Таңжарық пен Алпысбай ақалақшы

Таңжарық пен Алпысбай ақалақшы

Мен жеті жасқа шыққан жылы Алпысбай ақалақшы қайтыс болыпты. Анық бейнесі қазір есімде жоқ, алайда, мен бала кезімнен Алпысбай ақалақшыны көзі көрген, дәмдес-тұздас болған кісілердің аңгімесін тыңдап есейдім. Алпысбай Берәлі бидің өз кідігінен болса, мен Берәлі бидің төртінші ұрпағымын.
Алпысбай ақалақшы өз қоғамының отаншыл қайраткері, оқу-ағарту істерін көркейтіп, халықты отырықшылыққа, ауқаттандыруға бастаған ел ағасы. Алпекең хақында кезінде әйгілі ақын Таңжарық Жолдыұлының «Алпысбай ақалақшыға» деген өлеңі болған. Міне, осы өлеңге байланысты соңғы ұрпақтар санасында аталған тарихи тұлға жөнінде ұқсамаған қайшылықты түсініктер сақталып келеді. Сондықтан, мен көне көздердің куәсі ретінде Алпысбай туралы жаңсақ ұғымға түсінік жасап, бүкіл Қытай қазақтарына танымал беделді қоғам қайраткерін ұрпақтардың қайталай тануына мүмкіндік жаратып берсем деймін. Өйткені «сөз шындықтан бұзылмайды» деген ғой. Өз басым Алпысбай ақалақшы туралы осыншама көп деректерге ие бола тұра ағат ұғымға тұзету жасамай, ершімді еңбектерін елге таныстырмай жүре берсем, ата-бабаларым алдында азаматтығыма да ауыр сын секілді. Оның үсітне жасым болса жетіпсті желкелеп барады. Міне, осы ойлардың жетегінде көп толғана келіп қолыма қалам алып отырмын.
Әйгілі ақын Таңжарық Жолдыұлының «Алпысбай ақалақшыға» деген өлеңі тұңғыш рет Таңжарықтың Қазақстанда 1976 жылы жарық көрген «Арман тау» деген жинағында жарияланған. Кейін Қытайда 2001 жылы жарияланған толық жинағына кіргізілді. Өлең қысқа болғанымен өте өткір жазылған, өз оқырманын бей-жәй қалдырмайды. Меніңше, бұл өлеңнің қандай жағдайда жазылғанын көп ел біле бермесе керек.
1923 жылы Таңжарық Шапшалдағы Қалжат шекарасы арқылы Нүптібек байдың «Жырық көк» аталған бәйге көк атын ұрлап мініп, Қазақстанға білім іздеп өтеді. Сасан ауылы бәйге көктің орнына он ат сұрайды. Сонымен сол кездегі дербістің ақалақшысы Алпысбай ақылдаса келе аттың бесеуін Таңжарықтың руы сады ауылына жүктеп, қалғанын басқа дербіс ұрпақтарына төлеуге ауыл иесі ретінде мақұлдық береді.
Сөйтіп ел іші ала тайдай болып бөлініп жатқанда, 1925 жылы қарашада Таңжырық баяғы бәйге көкпен ауылға қайтып оралады. Ел болған соң оның аласы да, құласы да болатыны белгілі. Осы кезде кейбір көр көңілді кісілер ақынға: «Ақалақшымыз Алпысбай сені ұры-қарақшыға балап, жырық көк үшін он ат төлеуге мақұлдық берді. Мұның өзі бүкіл елді жығып бергені, сенің қадіріңді білмегені, құныңды түсіргені» деп, Алпысбай мен Таңжарықтың арасына ала жіп тастайды. Еліне желдей есіп жеткен ақын бұратана ауыздан бұл бұралқы сөзді естіп, ақалақшы Алпысбайға өкпелеп, іздеп барып салам беруден де бас тартады.
Бұл арада қалың оқырмандарымызға ашулы өлеңнің кейінгі кезде қалай жазылғанын толығымен баяндай кету керек сияқты. Таңжарық елге келген соң өз ауылында байыздап тұра алмай, Іленің әр қайсы аудандарын аралап, бір жағынан салдық құрып, бір жағынан «әділет, еркіндік, теңдік» дейтін көзқарас, идеяларын үгіттеп жүреді. Ақынға өшігіп жүрген адамдар міне, осы орайды пайдалана біліп: «Таңжарық ел ішінде кері үгіт таратып жүр» деп, сыртынан сол заманның үкіметіне домалақ арыз кіргізеді де, 1926 жылы күзде ақынды секемшіл үкімет Құлжадағы Даутай жамбылының зынданына қамайды. Міне, осы кезде ел ішінде Сүлеймен заңгі, Қанапия, Муса қатарлы белді кісілер Алпысбайға келіп, Таңжарықты босатып алуға атсалысуын сұрап, ара ағайындық қызмет атқарады. Алпысбай болса: «Ақынымыздың еркелігін көтермесек, елдігіміз қайда?! Мен Таңжарықты табалатпай, Сасан ауылымен болған берекені де ойлап, жоғартындағы байламға барған едім. Ал, Таңжарық маған сәлемдесуге де жарамады, өздерің шығарып алыңдар» деп алғашқы тұста қаракөктігіне басып, келген кісілерді кері қайтарады. Сөйтіп олар Таңжарықтың артынан барғанда Алпысбайдың Таңжарықты шығаруға көмектеспегенін айта барады. Сонымен тарпаң талантты Таңжарық «Алпысбай ақалақшыға» атты аталмыш ашты өлеңін жазып, елге жібереді. Сонымен бұл өлең Іленің елді мекендеріне желмен бірге жайылып кетеді. Өлең қолына тиген Алпысбай ойға кетеді. Өзінің де, Таңжарықтың да өсектің арандатуына жолыққанына жаны күйзеледі. Ақыры ақынды жоқтаусыз тастап қоюға жаны шыдамай, сол заманның салтына бағып, жамбыл мансаптыларының көмейін толтырып, Таңжарықты түрмеден босату жөнінде жоғары үкіметке дәттеме ұсынады. Солайдан солай, бір жағы жамбыл ел-жұрттың қаһарлы күшінен және бір жағы Алпысбайдан алған парасы бар, бұл жолы он айдан кейін бостандыққа шығарады. Бұл рет Алпысбай ақалақшы қасына Құрманбай Байсақұлы қатарлы бірнеше білікті адамды ертіп барып, Таңжарықты Құлжадан ауылға алып қайтады. Осыдан бастап екеуі қайтадан татуласып кетеді. Өкінішке орай, ол кезде ақынның Алпысбайды айыптап жазған алғашқы өлеңін жинап алудың немесе оған түсінік жасаудың мүмкіндігі жоқ еді. Тағы бір жағынан алсақ, Таңжарық сол кездегі сөзін қайтып жұтпайтын елдің еркесі еді. Бұрын-соңды қазақ ақындары билеушілердің, ел ағаларының көз көрген кемістігін кезі келгенде тіке бетке айтуға әдеттенген. Бұндай өткірлік Таңжарықта тіпті де көрнекті. Айталық: сол кездегі Іледе сегіз ауданның төбесінен қараған Мақсұт гуандайға (Болыс) Таңжарық кезінде аямай көптеген өткір сындар айтып, өлеңдер шығарған. Соған қарап тарихи бұл тұлғаны керексіз кісі ретінде қабылдауымызға келе ме?! Әрине, келмейді. Таңжарыққа тарихта көп қамқорлық танытқан кісінің бірі осы Мақсұт болғанын кейінгі халық қанық біледі. Сол сияқты Таңжарықтың аталған өлеңінде де Алпысбайға өкпе-реніші, ақындық еркелігі қамтылған. Меніңше, ол кезінде Алпысбайдың адалдығана сенгендіктен де осылайша қатты айтуға, қатал айтуға барған. Өйткені, ол заман «ағайынның азары болса да, безері болмайтын» тұтастығы біршама сақталған тұс еді. Тәкеңнің бұл ойынан Алпысбай да айнымай шыққан. Біз бұл дәлелді айгіді ақынның кейінгі кездері түрмеге түскен тұста Алпысбайды бөле-жара ауызға алып: «Айтар сөз толып жатыр жамандасам, дәм тартып аман шықсам амандасам» деп, өткен-кеткен көп жағдайдан сыр аңғарта сипай қамшылайтын өлең жолдарынан ұғамыз. Тәкеңнің тағдыры қыспаққа жолыққан соңғы сәтте қаптаған қалың атқа мінерлердің арасынан қалап алып, Алпысбайға ғана жыр арнауының өзіндік бірнеше себебі бар.
Біріншіден, Алпысбай дербістің ақалақшысы, Таңжарықты сұрап алар жоқшысы еді. Екіншіден, Таңжарық қадыр-қымбатын түсінетін, сөзін бағалай білетін, жоқшы бола аларлық адамды тани білген. Сондықтан да 1940 жылы Үрімжі түрмесінде отырып жазған «Тұтқындау» деген өлеңінде:
Алпысбай, Сатыбалды, Кәрім қайда?
Болатын дертке шипа дәрім қайда?!
Тілдессем қанғанымша сұрар едім,
Жібердің осылардың бәрін қайда?! – деп жырлайды.
Бұнда ақын алдымен ел иесі Алпысбайды ауызға алады. Неге десеңіз бұл арада ақын Алпысбай ағасының бұдан бір жыл бұрын қайтыс болып кеткеніне, өзінің жоқтау-сұраусыз, жал-құйрықсыз қалғанына қамығып отыр. Демек, Таңжарықтың бұл арада алғашқы ашулы көңіл күйімен жазған өлеңіне бола Алпысбайдай өз ортасының көрнекті ірі қоғам қайраткерін кейінгі ұрпақ, кейінгі тарих жоққа шығаруға, тіпті кеміте де түсуіне келмейді. Бұл арысын айтсақ ел тарихына, ер еңбегіне жасалған қиянат дер едік. Байыптап қараған адамға Таңжарықтың кемеліне келіп толысқан тұсында жазған соңғы сағыныш бұрынғы өкпе-назын жуып-шайып, араларындағы құрметке, ұлы сағынышқа, терең қимастыққа жол салып тұрғаннан дерек беріп тұр. Олай болса бүгінгі ұрпақ немесе оқырман ақынның кемелді шағындағы ой қортындысына құрмет етуіміз керек.

(Жалғасы бар)
Қапаржан Теміржанұлы
dalanews.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста