Орыс патшасының қашқын жауынгерлері екі қазақ руының негізін қалаған – тарихшы
Тарихшы Жақсылық Сәбитовтің айтуынша, қазір тарих қайталанып жатыр. Себебі, ХІХ ғасырда Ресей әскерінен қашқан татар жауынгерлері де қазақ жеріне тұрақтаған. Тіпті олар біздегі екі рудың негізін қалыптастырыпты , - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Еліміздің батысында 1823 жылы Жәңгір хан Бөкей ордасының негізін қалады. Ол өз тобына татар жауынгерлерін қосып, оларға пана болған.
Қазақстанның батысында татар жауынгерлері Жәңгір ханға қарай қашқан. Ресей билігі оларды қайтарып бер деген талап қойған. Жәңгір хан болса "қашқындар жоқ" деп, өз әскеріне жуырда қосылғандарды қарақалпақтар деп таныстырған, - дейді Жақсылық Сәбитов.
Жәңгір хан жұбайы Фатимамен
І Николай патша еткен Жәңгір хан осылайша қашып келген сарбаздарға қара тымақ кигізіп қойған. Империя шенеуніктері оларды шынымен ажырата алмай қалыпты. Сөйтіп, Қазақстанның батысында қалпақ руы пайда болған.
"Біз олардың қанын тексердік. Расымен де татар жауынгерлерінің ұрпағы", - дейді тарихшы.
Ал еліміздің шығысында татар жауынгерлері мен татар молдалары шалақазақ деген руды қалыптастырып кеткен.
Тарихшының айтуынша, бұл ру өкілдерінің қанына жасалған талдау да осыны растаған. Бұл рудың өкілдері қазақ мәдениетін ұстанады және өздерін шалақазақ руынан шыққан қазақпыз деп таныстырады.