Қанат САУДАБАЕВ, мемлекет қайраткері: Дипломатия қазақтың қанында бар

Қанат САУДАБАЕВ, мемлекет қайраткері: Дипломатия қазақтың қанында бар

Арада 30 жыл уақыт өткеннен кейін тәуелсіз Қазақстанның тарихында жасалған әр қадамның заңды, әділ болғанына қазір бәріміздің көзіміз жетіп отыр. Осы күні еске алуға оңай, алайда сол жылдары ел мен жер тағдырын, халық алдындағы жауапкершілікті мойынға алу әсте оңай шаруа емес еді. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сол бір қиын-қыстау заманда осының бәрін өз мойнына, өз жауапкершілігіне алды. Тәуелсіздігімізді жарияламай тұрғанда Мәскеумен арақатынасымыз басқаша еді. Сондай бір елең-алаң күндері Нұрсұлтан Әбішұлы мені шақырып алып, Қазақстанның өкілетті өкілі ретінде Мәскеуге жібермек ойы бар екенін айтып, ашық әңгімелесті.

Мен осы күні Елбасының көрегендігіне, стратегиялық тұрғыдағы жасаған болжамына қайран қаламын. Нұрсұлтан Әбішұлы сол кездесуде жағдайдың мәз еместігін, келешекте тіпті Кеңес Одағы болмай қалуы мүмкін екенін айтты. Мен, өзі, табиғатымнан эмоционалды адаммын, ойыма не келеді, қандай мәселе мазалайды – соны ашық, бүкпесіз айтатын әдетім бар. Ол кісіге қолымнан не келетінін, қандай шаруаға икемім барын айтып жатырмын. Кеңес Одағы бола ма, болмай ма – ол жағы әлі белгісіз. Мәскеуге барып, бәрін бүлдіріп келді деген аты жаман, бұл қызметтен бас тартатынымды жеткіздім. Осы кезде Нұрсұлтан Әбішұлы маған сенім артып отырғанын айтты, жарыммен ақылдасуымды сұрады. Мен ыңғай таныта қоймадым. Содан өзі менің жұбайыма хабарласты. Ол кісі: «Нұрсұлтан Әбішұлы, Қанат – ине, мен – жіппін», – деді. Мен не дейін, «сіз Президентсіз, егер сіз қаласаңыз, маған сенім артсаңыз көндім» дедім. Міне, осылай менің Мәскеудегі қызметім басталып та кетті. Әңгімемнің басында да айтып өттім ғой, ол кезде жағдай басқаша еді, саяси ахуал да тұрақсыз-тын. Мен Мәскеудегі ахуалды көріп шошыдым. Оның соңы Беловеж келісіміне әкелгенін білесіздер. Сол кезде де Нұрсұлтан Әбішұлы өте табандылық танытты. Қазір оқиғаға қатысы жоқ адамдар естелік айтып, мемуар жазатын болып кетті. Оның бәріне бірдей сене беруге болмайды. Сол кездегі оқиғалардың бәріне тірі куәгер – менмін.

Нұрсұлтан Әбішұлы 1991 жылы, ол кезде әлі КСРО қатарындамыз, Семей полигонын жапты. Сол тұста Кеңес Одағы қырық жыл бойы ядролық сынақ жүргізіп келген полигонды жабу екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс еді. Кеңес Одағынан бізге екі экологиялық катастрофа мұраға қалды. Оның бірі – Арал, екіншісі – осы Семей полигоны еді. Оған үшінші бір «апатты» қосыңыз. Қазақстан шикізаттың отаны болды, экономикамыздың 93 пайызы шикізат, тек 7 пайызы ғана өз мұқтажымызға жұмыс істеді. Инфляция 200 пайызға дейін өсті. Басқасын айтпағанда, осы үш «мұрамен» күресу, оларды тығырықтан алып шығу – ауызбен айтуға ғана оңай.

1992 жылы Елбасы 17 қаңтарда Ресей елімен арада еркін тауар, қызмет көрсету келісіміне қол жеткізді. Одан кейін, өздеріңіз білесіздер, біздің еліміз ядролық қарудан бас тартты. Біздің халық бейбітсүйгіш, Тұңғыш Президентіміз сол кезде де өте дұрыс шешім қабылдады, халықаралық қауымдастық бізге сенді. 2002 жылы Қытаймен, 2005 жылы Ресеймен арада шекарамызды белгілеп алдық. Ал Қазақстан елінің астанасын Ақмола жеріне көшіру туралы шешім шығарғанда, шынын айту керек, Президентке сене қойған адам болған жоқ. Сол кезде Өзбек елінің марқұм президенті Ислам Каримов Нұрсұлтан Әбішұлына: «Мұндай шешімге келіп жатқаныңызға қарағанда, сіздің жүрегіңіз аттың басындай болуы керек», – деп еді. Себебі сол тұста елдегі жағдай тым күрделі-тін. «Әлеуметтік-экономикалық ахуал асқынып тұрғанда ел астанасын қайтіп көшіреміз?» деген ой бәрімізде болды. Арада көп уақыт өтпей-ақ бұл қадамның да саяси-экономикалық жағынан стратегиялық мәні зор екеніне көзіміз жетті.

Ал 2010 жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ саммиті ше? Қазақстан бұл мақсатқа жету үшін әлемдік қауымдастықпен үш жыл бойы жұмыс жүргізді. Туған топырақта 55 елдің басшысын қабылдау қандай ғанибет десеңізші. ЕҚЫҰ саммиті Қазақстанның саяси аренадағы салмағын айқындап берді.

Қазақстанның 30 жылғы дамуы, жетістігі көз алдымызда тұр. Ол – мемлекеттің тарихы, шежіресі. Біз қолымыздан келгенін істедік. Енді сіздер, жас ғалымдар, бүгінгідей бәсекеге ден қойған заманда бізден де мықты, бізден де үздік, бізден де білімді болуларың керек. Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. Елді елдестіру – елшінің қолында. Өйткені дипломатия – қазақтың қанында бар қасиет.

«Qazaq universiteti» газеті, №39, 2021 жыл

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста