Қазақ тарихы әлем суретшілерінің көзімен... (фото)
Мәскеуді өртеп жіберген Қырым ханы Дәулеткерейді орыс суретшілері осылай бейнелеген.
Құбылайдың саят құрып шыққан сәті..
Құбылай... Бас киіміне назар салыңыз...
«Башқұрт қазақтан жол сұрап тұр»,- деп аталатын Орловскийдің керемет суреті! 1861 жылы салынған. Қандастардың бір-бірімен орысша түсінісіп тұрмағаны анық. Бәрі қыпшақтар ғой, қайтсін жаман орыстың тілін!
Құбылайдың әскері мен жапон самурайларының арасындағы айқас. Ордалықтардың көбі осы шайқаста аяқ асты соққан дауылдың кесірінен кемесімен суға батып кеткен. Жапондар кейін өздерін құтқарып қалған осы дауылды камикадзе (Құдайдың жіберген желі) деп атапты...
Осы өткен тарихтан ордалық татарларға қатысты бір жаңа дерек шыға қалса, орыстардың жүгіріп барып, алдымен татарлардан жөн сұрайтыны жынымды келтіреді. Кәзіргі татарлар бұрыңғы бұлғарлар ғой. Олардың Алтын Ордаға аса көп қатысы жоқ. Ордалықтарға байланысты оқиғаның бәрі «татар» атанып кеткен қыпшақтардың тарихы. Олар кәзіргі қазақтардың арғы ата-бабалары. Қыпшақ конфедерациясының бүгінгі бірден-бір мұрагері Біздерміз...
1812 жылғы соғыс кезінде Орынбор, башқұрт, тептяр полктарының көзсіз ерлігіне қайран қалған француз армиясының полковнигі Робер әріптесіне былай деп жазыпты:
"Орыстар бізге қарсы моңғол ордаларын айдап салды. Бүкіл дәуір бізге тап бергендей болды. Тері жамылған бұл адамдар қорқу мен үркудің не екенін білмейді екен. Соғысу әдістері де қызық. Үрейіңді ұшыратын ұранмен айғай салып, топталып келіп тиеді. Зеңбіректің ядросы қынадай қырып жатса да, қарамайды ғой. Айтсам таңғаласың. Олар садақ-жебемен ғана қаруланған. Бірақ сонысымен-ақ біздің канонирлерді баудай түсірді. Капитан Клеменстің киімін жебе жыртып кетті. Майдан даласынан тағы біреуінің зулап ұшқанын көзім шалды. Мұндай экзотикалық жауынгерлерді бұған дейін көрмеген біздің солдаттар олардың ұрандатқан дауысын ести сала, алды-артына қарамай ұрыс даласынан жаппай қашып жатыр. Адам сенетін нәрсе емес. Шыңғыс ханның ордалары қайта тіріліп келіп, бізге тұтқиылдан тиіп жатқан сияқты..."
Бағзы замандағы түрік билеушісінің қорымынан табылған мүсіндер.
Еуропалық форумдардан табылған тағы бір "моңғолдың" суреті. Ертеректе салынған картина екен. Бәрінен бұрын бас киімі көзіме оттай басылды. Military of the Mongol Empire
Тоқтамыстың ордасы. Суреттегі ұсақ-түйектің бәріне назар аударыңыз...The Court of Khan Tokhtamysh
Өткенде біздің арғы аталарымыздың қолға мылтық алып, қытайлармен атысып жатқан суреттерін бергенмін. Сол тұста жапондар да алғаш рет отқаруды үйрене бастаған екен. Тіпті біздің аталарымыз мылтық атуды олардан сәл ертерек меңгерген тәрізді. Бірақ, жапондар оны ары қарай жетілдіріп,кейін замандық үлгідегі керемет армия жасақтап шығарды. Ал біз оны дамыта алмадық. Жапондардан қай жағымыз кем еді? Арал халқы болған соң, оқшау өмір сүрген соң, жапондарың мүмкіндігі көп болған сияқты...
Құбылай пілмен келе жатыр. Kublai_at_four_elephants
Тау-тасқа бекініп алған қазақтар қытайларды жақындатпай, баудай түсіріп жатыр..
Тоқтамыстың суреті