ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА – ДЕРБЕСТІК НЫШАНЫ

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА – ДЕРБЕСТІК НЫШАНЫ

Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанда Кеңестер Одағына ортақ ақша &ndash рубль айналымда жүрді.

Егемендігімізді алғаннан кейін ту, елтаңба, әнұран сияқты мемлекеттік рәміздерімізбен қатар өз ұлтымызға тән төл теңгеміз шығарылды.

Ұлттық валюта - елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейтін, экономикалық дербестік беретін мемлекет атрибуттарының бірі.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ұлттық валюта жасап шығару, оны айналымға енгізу өте күр­делі жағдайда жүргізілді. Мұн­дай ауқымды істі жүзеге асы­руға қажетті тәжірибе мен мамандар жоқ еді. Ескі ақшаны айырбас­тап қана қоймай, құлдыраған өндіріс пен банк жүйесін қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды.

Қиындықтарға қарамастан, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жаңа үлгідегі, ерекше ұлттық сипаттағы төл теңгеміз жарыққа шығып, айналымға енгізілді.

Бүгінгі күні Қазақстанның банк жүйесі тәуелсіздік жылдарында жүргізілген жүйелі реформалар нәтижесінде, бүкіл посткеңестік елдер ішінде алдыңғы қатарлысы болып келеді. Бізде ТМД елдері ішінен ең жақсы төлем жүйесі қалыптасқан.

Ұлттық валютамыз - теңгенің тарихына келетін болсақ, ол тікелей Елбасының қызметімен байланысты. Ел Тәуелсіздігінің бірінші жылдығына орай өткен салтанатты жиында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлттық валютаны енгізу қажеттілігін барлығымыз түсінуіміз қажет. Біз үшін бұл оқиғаның тек экономикалық емес, сондай-ақ саяси мәні де теңдессіз» деген болатын. Бұл 1992 жыл болатын, ол кезде Қазақстан бірыңғай рубль аймағынан әлі шықпаған еді. Осы сәттен бастап, бізге өзіміздің ұлттық валютамызды енгізу қажеттілігі туындады.

Сол кездегі Қазақстанға төнген әлуметтік және қаржылық дағдарыстың бетін қайтару мақсатында, Елбасы ұлттық валютаны енгізу үрдісін тездетті.

Теңгенің бастапқы нұсқаларында халқымыздың ұлы тарихи тұлғалары бейнеленді. Кейін, уақыт өте келе, заман ағымына қарай, әлемдік талаптарды ескере отырып, теңгенің жаңа нұсқасы дайындалып, шығарылды.

Ұлттық валютамыздың «теңге» деп аталуына келетін болсақ, Елбасы өзінің «ХХ ғасыр табалдырығында» атты еңбегінде былай деп еске алады:  «Біз өз ақшамызды қалай атау керектігі жөнінде де көп дауластық. Маған «алтын» және «теңге» деген атаулары ұнады. ТМД халықтарының бәріне де түсінікті. Түркі тілдерінде де, славян тілдерінде де бар сөз. Қазір батыстағы экю сияқты, ТМД елдерінің валютасына «алтын» деген атау ұсынар едім. Ақырында «теңгеге» тоқтадық». Нәтижесінде «Қазақстан Республикасының ұлттық валюта енгізу туралы» Президент Жарлығына сәйкес, 1993 жылғы 15-қарашада теңгеміз айналымға енді. Бұл күн ресми түрде Ұлттық валюта күні болып аталып келеді.

1993 жылдың қараша айында төл теңгеміздің айналымға енгізілуі біздің жас, Тәуелсіз еліміздің тарихи жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болды.

Теңге - еліміздің қаржылық тәуелсіздігінің символы. Төл валютамыз дамудың жаңа деңгейіне жол ашып, жаңа нарықтық эконо­­ми­­каның құрылымдарын қалып­тас­тыруды қамтамасыз ете алды. Бұл - тәуел­сіз экономи­калық және қаржы-несиелік саясат­ты жүзеге асы­руымызға, нақты эко­но­микалық егемендікке қол жет­кі­зуі­мізге мүм­кіндік туғызды.

Ұлт­тық валютаның арқасында Қа­зақ­­стан­ның экономикалық қауіпсіз­дігі қам­тамасыз етіліп, қаржы­лық сая­сат­тың іргетасы қаланды. 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к

Махаббат ЖҰМАДІЛ

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

IT факультетінің I курс студенттері:

Нарқыз ИСӘДІЛ, Өрен НҰРКЕЛДІ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста