Қазаққа тәжірибе жасау және "құлмінез"
Қазақстан билігінің қазақтың ұлттық санасын түбегейлі өзгерту, яғни, ұлтсыздандыру бойынша жүргізіп келе жатқан ең қуатты тәжірибесінің бірі – Қазақстанның көп ұлтты екенін дәлелдеу, яғни, елдің иесі – қазақ деген ұғымды жою. Бұл тәжірибеге «Қазақстан халықтарының бірлігі, достығы» негізге алынады. Тіпті, олардың бәрі бір отбасының, бір ата-ананың балаларындай деген ерсі тұжырымдар ұрандата айтылады. Бірақ олардың ортақ, яғни, ресми тілі –орыс тілі. Қайталап айтар болсақ, Қазақстандағы қазақ ұлты 68 пайыздан асып кетті. Бұған қазақпен еркін сөйлесіп, еркін түсінісе алатын, осында тұратын өзбек, татар, қырғыз, әзірбайжан, ұйғыр секілді түркі тілді, яғни, тілі бір, діні бір халықтарды қосыңыз. Ендеше олардың бәрі Қазақстанда неліктен ресми тіл деген мәртебе берілген орыс тілінде сөйлеуі керек? Бұл тәжірибенің, бұл іс-шараның аржағында осы басқа ұлттардың есебінен әлі де Ресей империясын, орыс тілін, орыс үстемдігін аман сақтап, өздерінің Мәскеудегі мықтыларына көмектесу пиғылы ап-анық көрініп тұрған жоқ дей аласыз ба? Осының бәрін көріп отырып патшалық Ресейдің де, Кеңестік Ресейдің де, бүгінгі Ресейдің де баяғыдан бері қазаққа қарсы жүргізіліп келе жатқан империялық, басқыншылық саясаты әлі де жалғасуда екені өтірік пе?
Енді міне, қазаққа сонау Колбин заманында жасалған қостілділік, тәжірибесі бүгінде үштілділікке ұласты. Сол кезде «қос тіл–қос қанатың» деген мақал қолданылса, енді «ошақтың үш бұты болады» үш тіл – үш тұғырың деген сайқали мақал ойлап табылды. Адам баласының тұғыры – аяғы, қазақ та екі аяқты, енді ол үш аяқтыға айналдырылуда. Жақында Дариға Назарбаева ханым бұған қоса қытай тілін де үйрету керек деген ұсыныс тастады. Көрерсіз де білерсіз көп ұзамай оны да іске асыру басталады. Сонда қазақтың төрт аяқтыға айналмаған несі қалады? Ал төрт аяқтыларда ұлттық сана, ұлттық намыс, ұлттық тіл деген болмайды. Бажылдайтындар бажылдай берсін, бұл – ақиқат. Рас, бірнеше тіл білетін жекелеген адамдар болады, оларды полиглот дейді. Ал жер бетінде полиглот халық деген халық жоқ. Ал бір ұлтты түп-түгел көптілді ұлтқа айналдырамын деу – сол ұлтты жер бетінен бір тамшы қанын шығармай жоқ қып жіберуге арналған үлкен тәжірибе. Кеңес заманында тілі мүлде орысшалану не шұбарлану арқылы яғни, қос тілділіктің кесірінен ғана 90-ға жуық ұсақ ұлт 70 жыл ішінде жойылып кетті. Қазір жер бетіндегі бірде-бір мемлекетте мұндай тәжірибе жоқ. Дүние жүзінің ғылымы, технологиясы ағылшын тілінде деген сөз судай өтірік. Бірнеше миллиард Қытай, Жапония, Иран, т.б. басқалары бүкіл ғылымды өз тілінде игереді. Ағылшындар жаулап алып өз тілін енгізген 20 шақты бодан мемлекеттердің еңбектеген сәбиінен еңкейген кәрісіне шейін ағылшынша сөйлей алады. Бірақ солардың ешқайсысы ешкімнен озып әлем көшінің алдына түсіп кеткен жоқ, алдына түспек түгіл әлі күнге аш-жалаңаш жоқшылықта күн кешуде. Оны үштілділік идеясын ұсынушы басшы қазақтар білмей отырған жоқ: бірақ Тәуелсіздік алған жылы елімізді Қазақ Республикасы деп атайық дегенде «мұнда тек қазақтар ғана емес басқа ұлттар да тұрады! Так нельзя! Республика Казахстан (Қазақстан Республикасы) деу керек деп шу шығарып ақыры солай атауға көндірген де сол орыстілді космополиттер еді. Қазір аңқау қазақ «Мәңгілік ел», «Ұлы дала елі» деп атайық деген жоғарғы жақтан басталған ұранды сөзді екілене, лепіре қайталайтын болды. Бұның аржағында еліміздің атауында «қазақ» деген сөз болмасын деген арамза пиғыл жатқан жоқ дей аласыз ба? Оны ойлап тапқандар да орыстілді космополиттер мен ана тілін, ұлтын менсінбейтін мәңгүрттер емес екеніне кепілдік бере аласыз ба? Рас, қытайлар өздерін «аспан асты еліміз», жапондар «күншығыс еліміз» деп атай береді. Бұл олардың өз елін сүйгендіктен асқақ пафос қосып айтқан қосымша көркем теңеуі ғана. Олар бірақ қазақтарша елімізді бұдан былай солай атайық деп жүрген жоқ. Сонда қалай, Қытай, Жапон, Ресей бәрі уақытша да тек Қазақстан ғана мәңгілік пе екен? Бұл өзгелерге күлкі боларлық сөз ғой!
Бажылдағандар бажылдай берсін, осының бәрін ойлап табатындар жастайынан тілі орысша шығып, қазақты орыстан мәдениеті де, тілі де, білім-білігі де, төмен деген ұғым санасында тас болып қатып қалған, бірақ онысы құлдық сана, құлдық мінез екенін білмейтін, сөйте тұра Кеңес заманындағы орыстілділерді төбеге көтеру саясаты әлі де жүргізіліп келе жатқандықтан билік басында отырған шұбартілділер ойлап тауып, қазаққа қарсы қолдануда. Мұндай адамдарда, яғни, космополиттерде өзі үстем деп санайтын ұлтқа қазақты да табынуші еткісі келетін құлдық психология әбден қалыптасып қалады. Оны бір сөзбен құлмінез адам дейді. Ендеше «құлмінез адам қандай болады?» деген сауалға сәл тоқталып өтелік.
Ең жаман жері ондай адам өзінің құлмінез екенін білмейді. Себебі, ол үстем ұлттың тілінде сөйлеп сол ұлттың жыртысын жыртып жүруінің арқасында аналар оны арқасынан қағады, сен мәдениеттісің, сен өркениеттісің деп астына көпшік қояды. Мұндайлар Кеңес заманындағы сияқты бүгінгі Қазақстанда да тәп-тәуір қызметке тұрып, тәп-тәуір күнін көріп жүр. Аты әлемге әйгілі ойшылдың айтуынша егер құл өзінің құл екенін біліп, сол құлдығына қарсы күрессе ол –құл емес. Ал егер ол өзінің құл екенін білмесе немесе біле тұра оған қарсы күреспесе ол –нағыз құл екен. Құлдық мінез тұқым қуалайды, яғни, қан арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Қазақ осы орайда «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» деп өте дәл айтқан. Біз тәуелсіздік алған 25 жылда ғасырлар бойы Ресейдің бұғауында болған осы құлдық санадан, құлмінезден құтыларлық өзге республикалардағыдай еш шара жасаған жоқпыз. Мынадай да мысал бар: Егер тозақта үш күн болған адамға келіп «Шығарып алайын ба?» десең «керегі жоқ, үйреніп қалдым, осыным жақсы» дейді екен. Бүгінгі қазақтың басшасының да, кещесінің де ішінде Ресейдің етегінен айрылуға болмайды, Ресейсіз күніміз жоқ дейтіндерге қарасаңыз осы мысал еске түседі. Осы құлмінез талай қазақтың қанына сіңіп кеткенін «Ұлт» деген порталда Шынтүрік дегеннің «Түркияның Қазақ еліне қауіпті агрессиялық саясаты» деген сандырағын және соны қоштап жазылған комментарилерді оқысаңыз да көз жеткізер едіңіз. Ұзақ жылдар Ресей бодандығында болып жер бетінде орыстан өткен озық, мәдениетті халық жоқ деп тілі бір, діні, салт-дәстүрі, дүниетанымы өзіне өте жақын бауырлас елдерден қол үзіп, өзінің де ұлттық ерекшелігінен айрылып қалған қазақ сол бауырлас елдермен енді-енді ғана араласа бастағаны осы арамза мақаланы жазған Шынтемір мен оны қолдаушы қазақтарға инедей қадалады екен. Тіпті, Қазақстан мен Түркияның жақындасуына ашықтан-ашық қарсылықпен Түркияны, түріктерді көпе-көрнеу ғайбаттап, жала жауып Шынтүрік Ертүрік деген бүркеншік, жалған атпен жазылған бұл сұмдықнаманы түрік, мұсылман халықтарының бір-бірімен жақындасуына қарсы арнайы тапсырыспен жаздырып отырған билік басында отырған бір топ бар сияқты. Өйткені, жалаға, өсекке, арандатуға, ортаға от салуға, ағайын екі ұлтты қайткенде де араздастыруға құрылған бұл сұмдықнамада іс қағаздарының, ресми құжаттардың стилі ап-айқын көрініп тұр. Бұл–Ресейге құлдық санадан әлі де толық арыла қоймаған қазақты қайтадан Ресейдің табанына түсіруге арналған, не Ресейдің не Ресейге қызмет ететін бір жасырын ұйымның әккі залымдары өте шебер сайқалдықпен жазған қазаққа қасіреті мол жазба. Оған жазылған комментарилердің де көксейтіні бір ғана нәрсе: қалай да Қазақстан Ресейге қайта қосылуы керек, қазақ тілінің түкке қажеті жоқ, Алматының атын Верный қып өзгерту керек, Қазақстанға оралман қазақтар емес орыстар көптеп келуі керек, қазақтар ХХІ ғасырға орыс болмаса жете алмас еді, алашорда қайраткерлері алаяқтар! Қысқасы, қазақ жер бетінде орыссыз өмір сүре алмайды екен?! Осы сұмдықнаманы, оны қолдап жазылған комментариларды оқып болғасын жер бетінде қазақтан басқа мынадай азғын, мынадай сатқын, мынадай сайқал малғұн ұрпағы бар халық бар ма екен деп айқайлағың келеді екен. Әлде орыстар қазақты «баран» деп кемсіткенде осындай азғындарды айтты ма екен дейсің тағы да. Әнеугүні Түркия өзінің әуе кеңістігін бұзған Ресей ұшағын атып түсіріп, содан бері бұл екі елдің арасында алауыздық туа салысымен жазылған бұл азғынхатта түрік халықтарының ең қуатты мемлекеті саналатын, Қазақстанның тәуелсіздігін ең бірінші болып мойындаған Түркияға қара күйе жағудың небір сорақы әдістері қолданылған. Тіпті, түріктер қазақша үйренбейді, Түркияға оқуға барған кейбір қазақ қыздары сонда қалып қоюда деген сияқты кісі күлерлік сөздер де айтылған. Еуропада оқып жүріп те, Қазақстанда жүріп те кез-келген шетелдіктің, негрдің соңынан еріп кетіп жатқан қазақ қыздарының бәрі дерлік орысша оқығандар екенін бұл арандатушы жақсы біледі. Түркі халықтарының бірлігіне тілектес, қазақтың тәуелсіздік алғанына разы есі дұрыс адам керісінше Қазақстанда тұратын түрік те, Түркиядан бірнеше күнге келген түрік те дереу қазақша сөйлейтінін, ал қазақ жерінде туып-өсіп, өмірінше қазақтың ас-суын ішіп-жеп, жер байлығын қазақтан көп пайдаланып қарһәлләзи өмір сүріп жүрген орыс қазақ тілін үйренбек түгіл қазақтарға «говори» человеческим языком» деп жекіретінін білмеуі мүмкін емес. Түрік халықтарының, исі мұсылманның басын біріктірмеу үшін пантюркизм, панисламизм дегенді ойлап тапқан Ресейдің бұл жалдамалылары қайткенде қазақ пен түрік арасына соншалықты от салуына жоғарыдағы әлдебір космополит, «русскоязычныйлардың» ықпалы болған жоқ дей алмайсыз. Және осындай арандатушы сұмдықты «Ұлт» деп аталатын қазақша сайттың жариялауы тектен-тек емес. Егер бұл түріктерге емес орыстарға қаракүйе жағылған мақала болса қанша жерден атын Шынтүрік Ертүрік деп өзгертсе де арнаулы қызметтер бір-екі күнде-ақ оны ұстап алып, ұлт араздығын қоздырушы деп темір тордың аржағынан бір-ақ шығарар еді-ау. Оны жариялағаны үшін «Ұлт» порталы да жазадан тыс қалмас еді. Бұнда тек орыс пен Ресейді көкке көтергені үшін ғана автор кімдерден, қанша сыйақы алғанын кім білсін. Ал осы сұмдықнамаға қолдау білдіріп жазылған пікірлерді оқып отырып та сол баяғы тозаққа үйреніп қалдым басқа жақсы өмірдің қажеті жоқ дейтін адам еске түседі. Яғни, біздің қазекем әлі де «Шайтанмен дос болып үйреніп қалдым, періштеңнің керегі жоқ» деген құлмінезден арыла қойған жоқ.
Иә, бүгінгі қазақ ұрпағы өз халқын күні кешеге шейін алуан түрлі ашаршылықпен де, қылыш, мылтықпен де, ядролық сынақпен де, қазақ жерінде ең зиянды зауыттар салумен де қырып-жойып келген, енді зымырандарын осында құлатып, гептилін төгіп өлім-жітімге ұшыратып жатқан ешқандай жоңғар да, түрік те, өзбек те емес орыстар екенін әлі де білмейді. Бүгінгі қазақтың жас ұрпағы арақ ішуді, әйел, қыз зорлауды, суицид деп аталатын өзін-өзі өлтіруді, есігін құлыптамай, тек ит кіріп кетпесін деп таяқпен сүйей салып кете беретін қазақ ұрлық істеуді (барымта, конокрадство қайда да болған) орыстан үйренгенін, педофил деген сөзді алғаш орыстан естігенін де білмейді. Бұны біз ұлт араздығын қоздыру үшін емес Шынтүрік деген бүркеншік аты бар арамзаның түрік ұлтын жамандағанына жауап ретінде айтып отырмыз. Осының бәрі қазаққа орыстан келгенін әлгілерді жазып отырған құлмінез дүбәралар өте жақсы біледі. Олардың, яғни біздің көзімізді ашқан орыс деген Шынтүрік сияқтылардың космолиттік-орысшылдық ауру сандырағына еркіндік беріліп қойды. Сонда бұлар ілім-білімді орыс қайдан үйренгенін, оның бәрін былай қойғанда адам дамуы ешқашан тоқтамай дүниежүзінің қазақтан аз халықтары да орыссыз-ақ ғылым-білімге жетіліп жатқанын білмейді деп ойлайсыз ба? Біледі. Бұл қанға сіңген құлмінездің ғана кесірі. Жарықтық кешегі алашорда арыстары, біз Ресей бодандығынан құтылмасақ осылай құлмінез болып қала беретінімізді, тілімізден, ұлттық санамыздан айрылып Шынтүріктер сияқты түрік әлеміне қарсы қаскөйлерге айналатынымызды қалай білген десеңізші. Айтпақшы, түркі халықтары, сұлтандары мен әмірлері бір кездері Таяу Шығыста, Кіндік Азияда, Африкада түркілік әкімшілік, түркілік әскери басқару жүйесін орнатты. Түркі Афрасиаб (1319-55) «түркілер өз жерінде тек малшы болады, ал жат жерлерде раушан гүліндей жайнап, алмас тастың сәулесіндей нұрланып ел билейді»-деген. Түркілердің, жалпы мұсылмандардың жиһангерлігін 600 жылдан кейін ағылшындар қайталады. Түркілер өздері жаулап алған елдерге орыстар сияқты нәсілшілдік, зорлық-зомбылық, жабайылық, жасамаған, тіліне, дініне тиіспеген, ашаршылық жасап қырып-жоймаған. Олардың адамгершілік, мәдениеттілік санасы еуропалықтардан әлдеқайда биік екені дәлелденген дегенді оқығанымыз бар. Осындайда әруағыңнан айналайын Мұстафа Шоқайдың 1937 жылы жазған «Ресейдегі ұлттық мемлекет мәселесіне орай» деген мақаласындағы мына жолдар еске түседі: Британия басқа одақтас халықтарына Британияның мемлекеттік, саяси мәдениетін таратады. Ал мұндай мәдениет орыс халқында жоқ. Ағылшындар мен орыстардың менталитетінде, құрылымында өзгешеліктер көп. Ағылшындар өздері бодандыққа айналдырған халықтың жеріне көшіп барып, біржолата қосып алуға ұрынбайды. Ағылшын үкіметі өзінің жұмыссыз жүрген тұрғындарының бірде-бірін өз отарларына апарып қоныстандырған жоқ. Ал Ресей мүлде басқа. Орыстар көшуден жалықпайтын көшпенді-мұғажыр отаршылдар. Қашанда орыс солдатының артынан орыс мұжығы ілесіп отырады. Сосын пүшәйман халықтың жерін тартып ала бастайды… Орыс халқының әдеті басқалардың жерін басып алумен қоймай, оны орыстың жеріне айналдырып жіберуді көздейді,– дейді ол. Ендеше, бүгінгі қазақ ұрпағының тіліне, жеріне жасалып келген, әлі де жасалып жатқан тәжірибелердің авторлары да, Ресейге қайта қосылайық, қазақты адам еткен Ресей деген сияқты сұрқия сөздерді судай сапырушылар да үкімет жиындарында тек орысша сөйлейтіндер де, қазынаның қыруар қаржысын жеп сотталып жатқан билік басындағылар мен шетелге қашып кеткендер де әуел баста орысша тілі шығып, орыс мектептерін, Мәскеудің Жоғары оқу орындарын бітірген шұбартіл космополиттер екенін көре тұра несіне таңданамыз?!
Мырзан КЕНЖЕБАЙ, ақын,
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі
Ұлт порталы