Ойлан қазақ, өзбектер өсіп барады!..

Ойлан қазақ, өзбектер өсіп барады!..

Ойландыратын мәселе! Қазақстандағы диаспоралар арасынан өзбек, ұйғыр, тәжік этностарында нағыз «Демографиялық дүмпу» орын алып отыр.
Оңтүстік Қазақстан Облысының Әкімдігі Статистика Департаментінің 2014 жылғы есебі бойынша өңірдегі өзбектердің саны 456 459 адамға жеткен (16,7 %).
1989-2014 жылдар аралығындағы өсім — 171417 адам болған.
(Этнический состав населения и этнокультурные объедиyения Южно-Казахстанской области Словарь-справочник Шымкент – 2015 ж.)
***
Облыстағы өзбек этносының арасында кезінде ашаршылық жылдарында немесе басқа да жағдайлармен өзбек қыстағына қоныс аударып, өзбектеніп кеткен қазақтар өте көп. 1970-80 жылдары өзбектер арасында өздерінің түбі қазақ екенін, тіпті руына дейін білетін қариялар жиі кездесетін. Бірақ, құжат ауыстырудың машақаты көп болғандықтан үнсіз төзетін.
Мәселен, өзбек болып жазылып кеткен түркстандық Кеңес Одағының Батыры Расул Есетов Ұлы Отан соғысынан кейін-ақ өз ұлтын қазақ етіп өзгертуге кіріскен. Бірақ, КСРО тұсында ол мүмкін болмады. Тек еліміз егемендік алған соң ғана Расул ақсақал құжаттарын қазақ деп өзгертуге қол жеткізді.
Өзбек халқы қазақ халқы секілді руға бөлінбейді, яғни қазақ халқындағы секілді жеті ата санау дәстүрі өзбектерде жоқ. Жақын туыстар некеге тұра береді. Соның әсерінен, өзбек отбасыларында мүгедек сәбилер жиі туылады.
Отбасындағы мүгедек сәби — трагедия.
Ол ең алдымен сәбидің анасына ауыр жүк. Осы себептерден, кейінгі кездері өзбек жастары арасында қазақтың «Жеті ата санау» дәстүріне қызығушылық байқалады.
Тағы бір атап өтетін жайт — мүгедек сәби мемлекет үшін экономикалық проблема! Мүгедек сәбиге дәрігерлік көмек, интернаттар ашу үлкен қаржыны талап етеді.
Қазір қазақ жігіттері мен өзбек қыздарының арасында аралас неке саны артты. Ендігі жерде табиғи жолмен басталған ассимиляцияны жеделдетуге болады.
Егер, мемлекет тарапынан насихат жұмыстары жүргізіліп, құжат ауыстыру жеңілдесе көптеген азаматтар өз ұлтын «қазақ» деп өзгертер еді. Сонымен қатар, өзбек мектептерінде қазақ сыныптарын ашу мәселесі де күн тәртібінен түспеуі тиіс.
Болашақта «Қарамұрт», «Сарыағаш оқиғалары» секілді келеңсіздіктер қайталанып, «Рахымжан Қошқарбаев – өзбек» деген секілді мақалалар жарияланып, проблема тудырмас үшін Қазақстанды мекендейтін диаспора өкілдерінің газет-журналдарымен қатар, тарихы туралы баяндайтын кітаптар мемлекеттік органдардың жіті бақылауында болуы тиіс.

Өмір Шыныбекұлы
ult.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста