«Өзге ұлттар ешқашан «Қазақ» бола алмайды!» - заңгер

«Өзге ұлттар ешқашан «Қазақ» бола алмайды!» - заңгер

Қаны таза халық біз ғанамыз әлемде! Оны Еврей де, жапондықтар да мойындаған! Басқасы басқа, Ұлтқа тиіспеңдер!

Өзге ұлттарды құжат жүзінде «қазақтандыру» мәселесіне қатысты басталған дау әзір басылмайтын түрі бар. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Майя Бекбаева ханымның күтпеген жерден жарқ ете қалған ұсынысына белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек те өзінің көзқарасын білдірген. Заңгердің айтуынша, қалың қазағын қара орман санап, Қытай лаңынан қашып келген қандастарымызға босқын мәртебесін бере алмай отырып, өзге ұлт өкілдеріне қазақ статусын оңды-солды шашу  - шектен шыққандық, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Өзге ұлттар «Қазақ» бола алмайды!

Бір бірінің туысқандарына үйлене беретін ұлт қалайша «Қазақ» болады?! Біз өз жерімізде жүрген халықпыз! Ата- бабамыз осы Қазақ Елінің бостандығы үшін қан төккен! Кешегі 1986 жылғы жастардың өзі Қазақ ұлтын, «Қазақ» ғана басқарады» деп алаңға шықты!

Енді келіп кез келген ұлт өкіліне «Қазақ» деген статус беру ол қате пікір!

Бергіш болса Қытайдан қашып кіріп жатқан оралман қазақтарға неге бірден «азаматтық» бермейді? Босқын мәртебесін ала алмай Сайрагүл кеткен жоқ па шет ел асып?
Неге сол кезде осы еліміздегі өзге ұлттар үндемей отырды?

Ассамблея неге үн қатпады оралмандар үшін?», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Заңгердің ойынша, өзге ұлт өкілдерінің жағдайы қазаққа қарағанда көш ілгері. Сол себепті, оларды ұлт мәселесі қызықтырмайды.

«Себебін айтайын ба?

Олардың жағдайы жергілікті қазақ ұлтына қарағанда әлдеқайда жақсы! Сен тимесең, мен тиме бадырақ көз! Ең бастысы біздің жағдайымыз жақсы деген ұстанымда!

Қай өзге ұлтты көрдіңіздер бізде қайыр сұрап, алаңда билікке қарсы шығып жүрген?
Ешқайсысы! Дұрыс па?

Біздің елде өз ұлтымызды ұлтарақ қылып жібергеніміз соншалықты, енді өзгелерге «Қазақ» ұлтын сыйлай салғымыз келіп отыр!

Біз қазақ бір бірімізді аяқтан шалып, құлатуға ұстамыз, ал өзге ұлттарға келгенде бәрін береміз!
Мынаны біліп жүріңіздер!
Өзге ұлт ешқашан қазақ бола алмайды!
Ол үшін қайта туылып жеті аталарын түгелдеу керек!
Жеті атаны не үшін біліп жүрген қазақ халқы, өз қарындастарына көз жүгіртпес үшін!
Қаны таза халық біз ғанамыз әлемде!
Оны Еврей де, жапондықтар да мойындаған!
Басқа- басқа Ұлтқа тиіспеңдер!», - деп жазған жазба авторы. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста