ҚАСҚЫРДЫҢ ҚЫРЫҚ АЛТЫ ҚАСИЕТІ

ҚАСҚЫРДЫҢ ҚЫРЫҚ АЛТЫ ҚАСИЕТІ

1) Қасқыр ешқашан екі рет жұп құрмайды.
2) Терісін тірідей сойып алсаң да қыңсылап,дыбыс шығармайды.
3) Қаншығы,яғни құртқасы бірақ рет бөлтіріктейді.
4) Күшік кезінен асырасаң да,құйрығын бұлғаңдатып еркелемейді.
5) Иттің иесі болғанымен,бөрінің Тəңірісі бар.
6) Жазда тауға,қыста жазыққа ұмтылады.
7) Бөлтіріктері дүниеге келгенде жанындағы елді мекендердің малына шаппайды.
8.) Қазақ қасқырдың атын атамаған,құтырып кетеді деп ойлап "ит-құс" деп атаған!
9) Қасқырдың терісінен жасалған ішікті белсіздікке ұшырайды деп жас жігіттерге кигізбеген.
10) Қасқырдың ішігін жамылған адамды боран болсын,ызғар болсын ала алмаған.
11) Қасқырдың ішігін 1-2 сағат бөсте қылып отырсаңыз,күні бойы денеңіз қызып жүреді.
12) Терісін аяқ киімге - ұлтарақ қылып салсаңыз,табаныңыздан еш уақытта суық өтпейді.
13) Қазақ бөріні киелі деп "пір" тұтқан.
14) Қазақ халқы көне заманнан байрағына көк бөрінің бейнесін бейнелеген.
15) Қасқырдың жүрегімен баланы ауыздандырса,ол бала қасқырдай алғыр əрі тегін болмайды деп ырымдаған.
16) Қасқырдың тісін,тырнағын адам баласы бой тұмар қылып тағып жүрсе,тіл-көзден ада болады деп ұққан.
17) Əйелінің аяғы ауыр кезінде ер адам түсінде көк бөрі көрсе,онда ол текті бала туады деп жорыған.
18) Қасқырдың нəжісі жатқан жерге бұралқы иттер т.б. жоламайды.
19) Қасқыр еш уақытта иттің күшігін бауырына баспайды,ал ит қасқырдың күшігін бауырына баса береді.Қазақ тектілері əр түрлі жағдайларға байланысты,кейбір азаматтардың нағашысының қолында болып кейін өз жұртына келсе,итемген-сүтемген деп атаған,яғни екі киелі əруақты емген.
20) Қасқырдың асығы мен иттің асығы бір-біріне ұқсамайды.
21) Ұйыққан қасқырды қазақ атпаған,өршеленіп кетеді деп ойлаған.Жазатайым атып қалса,екеуін де атып алуға тырысқан.Өйткені біреуі аман қалса,сол күннен бастап сол ауылдың малына,жанына шабуыл жасаған.Атқан аңшының малынан бөлек бала-шағасын да қырып кетуге тырысқан.
22) Қасқырдың терісін илеп,қайнаған суға бірнеше рет салсаңыз да өзіне тəн иісін ешқашанда жоғалтпайды.
23) Қасқырды қазақ халқы ешқашанда азаптап өлтірмеген,киесінен қорыққан,құрметтеген.Егерде азаптап өлтірсе жамандыққа ұшырайды немесе ұрпағына зиян келеді деп ойлаған.
24) Өмірде қасқырдай айлакер,ұйымшыл,ақылды жыртқыш жоқ.
25) Қасқыр қыста боранды күндері 100 шақырымнан астам жортады.
26) Аңшылар қасқырды аулауға шыққанда,мылтығының ұңғысының аузын жауып қоятын болған,себебі қасқырлар неше шақырымнан болса да мылтықтың иісін сезіп қояды.
27) Қасқырдың тісі тиген,қасқыр талаған малды қайта қатарға қосылмайды деп сойып тастаған.
28) Қасқыр малдың ұлығы түйеге тиіспеген,киесін таныған.Егер де түйе шөгіп жатса,үстінен секіріп өткен.
29) Бөлтірігіне тамағын құсып берген.
30) Бір топ болып өтсе де,яғни үйір болып,бір ізбен жүрген,соқпақ жасамаған.
31) Əзірет Əлінің күші жетіге бөлінсе,қазақ халқы біреуі қасқырдан деп ұққан.
32) Қасқырдың тісі тік болмайды,айқасып қалады,тым қатты ашыққанда аузын ашып жүреді,өйткені жағы қарысып қалады.
33) Аңшылар қасқырды қуғанда бір жағынан қуған,əбден шаршағанда екінші жағынан ұрып алған,себебі қасқырдың мойыны да бұралмай қарысып қалады.
34) Қасқырдың ішігін киіп атқа жақындаса,ат үркіп,мінгізбей қояды.
35) Қасқырдың көзі өте өткір болады,түнде шамсыз да қып-қызыл болып жанады.
36) Қасқыр дыбысты 10 шақырымнан естиді,иісті түгел ажырата алады.
37) Жаны қысылғанда екі-үш метр биіктен секіріп өтіп кете береді.
38) Үйірді бастап жүретін арландары болады.
39) Сарыған,тезек тастаған жеріне 3 немесе 7,14,21 күнде əйтеуір соғады жəне ескі қораға құдық қыстауға бір соқпай кетпейді.Аңшылар осыны біліп, дəл сол жерлерге қақпан қойған.
40) Бөлтірігін туарда апанын судан қашық қылмайды,2-3 шақырымдай жерден қазады.
41) Жаңадан туғанын Соқыр,Майтабан,Қарақұлақ,Бөлтірік,Көксерек деп атайды,қатігезін Қорқау бөрі,кейде шөгел дейді.
42) Терісін сыпырып алғаннан кейін де етіне шыбын-шіркей қонбайды,құрттамайды,қатқан болып жата береді,иісін сезген бірде-бір аң маңына да жоламайды,иттер қасқырдың өлексесі бар үйдің маңынан аулақ жүреді.
43) "Қасқырдың терісін сыпырсаңда,тектілігін сыпыра алмайсың" деген ата-бабаларымыз.
44) Қорасына ала арқан керген ата-бабаларымыз,малға шаппайды деп ырымдаған.
45) Қасқыр боранды күні құтырған.
46) Қасқыр ешқашанда өлексе етті жемейді,тек балғын жас етті жеген,ұстап алған жемтігімен ыстықтай қоректенген,бір жегенде он келідей ет жеген

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста