Қытайдағы ұйғыр, қырғыздар да Ахаң жасаған төте жазуды пайдаланады

Қытайдағы ұйғыр, қырғыздар да Ахаң жасаған төте жазуды пайдаланады

Жер бетіндегі қазақтардың шекаралармен бөлініп әр елде өмір сүріп жатқаны секілді, тілі бір бола тұра қолданатын жазуы бөлек-бөлек, әр алуан. Айталық, қара шаңырақтағы қазақтар және Моңғолия қазақтары кирилл (шетел қазақтары мұны славянша дейді), Қытайдағы қазақтар төте жазу, Түркиядағы, Өзбекстандағы қазақтар латын жазуын қолданады. Дәл осы секілді тағдыр ұйғырдың да, қырғыздың да басында бар. ҚХР-дағы ұйғырлар қолданып жүрген жазу аумаған Ахмет Байтұрсынұлының жүйеге келтірген төте жазуының өзі. Ахаңдар арабшадан ыңғайлағанға дейін шағатайша делініп келген қадымшаны қолданғаны анық. Қараханидтердің шығыс астанасы Қашқар қаласы болып тұрғанда тап-таза арабшаны қолданып келсе, ХХ ғасырдың басында, яғни харекетсіз, асты-үсті белгілерін алып тастаған, арабшаны пайдаланды деуге болады. Оны өздері шағатайша дейді. А. Байтұрсынұлы грамматикасын жасап, тәртіпке түсірген соң күллі қазақ бір ізге түскен еді. Алайда ұйғырдың жан саны көп бола тұра, өзінше ел бола тұра әріптеріне реформа жасағаны туралы дерек жоқ. Анығы А. Байтұрсынұлы секілді өздерінен ғалым шыққаны айтылмайды. Қытайда қазақтар, ұйғырлар, қырғыздар бірге өмір сүретіндіктен, олардың тілі жақын болғандықтан, діні бір болғандықтан Қытай өкіметі осы үш ұлтқа (қазақ, ұйғыр, қырғыз) бір жазуды қолдануды әмір етті. Сол себепті ұйғыр мен қырғыз дап-дайын А. Байтұрсынұлының үлгісін алды да қолдана берді. Тек ішінара өзгешелікті өздеріне бейімдеді де, қолданысқа енгізді.
Қытайдың Гоминдаң өкіметі кезінде (1911-1949 ж.) стихиялы түрде Қазақстаннан алды да істете берді. Ол кезде тергеп-тексерген біреу болған жоқ. Гоңшандаң-Коммунистік өкіметі кезінде Мемлекет ресми бұйрық түсіріп төте жазуды үш ұлтқа ортақ пайдалануға берді. Бұл азаттықтан Мәдениет зор төңкерісіне дейін (1949-1966 ж.) 17 жылды қамтиды. Мәдениет төңкерісі басталып, төте жазу ескіліктің, діннің сарқыны болып сынға алынып, түбірімен өзгертуге ұшырады. Осылайша «Жаңалықтың жаршысы» деп латынша енгізілді. Бір ұрпақты сауатсыз қалдырып (1966-1980 ж.), Дың Шаупың заманына жеткенде тағы өзгеріске ұшырап, 1981 жылдан бастап төте жазуды қайта жаңғыртты. Тағы бір буын ұрпақты сауатсыз қалдырды. Міне, содан бері 35 жылдан аса мерзім ішінде төте жазуды қолданып келеді.
А. Байтұрсынұлының даяр жобасы үлкен үш ұлтқа азық болды. Мен қазірге дейінгі әдебиеттен ұйғыр мен қырғызда осындай ғалым болған, еңбектері мынау дегенді оқыған жоқпын. Мүмкін ұйғырлардың айтары бар шығар, қайткен күнде де А. Байтұрсынұлы еңбегінен алғаны анық. Алғаны емес көшіргені анық. Осы үш тілде оқып-жаза білетіндігімнен, аударма жасап жүргендігімнен, осылай айтып отырмын. Бұл жазудың негізі Ахаңда жатқанын анық көремін. Түркі ұлттарындағы төте жазудың төл атасы Ахмет Байтұрсынұлы деп айтуға негіз бар.

Дәулетбек Байтұрсынұлы, ақын,
түркі дүниесі ақындары жыр мүшәйрасының лауреаты.
“Бекзада” журналы
Namys.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста