауға тиіс. Өйткені, босқындардың тірі қалғандарын (Қазақстанның ішіндегі 300 мыңдай адам, республикаға қайтып оралған тағы 200 мыңдай адам, онан соң көрші республикалардан және шетелден атамекенге қайтпай қалған тағы да 400 мыңдай адам) шығарып тастасақ, бәрібір 2 миллион 300 мыңнан астам адам жетіспейді.
Рас, 1933 жылы республика үкіметінің ресми есебінде ашаршылық кезінде республика бойынша жетіспейтін адамдар саны 2 миллион 600 мыңдай. Бірақ бұл есепте Л.И.Мирзоян өзінің 1933 жылы 29 наурызда И.Сталин мен В.Моло­товқа арнайы жазғанында көрсеткен 300 мыңдай босқындар және сырттағы қайтпай қалған қазақтар түгел қамтылған деп айта алмаймыз. Т.Рысқұлов өзінің 1933 жылы 9 наурызда Сталинге жазған хатында республиканың сыртында босып жүргендердің 240 мыңдай екенін айтқаны белгілі. Дегенмен де мұнда да қазақ халқының жанашыр ұлы Төменгі Еділге, Қиыр Шығысқа, Солтүстік Кавказға жэне т.б. жақтарға ауа көшкен қазақтардың санын қоса көрсетпеген. Тегінде олар туралы Тұрардың қолында нақты мәліметтер болмауы да әбден мүмкін. Мысалы, ОГПУ органдары бұл мәліметтерді құпияландыра түскені белгілі. Қытайға қанша қазақтың ауа көшкенін біз қазір ғана анықтап отырмыз. Бұл — 60 мыңдай адам. Қытай жағында 1932 жылдың көктем айларында шекарадан өткен қазақтар нақты есепке алынған. Мұндай есеп «Қытай жағына шетелден келгендерге Қытай азаматтығын беруге бола ма?» деген мәселені түбегейлі шешу үшін қажет болған.


Жоғарыда келтірілген сандардың дұры­тығын Ф.Голощекиннің өзінің қазақ даласында босқындықтың жаппай орын алғанын және 25-30 қазақ аудандарының азық-түлік қиыншылықтарына тап болып аштыққа ұрынғанын, оларды аман алып қалу үшін 3 миллион пұт астық босатуды өтінгенін нақты көрсететін 1932 жылғы 9 қыркүйектегі Орталық комитетке хаты да және әлі еш жерде жарияланбаған архив қойнауында назардан тыс жатқан Г.Исқақовтың, I.Қабыловтың, Ж.Арыстановтың, В.Айбасовтың, Ғ.Тоғжанов­ың, О.Жандосовтың И.Сталинге (көшірмесі Л.Мирзоянға) 1933 жылдың 24 ақпанында жазған хаты да дәлелдеп тұр. Соңғы хат авторлары Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің мәліметтеріне сүйеніп, «800 000 қазақ қожалықтарынан 1932 жылдың көктемінде 450 мың ғана қазақ қожалықтары қалғанын» айтады. Оның үстіне, хат авторларының мәлімдеулеріне қарасақ, «300 мыңнан астам қазақ қожалықтары Сібірдің және Орта Азияның теміржол стансалары бойымен орталық қалаларға, көрші облыстарға тарап кеткен. Олардың көпшілігі өлмеші күн көруде».
Біздің ойымызша, қазақстандық қайраткерлердің осынау айтарлықтай көлемді және шынайы мазмұнды хатының бір ғана олқылығы бар: мұнда 1932 жылдың көктемінен кейінгі және 1933 жылдың өзінде болған алапат ашаршылық­тан өлгендер саны есепке кірмей, көрсетілмей қалған. Соның өзінде де осы хаттан 1932 жылғы көктемге дейінгі қазақтардағы аштықтан болған кемудің 2 миллион 100 мың адамға жететіндігін көре аласыз (М.И.Сириустың сол жылдардағы есептеулері бойынша, әрбір малшы отбасында орта есеппен 6 адамнан болған). Ал енді республикалық халық шаруашылығы есебі берген нақты мәлімет бойынша, ауыл-село халқы тек 1932-33 жылдар (1 мамырдағы мәліметтер) ішінде ғана тағы да 733,5 мың адамға кеміген (мөр басылған, қол қойылған бұл дерек біздің қолы­мызда). Егер бұл сандарды қосып есептеп, қорытынды шығарсақ, кеміген адамдар санының 2 миллион 800 мыңнан да асып түскенін көрер едік. Бірақ мұның 100 мыңдайы негізінен бай-кулакқа айналдыру науқанында құрбан болған басқа ұлт өкілдері екенін де ұмытпағанымыз жөн. Қазақстанның ішінде тірі де болса, санаққа ілінбей көшіп жүрген 400 мыңдай адам және бар.


Рас, қазақтан басқа ұлттардағы жалпы кему біз айтқан саннан да жоғары. Мысалы, Украин­да бұл – 1926 және И.Сталин өзі кезінде мәліметтерін жариялауға тыйым салған 1937 жылдардың Бүкілодақтық санақтары бойынша 310.2 мың адам. Дәл осындай кему қазақстандық қырғыздарда – 5 мың 42 адам, дүнгендерде 1.438, мордвада – 21.511, ұйғырда – 18.821, өзбекте – 103.082. Ал бұлардағы жалпы кему – 481.98 адам.
Қазақстандық украиндардың ғана емес, орыстардың да жаппай Ресей жеріне көшіп кеткендері орын алғаны белгілі (мұндай көшу кему санының 35 процентіне жуық). Бірақ осы жылдары Қазақстанға жарты миллионнан астам сла­вян­дардың келуі (совхоздар құруға және арнайы қабылдаумен өнеркәсіпке) орыстардың санын көбейте түскен. 1926 және 1937 жылдар­дағы Бүкілодақтық санақта Қазақ­стандағы орыстар 642,5 мың адамға өскен.
Міне, біз әңгіме етіп отырған 1930-33 жылдардағы алапат аштық қорытындылары осылай. М.Геллер мен А.Некрич өздерінің «Утопия у власти» атты 1982 жылы шетелде жарық көрген зер­теулерінде былай деп жазады: «Он жыл өткен соң Сталин Черчилльге ұжымдастыру жылдарында «кедейлер» «он миллиондаған кулактарды» жазалады, оның үстіне, аса «үлкен көпшілігінің» көздерін жойды», қалғандарын Сібірге жөнелтті десе, Молотов 1935 жы­ы «ауқатты және талапты кулак­тардың» 1928 жылы 5618000 шаруа жаны есептелгенін, ал 1 қа­тарда «кулакқа айналдырғаннан кейін – 49 000 қал­ғанын» мәлімдеді. Тағы бір ресми дерек коллективтен­діру қарсаңында елде жойылуы тиіс таптың өкілдері болып табылатын – 6,8 миллион адам болғанын есептеп корсетеді. Александр Орлов тіптен Сталиннің саясатын көтере марапаттайтын кейбір шетелдік журналистердің өздері де аштық құрбандары саны 5-7 миллион адамға жетеді деп бағалайтынын хабарлайды. ОГПУ Сталинге берген мәлімдемесінде бұл цифрды 3-3,5 миллион деп атап көрсетеді. Совет демографы Б.Урланис 1932 жылдың соңынан 1933 жылдың соңына дейін халықтың 7,5 миллион адамға қысқарғанын айтады. Мүмкін болған барлық есептеулерді салыстыра келіп, Роберт Конквест 1929-1933 жылдардағы аштық пен аурулар құрбандығының 5-6 миллион санын абайлап атайды. Қазіргі жазбаларға Е.Юрьевский деген бүркеме атпен экономикалық шолулар жазған Н.Валентинов «Сталиндік аграрлық реформа» жылдарында туғандар саны азайған елдің халқының, революцияға дейінгі кезеңдегі қалыпты қозғалысымен салыстырғанда, ең кемі 14,8 миллион адамды жоғалтқанын санап шығады. И.Г.Дядькин 1976-78 жылдары өзі басатын баспадан шыққан мақаласында 1929-1936 жылдары халықтың кемуін 15,2 миллион адамға бағалады. Ғалымды тұтқындаған өкімет бұл сандардың дәл екенін дәлелдеп берді.
Бір өкініштісі — қазақтың қойдай қырылғанына дүниежүзі ғалымдары, зерттеушілері әлі де жеткілікті көңіл бөлмей отыр. Біздің қолымызға енді ғана тиген жасырын архив құжаттары олардың қолында жоқ. Сондықтан да бүгінде өзіміз туралы толық шындықты тек өзіміз ғана айта аламыз.
Талас ОМАРБЕКОВ,
тарих ғылымдарының
докторы, профессор

ДЕРЕКТЕР СӨЙЛЕСЕ...
• 1931-1933 жылдардағы шығын халқымыз үшін мұның алдында болған 1916-1921 жылдардағы күйзеліс кезіндегі шығындардан үш есеге дерлік, ал 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының тура және жанама шығынынан алты еседен астам көп болды. Осы тарихи салыстырмалар тұрғысынан қарасақ, ең сұрапыл жаугершілік кезең – «ақтабан шұбырындының» шығындарынан жалпы саны жағынан 2,2 есе асып түскен.
Егер 1932 жылғы ойран болмағанда (аштығы бар, көшуі бар) бүгінгі таңда қазақ халқының өсімі 32 миллионнан асып түсуі күмәнсіз еді.
• 1932 жылдың зобалаңындағы ресми деректерге қарағанда, ашаршылық жылдары емшектегі сәбилердің 72 пайызы, жеті жасқа дейінгі балалардың 60 пайызы қырылып қалған.
(Мұрағат құжаттарынан)
• Коллективтендіру кезеңі далалықтар үшін ұлы трагедияға айналды. Тіпті жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақтар мұндай қырғынға ұшыраған жоқ...
Мемлекеттік жоспарлау комитетінің мәліметі бойынша:
1930 жылы – 121.000 адам,
1931 жылы 1 миллион 74 мың
адам өз мекендерінен ауып кетті.
1931-32 жылдарда оба мен аштықтан
1 миллион 700 мың қазақ кұрбандыққа ұшырады.
Тұтас ұлттың тең жартысы қырылды.
Тек арада 40 жыл өткен соң ғана – 70 жылдарда қазақтар өздерінің 1926 жылғы санына әзер жетті.
(«Нәубет» деректі фильмінен)
Мақала «Жас Қазақ» газетінен алынған

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста