ХVI ғасырда Елизавета І сарайында кеңесші болған тұңғыш қазақ қызы
ХVI ғасырда Елизавета І сарайында кеңесші болған тұңғыш қазақ қызы анықталды. Бұл туралы қазақтың қайраткер қызы Қаракөз Асқарқызы Сүлейменова өзінің Instagram парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аdyrna.kz-ке сілтеме жасап.
“Құрметті, қазақ халқы! Әйелдер мерекесі қарсаңында тарихи жаңалықты өздеріңізге жеткізіп отырмын.
Халқымызға Еуропаны бағындырған қазақ әйелінің есімі қайта оралды. Белгілі ғалым, саясаттану ғылымдарының докторы, филология ғылымдарының кандидаты Мұхит-Ардагер Сыдықназаров АРУ СҰЛТАН есімін қазақ халқына тарихи жаңалық ретінде ашып отыр.
Сонау 1561 жылы Еуропадағы патша сарайына саяхаттап барып, Елизавет I –нің беделді қызметкері, сән жөніндегі кеңесшісі атанып, тіпті өкіл қызы ретінде қабылданған қазақтың қаршадай қызы белгілі болды. Бұл үлкен тарихи ашылу!
Ал мынау портрет қазақ еліне келген тұңғыш көшірме. Қазіргі таңда Ұлы-Британияның атақты музейінде тұр”,- деп жазды ол.