Ұлы империя мұрагері

Ұлы империя мұрагері

Соңғы жылдары Шыңғысхан қазақ болған екен деген жорамалдар жиі айтыла бастады. Оған негіз де жоқ емес. Қазіргі әлеуметтік желі дамыған заманда даңқты қолбасшының шыққан жеріне қатысты көптеген дәйектер келтіріліп жүр. Тіпті әр ел өз атын шығару мақсатымен оның есімін өз ортасымен байланыстыруға тырысып-ақ келеді. Бұл ретте тарихтың осы қалтарыс кезеңін зерттеумен айналысып жүрген тарихшы Ерхан Мәжік бірқатар ойларын интернетке де шығарып жүр. Фейсбук парақшасындағы оқырмандар саны миллионнан асқан оған Татарстан, Башқұртстан, Якут, Чуваш президенттерінен және өзге де танымал азаматтардан хаттар келіп түскен. Енді біз оқырманға ой салар деген мақсатпен Е.Мәжіктің шағын мақаласын ұсынғанды жөн көрдік.

Қазір Шыңғысханды моңғол деп Қытай мен Монғолиядан басқа еш ел айтпайды. Себебі, тарих Шыңғысхан да және ол құрған мемлекет те қазақ-татар мемлекеті болғандығын көрсетеді. Қазіргі таңда Еуропа елдерінің, Ресей мен Түркияның, Жапония мен Қазақстанның кейбір ғалымдары ашық түрде Шыңғысханды қазақ деп мойындауда. Соңғы жылдары ғалымдардың озық технологияларды қолданып жүргізген зерттеулері осыны анық көрсетіп берді.
Жуырда ғана Ресейде белгілі тарихшы Мұрат Аджи мен Анатолий Оловинцовтың, Украинада Влад Белинскийдің, Англияда атақты бір ағылшын тарихшысының, сонымен қатар өз елімізде белгілі тұлға Мұхтар Мағауиннің Шыңғысханның қазақ ұлтынан шыққандығын растайтын дүниелері жарық көрген-ді. Міне сол кітаптарды ақтара отырып қолыма қалам алуыма тура келді. Қателеспесем, осыдан үш-төрт жыл бұрын еліміздің танымал ірі ғалымдары «Қазақстан» телеарнасынан Шыңғысханның таза қазақ болғандығын және оның меркіт руынан шыққандығын дәлелдейтін бірқатар дәйектер келтірген. Соның ішінде меркіттер қазір қай ру құрамында екендігін де ашық мәлімделді. Осы тұрғыдан келгенде, өзінің әдіс-тәсілдерінің ерекшелігі арқасында жарты әлемді жаулап алған даңқты бабамыздың қазақ екендігін ертең-ақ бүкіл әлем, әйтеуір, бір мойындайтыны басы ашық әңгіме.
Шыңғысханның кезінде қазіргі Моңғолия жерінде Татар даласы аталып кеткен аумақта қазақтың татар тайпа-рулары мекен еткен. Қазіргі қазақ даласына қоныс ауыстырған олар кейіннен керей, найман, меркіт, жалайыр, қоңырат, татар және дулат руларына тарап кеткен. Бұл жерде моңғол деген ұлттың өзі Шыңғысхан заманында тіпті де болмағандығын айта кеткен жөн. Олар Қытайдың Манчжуриядағы Шығыс Ляо деген мемлекетінен Шыңғысхан өлгеннен кейін ғана көшіп келген қидан деген халықтың ұрпақтары. Шынтуайтына келсек, «моңғол» деген атау Шыңғысхан немересі Мөңке ханның атымен тікелей байланысты. Мөңке хан Оңтүстік Қытайға шабуылдаумен болғандықтан, оны қытайлықтар «Монгу» деп атап, одан қазіргі моңғолдардың атауы шыққандығын тарихтың өзі дәлелдеп отыр.
Енді Шыңғысханның өзіне келер болсақ, оның асырап алған әкесі қазақтың қият руынан болса, ал өзінің туған әкесі меркіт. Бұл жөнінде Жапон бір телеарнасында 2014 жылы және сол жылдың 29-шы мамырында Ресейдің «Мир» теле арнасында көрсетілген Шыңғысхан фильмінде өте жақсы берілген. Реті келгенде жапондықтар шыңдықты көрсете әрі мойындай білетін халық екендігін айта кету керек. Міне, сол жапон теле арнасынан көрсетілген фильмде Шыңғысхан өзін алты рет қазақ меркітпін деп атаса, оның осы рудан шыққандығын қоңырат шешесі де айтты. Меркіттің қазақ руы және қазіргі найманның құрамында екендігін біз онсыз да білеміз. Меркіт алдымен керейлермен бірігіп, Шыңғысхан керейлерді жеңгенде меркіт ханы Кетебек Ертістің бойына көшіп кеткен найман ханы Күшілікке барып қосылады. Оны қытайлық фильм арқылы өздеріңіз де жақсы білесіздер.
Шыңғысханның кезіндегі татарлар, яғни қазіргі қазақтар батысқа соғыс жорығы басталған кезде оның әскері ретінде қазіргі Қазақстан жеріне көшті. Оларды Шыңғысханның үш ұлы: Жошы, Шағатай және Төле бастап келді де осындағы қаны бір қыпшақ-қазақтармен бірікті. Ал қазақ даласында құрылған Алтын Орда мемлекетінде бірде бір моңғол тұрып көрген емес. Аталған мемлекеттің бірінші ханы болып Жошы танылды және тұңғыш астанасы – Ұлытау болды. Міне, сол киелі мекенде Алтын Орданың хандары Едіге мен Тоқтамыс жерленген. Кейбір деректерге қарағанда, Жошының жанындағы Алашаханның зиратында Шыңғысханның өзі жатыр делінеді. Ал «Алаш» сөзі Шыңғысхан империясының тағы бір атауы. Сондай-ақ, «Қазақ» деген сөз Шыңғысхан заманында шығарылған монеталарда көрініс тапқандықтан кейбір тарихшылар империя атауын қазақ халқымен де байланыстыруда. Бір ескере кетерлік жәйт, Шыңғысханның төрт әйелі де қазақ болғандығы. Діни наным-сеніміне қатысты айтсақ, олар көне қазақ дінін, яғни тәңірге табынушылықты ұстанды. Шыңғысханның ең ірі қолбасшыларының бірі – Мұқылай қазақ – жалайыр руынан, екіншісі Сүбедей татар-тува, ал енді Жебені айтудың өзі артық шығар.
Шыңғысхан деген аттың өзі қазақтың «Таудың қарлы биік шыңы» дегенді білдіреді. Сол сияқты «Қарақорым» сөзі де әр қазаққа таныс әрі түсінікті деп білемін. Шыңғысханның татар империясынан да, Шыңғысханның өзінен де, тіпті Алтын Ордадан қазіргі күнге жеткен тарихи құжаттар мен хаттар, ақша монеталарда моңғол тілінде жазылған дерек таппайсыз. Тек қана татар тілінде, ал Алтын Орда кезінде қыпшақ, яғни қазақ тілінде жазылғандығы көрініп тұр. Өйткені Шыңғысханның татар империясы кезінде қолданыс тілі татар тілі болса, Алтын Орда кезінде ол қыпшақ, яғни қазақ тіліне ойысты. Реті келгенде айта кету керек, Татар империясының мемлекеттік алфавиті қазақтың көне орхон-найман алфавиті. Өте көптеген татар-қазақтар Мұқылаймен, Құбылаймен Қытайға көшкендігін де қаперге сала кеткен жөн. Сонымен қатар қазақ-татарлардың негізгі бөлігі қазіргі Қазақстан аумағына Шыңғысханның әскері ретінде қоныс аударды.
Сондықтан да қазақ халқын тарихы тереңде жатқан ең ұлы халықтардың бірі деп атауға болады. Өйткені, әлемді мойындатқан ең ұлы деген төрт империяның тікелей мұрагер ұрпағы болып табылатын қазақтар қаһарман халық. Тарқатып айтқанда, Ұлы Гун империясының патшасы Аттиланың жаугершілік заманы өз алдына бір әңгіме. Екіншісі, көне қазақ империясы Түрік Қағанаты болып табылады. Ал үшіншісі Шыңғысханның құрған Ұлы Татар-қазақ империясы. Төртіншісі, қазақтың ұлы империясы – Алтын Орда. Сондықтан да осындай төрт ұлы империяның мұрагері болып табылатын қазақ халқын ұлы халық деп айтуға барлық негіз бар. Мысалы, әйгілі Гун империясы Қытайдың әскерін бірнеше рет талқандап, аспан асты елің үрей мен қорқынышта ұстағаны мәлім. Реті келгенде айтарымыз, Гундардың ұлы патшасы Аттила Рим империясын тас талқан етіп жеңгені белгілі. Бұл тұрғыдан алғанда қазақтың ұлы хандары Шыңғысхан мен Бату хан әлемнің біраз елін жаулады. Батухан бастаған қазақтың Алтын Орда әскері Лигнец түбіндегі Еуропаның біріккен күштерін тас-талқан етіп жеңді. Шыңдықты бүкпесіз айтар болсақ, Шымкент, Тараз, Қызылорда және Маңғыстау жерлерін бізге жаулап алып берген Шыңғысханның өзі. Отырар қазақтың емес, парсылардың қаласы болғаны рас. Орайы келгенде Алтын Орданың құрылуымен біртұтас қазақ ұлты, жері мен тілі өмірге келгендігін айта кету керек.
Қорыта айтқанда, болашақта қазақ даласында империя құруға ат салысқан, мемлекеттіктің негізін қалаған ұлы бабаларымызға бірқатар елді мекендердің атын беру туралы мәселе көтерген орынды деп білемін. Еліміздің белді қалаларында Атилла, Күлтегін, Шыңғысхан мен Батуханның ерліктерін паш ететін ұлы шайқастары бейнеленсе, нұр үстіне нұр болар еді.

 

Ерхан МӘЖІК,
тарихшы

qasym.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста