Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ: ЖОЛДАУ  ӨЗЕГІ – ЕЛ ҮШІН ЕҢБЕК ЕТУ

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ: ЖОЛДАУ  ӨЗЕГІ – ЕЛ ҮШІН ЕҢБЕК ЕТУ

 

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры:

ЖОЛДАУ  ӨЗЕГІ – ЕЛ ҮШІН ЕҢБЕК ЕТУ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында ең алдымен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне тоқталып, береке-бірлік пен тату тірлік арқылы қол жеткізген ең қастерлі құндылығымызға айрықша мән берді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясаты мен көшбасшылық қасиетінің арқасында бүкіл әлемге танымал, іргесі біртұтас, жаңа мемлекет құрылғанын тілге тиек ете келе, «Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес. Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы», – деп, алдағы уақытта да барлық бастаманың осы бағытта жалғасатынын атап өтті.

Әр азамат Тәуелсіздік игілігін сезінуі үшін біздің мемлекетіміз үш онжылдық белесте егемендіктің әр сәтін қалт жібермей, әр қадамын мұқият ойластырып әрекет етті. Елбасының көреген саясатымен әр жылға, әр мақсатқа нақты жоспарлар құрылып, даму бағдарламалары жасалды. Көзделген меженің барлығы уақытынан бұрын еңсеріліп, азғана уақыт ішінде Қазақстан әлемдегі орнықты, беделді мемлекетке айналды.

Бүгінгі таңда ел билігін қолына алған Қасым-Жомарт Кемелұлы стратегиялық жобалар мен жүйелі реформаларды жаңа саяси бағытта лайықты жалғастырып келеді. Демек, біздің елдегі табыс пен жетістік кілті – Елбасының келешекті көре білген кемеңгерлігінен және Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саяси сабақтастықтың беріктігінен деп тұжырымдауға болады.

Тәуелсіздік жылнамасының төртінші онжылдығында баршамызға жүктелген жауапкершілік пен көтерілген мәселелер Мемлекет басшысының жыл басындағы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласымен үндесіп жатқаны да көңіл қуантады.

Президент: «Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс», – деген еді. 

Әр қазақстандық үшін Тәуелсіздік жолындағы күрес – өз қызмет орнында, қоршаған ортасында, отбасында адал еңбек етіп, өзі жауапты саланың дамуына аянбай үлес қосуы деп білемін. Президент айтқандай, жалаң ұран мен жалынды сөз емес, нақты іспен нәтиже көрсету. Ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылу арқылы пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық және әлеуметтік ахуалды заман талабына сай жандандырып, Орталық Азиядағы, әлемдік аренадағы көшбасшылық рөлімізді нығайтуға күш салу. Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының мерзімін 2022 жылға ұзартып, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу мен дамыту бойынша нақты шешімдер күтетінін жеткізді. Сонымен қатар азық-түлік бағасы, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығын технологиямен жабдықтау мәселесін де айналып өтпеді. Соның ішінде цифрландыру жүйесін жолға қойып, ІТ секторды дамытуды тапсырды.

Осы орайда, қазақ білімі мен ғылымының қарашаңырағы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Президент тапсырмаларын кезең-кезеңімен жүзеге асыруға әзір. Мәселен, 100 мың жоғары білікті ІТ маманын даярлау үшін ақпараттық технологиялар факультетінде жаңа оқу бағдарламалары қарастырылып, студенттер саны жыл сайын көбейтіледі. Биыл жеті мамандық ашылып, 400 студент, 200-ге жуық магистрант, 34 докторант қабылданды. Алдағы жылы 900-ге жуық бакалавр, 150-ден астам магистр, 35 докторант – барлығы 1000-нан астам ІТ маманы қолына диплом алады. Жаңа технологияларды меңгерген, бәсекеге қабілетті, білікті ІТ мамандарын оқыту аясын кеңейту Президент талабына сай, күшейтілетін болады.

Президент Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, індетпен күрес шараларын күшейту, медицина өнімдерін зертханалық және техникалық сынақтан өткізетін орталық құру, еліміздің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын Ұлттық жүйе жасақтау мәселесі де күн тәртібіне қойылды.

Осыған сәйкес, ҚазҰУ-дың медицина, биология және химия факультеттері мен кафедралары бірлесе отырып жаңа ғылыми әзірлемелер дайындап, іргелі зерттеулер жүргізіп, талдамалар жасауға, аталған саладағы білікті мамандардың тәжірибесін жетілдіруге басты назар аудармақ.

ҚазҰУ мамандары мен ғалымдарының ҚР БҒМ комитетінің жұмыс тобының құрамында ДДҰ-ның QazCovid-19 вакцинасын сертификаттауға құжаттарды дайындауға сарапшы ретінде қатысқанын атап өткім келеді.

Сонымен қатар ҚазҰУ мен Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты (БҚПҒЗИ) вирусолог-мамандарды бірлесе даярлау туралы келісімге келді. Елімізде алғаш рет ҚазҰУ биотехнология кафедрасының, биология және биотехнология факультетінің және биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ BSL-2 және BSL-3 зертханаларының базасында вирусолог-мамандарды даярлап шығарады. Алдағы жылы биотехнология кафедрасының меңгерушісі Аида Қыстаубаева вирусология бойынша қос диплом бағдарламасын ашуды жоспарлап отыр. Paris Saclay университетімен алдын ала келісім бар, студенттер екі семестр бойы Париж университетінің үздік зертханаларында білім алады. Биология факультетінде биоэнергетика лабораториясын ашу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы жаңа оқу жылының басында педагогика саласы қызметкерлерінің айлығын өсіру үшін алдағы үш жылда 1,2 триллион теңге жұмсалатынын жариялап, ұстаздар қауымын ерекше қуантты. Соның ішінде жетекші ғалымдарымызға тұрақты және өз еңбегіне лайықты жалақы төлеу мәселесін шешуді міндеттеді.

1 қыркүйектен бастап ҚазҰУ-да оқытушылардың жалақысы ұлттық оқу орындары арасындағы ең төменгі деңгейден алдыңғы қатарға шықты. Ендігі жерде оқытушы – 285 000 теңге, аға оқытушы – 312 000 теңге, қауымдастырылған профессор – 389 000 теңге, профессор – 500 000 теңге алады. Бұдан басқа, философия докторы (PhD), ғылым кандидаты, ғылым докторы дәрежесі, біліктілік деңгейі үшін қосымша ақы белгіленді. Сондай-ақ жоғары рейтингті шетелдік басылымдарда ғылыми мақалалар жариялаған оқытушылар мен профессорларға жылына екі рет сыйақы төлеу қарастырылды. Жақында Scopus деректер базасында мақала жариялаған 234 ғалым 74,8 млн теңге қаржылай сыйақымен марапатталды. 

Қазақстан Президентінің іргелі ғылымды дамыту үшін грант мерзімін қазіргідей үш жылмен шектемей, бес жылға дейін қарастыру ұсынысын да ғалымдарымыз қуана қабыл алды. Сөзсіз, бұл бірінші кезекте ғылыми ізденістердің нәтижелі болуына үлкен септігін тигізеді.

Жерасты қазба байлықтарын игеріп, өнеркәсіпте жарату мақсатында Президент елімізде Бірыңғай ұлттық геологиялық қызметі құрылатынын айтты. Бұл экономика мен ғылымды біріктіретін үлкен құрылым болмақ. Біз университетіміздегі география және табиғатты пайдалану факультеті базасында осы бағытта терең ғылыми талдамалар мен зерттеулер жүргізуге дайынбыз.

Жолдауда жұрт көңілінен шыққан тағы бір тақырып – мемлекеттік тіл. Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі.  Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс. Бұл отаншылдықтың басты белгісі деуге болады», – деді.

Мемлекет басшысы бұған дейін де қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейтіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру қажеттігін мәлімдеген. Сондай-ақ «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында: «Қазақ тілінің жағдайы туралы айтқанда, мемлекетіміздің негізін қалаған Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша еңбегін атап өтуге тиіспіз. Ол елімізде мемлекетқұрушы ұлттың саны едәуір аз болғанына қарамастан, Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялады. Сондай аумалы-төкпелі кезеңнің өзінде Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей ықпал етуімен Парламент қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялады.

Мемлекеттік қызметке, оның ішінде халықпен тығыз жұмыс істейтін лауазымға тағайындау кезінде кәсіби біліктілігіне қоса, қазақ тілін жақсы білетін азаматтарға басымдық беру керек. Парламентте немесе баспасөз мәслихаттарында мемлекеттік тілде сөйлеп, пікір алмаса алмайтын мемлекеттік қызметкер ұғымы, ең алдымен, қазақ азаматтарының арасында анахронизмге айналуға тиіс», – деп нақтылап өткен.

Бұл тапсырмаларды бұлжытпай орындау және айтпай-ақ түсініп жасау – біздің міндетіміз. Өйткені мемлекеттік тіл – Тәуелсіздіктің басты белгісі. Талай тарихты бастан кешірсек те, ана тіліміз өзінің қадір-қасиетін жоғалтпай келеді. Дегенмен қазақ тілі жазба әдебиетте көрініс тауып қана қоймай, толыққанды ғылым тіліне айналуы тиіс. Ол деңгейге жету үшін ұлттық намыс пен жігермен қоса, ғалымдарымыздың ізденіске толы ерен еңбегі мен терең білімі керек. ҚазҰУ ғалымдары мемлекеттік тілді ғылым тіліне айналдыруды қолға алып, ғылыми жаңалықтардың қазақ тілінде жазылуына басымдық береді.

Қазақстан Президенті сөз соңын: «Мықты мемлекет болу үшін ұлттың ұйыса білуі айрықша маңызды. Шын мәнінде ұйымдасқан ұтады. «Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді» деп халқымыз бекер айтпаған. Біздің күш-қуатымыз – берекелі бірлікте. Ендеше бірлігімізді бекемдеп, ел үшін еңбек етейік! Қасиетті Отанымыз мәңгі жасай берсін!» – деп аяқтады.

Ендігі жерде әрқайсымыз Мемлекет басшысы жүктеген жауапкершіліктерді сезініп, барлық бастамаларды лайықты жүзеге асыруға міндеттіміз. Өйткені Жолдау тұжырымы – Тәуелсіздікті сақтау, ел үшін еселі еңбек ету.

«Qazaq universiteti» газеті, №33, 2021 жыл

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста